Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpora_TTZhM (1).docx
Скачиваний:
218
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
868.07 Кб
Скачать

52. . Астық түрдегі жүктерге арналған қоймалар

Астық қоймаларының негізгі түрлері элеваторлар,бірақ павилион тәріздес қоймалар да өз орнын табуда.

Астықтарды дайындау элеваторлары төрт түрде салынады: Л-2 х 100 (өнімділігі сағатына 100т), Л-З х 100, Л-З х 175 и Л-4 х 175 (бір бірінен сыйымдылығы мен өңдеу көлемі жағынан айырмашылығы бар).

Элеваторға астық автокөлікпен әкелінеді,олар алдын ала өлшеуден өткеннен кейін автокөліктерді түсіретін қабылдау бункерлеріне түсіріледі.Әр бункерге 50 т астық сияды.Олардың астында жалпақ конвейерлер орналасқан,олар астықты элеватор мұнарасына қарай жібереді.Ол жерде ожаулы элеваторлар астықты силос үстіндегі конвейерге және силостарға сақтауға,немесе алдынала тазалап және астық кептіретін алаңдарда кептіреді.

Астықты қоймаға салған кезде арнайы ожаулы таразылармен өлшенеді.Силостардан жүк силосасты конвейерлеріне ,ал олар жүкті үнгірлерге береді.

Астық жоғарыға көтеріліп ,өлшеніп жіберу құбырларымен вагондарға беріледі.

Диірмен элеваторларға астық әдетте теміржол бағыттарымен жеткізіледі.Вагондар темір жол бойында қатар немесе көлденең орналасқан қабылдау бункерлеріне түсіріледі.

Сондықтан вагондарды түсіру жұмыстарын мүмкіндігінше тиімді ұйымдастыру керек,ол үшін вагондар қабылдау бункерлерді босатуды күтіп қалмау керек,ал қабылдау конвейерлері және ожаулы элеваторлар бункерлерді күтіп бос жұмыс істемеуі керек.

53. Цемент және басқа да тұтқыр заттарды арту-түсіру жұмыстарын механикаландыру

Цемент гигроскопиялық материалға жатады,ылғалданған жағдайда тұтасып құрылыста қолдануға қажет емес болып қалады.

Бұл шаң тәріздес материал көлемі 0,9 дан 1,6 т/м3 және ішкі үйкесу коэффиценті 0,50...0,84.

Цемент теміржол көлігімен үйіліп арнайы вагондарда(хоппер), әмбебап жабық вагондарда,крафтқаптарда және арнайы контейнерлерде тасымалданады.Жабық вагондарда цемент,әк,минералды тыңайтқыштар табандалып қалуы мүмкун,ал су тисе қатып қалуы мүмкін,сондықтан тараларда тасымалданады..

Цистерналарды автоматты түрде толтыру үшін ТА-10 және ТА-11 пневмоарту құрылғылары қолданылады.

Олардың жұмыс істеуі келесі түрде.Қойма силосының астында орналасқан таразыға вагондарды маневрлік қондырғылар көмегімен береді.Вагон төбесіне жеңді түсіреді,ол жең цемент қоймасының силос жеңімен жалғастырылған,ол вагонның ашық люгінің контурына жапсырыла орналасуын қамтамасыз етеді.Қорап үш корабшалармен дәлденеді,олар тиеу жеңін вагон осі бойынша көлденең немесе тік қозғлтады.Қораб фланціне тиеу немесе аспирациялық жең қосылылады.

Автоцеметтасушылар цемент шығарушылардан жүк тасымалдауға қолданылады,олар авто тартқыш пен жартытіркемелі цистернадан тұрады. Цистерна ішінде екі жағында 50°бұрышпен еңістеткіштер.Цистернаның төменгі жағында еңістіктер алынып салынатын аэролотокқа тесік жасалынады.

Түсіру алаңдарында үлгілі силостық қоймалар . Цементті және басқа да шаң түрдегі материалдарды түсіру үшін соратын және соратын-шашырататын пневма түсіру материалдарын қолданады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]