Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpora_TTZhM (1).docx
Скачиваний:
218
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
868.07 Кб
Скачать

1) Ыдысты: тығыздалған, жәшікті, қапты, пакеттелген, контейнерлік;

2) ыдыссыз;

- ақтарма;

- құймалы;

- үйілме;

- газ тәрізді

Жүктерді ТТЖ орындау шарттары бойынша жіктеу

даралы жүктің бір жүк бірлігінің массасы бойынша:

- кәдімгі:

1) 500 кг дейін тығыздалған жүк үшін;

2) қалғандары үшін 250 кг дейін;

- ауыр салмақты:

1) 500 кг артық тығыздалған жүк үшін;

2) қалғандары үшін 250 кг артық;

- габариттен тыс ауыр салмақты жүктер (арнайы көлік құралдарында тасымалдау);

- ұсақ даралы

14. Жүктерді маркалау және кодтау

Маркалау жеке жүк бірліктерінің жүктердің сол немесе басқа партиясына қатыстылығын анықтау; тасымалдау құжаттарына жүгінбей, тағайындау пунктін және алушының атауын айқындау; жүктердің өзгеше қасиеттеріне персоналдың назарын аудару мүмкіндігін береді.

Маркалау – бұл қаптамадағы мәтін, шартты белгі және суреттер, бұл оны тасымалдау және сақтау кезінде жүкпен жұмыс істеу тәсілдері туралы ақпарат береді. Маркалау МЕСТ 14192-96 мемлекетаралық стандартына сәйкес бояумен, затбелгілер желімдеумен, биркалар бекітумен жүргізіледі және онда манипуляциялық белгілер (арнайы маркалау); негізгі, қосымша және ақпараттық жазулар (жүкті және көлікті маркалау) болады.

Тауарлық маркалау сауда ұйымдары мен сатып алушылар үшін ақпарат беруге арналған. Онда тауардың тағайындалуы, типі, сорты, артикулы, түсі, шыққан күні және басқа сипаттамалары көрсетіледі.

Көлікті маркалауда партиядағы жүк орындары-ның саны және бөлшекпен көрсетілетін олардың реттік нөмірі бар. Мәліметтер бір типті ыдыста әр текті немесе әр сортты жүктерді немесе әр типті ыдыста бір типті жүктерді тасымалдағанда, сондай-ақ жабдық кешендерін тасымалдағанда немесе ауытқитын жүктерді тасымалдағанда беріледі.

Қауіпті жүктері бар жүк орындарына қауіптілік категориясын сипаттайтын арнайы маркалау салынады.

Егер жүк орнында қауіптілік категориясы әр түрлі жүктер болса, онда қауіптілік белгілерінің сәйкес саны болмауы тиіс.

Жүк және арнайы маркалауды жүк жөнелтуші қояды.

Арнайы маркалауда (манипуляциялық белгілер) тасымалдағанда, сақтағанда және ТТЖ орындағанда жүкпен жұмыс істеу бойынша ерекше нұсқаулар жасалады. Арнайы маркалау жүкке шартты (манипуляция-лық) белгілер салумен жүзеге асырылады (сурет).

Манипуляциялық белгілерді әрбір жүк орнына салады және сол жақ жоғарғы бұрышта ыдыстың екі көршілес қабырғасында, бөшкелер мен барабандарда – түбінің біреуінде немесе ұяшықта орналастырады.

«Тіреу орны», «көтеру орны», «ауырлық центрі» белгілерін олардың нұсқайтын орны бойынша орналастырады.

Манипуляциялық белгілер:

а – морт, абай болыңыз; б – қызудан қорғаңыз; в – ылғалдан қорғаңыз; г – сәуле шығарудан қорғаңыз; д – температураны шектеу; е – тез бүлінетін жүк; ж – герметикалық қаптама; з – ілмектермен көтермеңіз; и – тіреу орны; к – мұнда арбамен көтеруге тыйым салынған; л –қаттамалауға тыйым салынған; м – ауырлық центрі; н – тропиктік қаптама; о – тікелей жүкті көтеру; п – жоғары қарай; р – осы жерден ашыңыз; с – жылу мен радиоактивті сәуле шығарудан қорғаңыз; т – домалатпаңыз; у – осы жерді қысыңыз; ф – қаттамалау шектелген

Жүкті маркалаудың негізгі жазуларында: жүк алушының толық немесе шартты атауы; қайта тиеу станциясы көрсетілген (қажет болғанда) тағайындау пунктінің атауы бар.

Жүкті маркалаудың қосымша жазуында жүк жөнелтушінің толық немесе шартты атауы; жөнелтуші пункті, станциясы және жөнелтуші темір жолының қысқартылған аты бар. Жүкті маркалауда ақпараттық жазулар болуы мүмкін: ыдысымен бірге массасы және таза салмағы, кг; габариттік өлшемдері, см; жүк орнының көлемі, м3.

а суретінде тік бұрышты контуры бар код көрсетілген (код ITF–14), ол тауар партияларын кодтау үшін пайдаланылады және кеңірдектенген қаптамаларда қолданылады.

Айналым сферасында EAN коды кеңінен қолданыс тапты, оны көпшілік тұтынатын тауарларда жиі кездестіруге болады (б суреті).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]