Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
эконом.теория_шпоры.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
16.09.2019
Размер:
445.95 Кб
Скачать

74.Қазақстан Республикасындағы банк жүйесі

1990 ж. Қазақстан Республикасы өз егемендігін жариялағаннан бастап нарықтық қатынастардың талаптарына сай келетін меншікті банк жүйесін құруға бетбұрыс жасады.

1990 ж. желтоқсанында қабылданған “ҚазКРО-ғы банктер және банктік қызмет туралы ” алғашқы заң Қазақстандағы банктік реформаны жүргізудің бастапқы кезеңдерін қамтиды. Бұл банктік реформа Ұлттық банктің 1995 ж. арналған “Қазақстандағы банктік жүйені реформалау” бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылды. Нарық экономикасына өту жағдайында және экономикалық дағдарысты жоюда, макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізуде ҚР банк жүйесі маңызды роль атқарды.

Қазіргі таңда ҚР-ғы жұмыс жасап отарған банктік жүйенің қалыптасуын үш кезеңге бөледі:

1.Бірінші кезең. 1988 – 1991 жж. (КСРО-ның тұсында) – мемлекеттік салалық мамандандырылған банктер қызметінің бір бөлігін республикалардағы сол банктердің тиісті бөлімшелеріне беру арқылы қайта түрлендіру, алғашқы коммерциялық банктер құру,

2.Екінші кезең. 1992 ж. аяғы 1993 ж. – рубль аймағында бола отырып, ҚР Ұлттық банкінің орталық бір қатар қызметтерін орындауға біртіндеп кірісуі, коммерциялық банктердің экстенсивті түрде қалыптасуы және дамуы, ұлттық нормативтік базаның қалыптасуының бастапқы кезеңі.

3.Үшінші кезеңі. 1993 ж. қараша айынан бастап осы уақытқа дейінгі, яғни айналысқа Ұлттық валютаның енгізілуіне байланысты Ұлттық банкінің ақша-несие аясының қызмет етуіне толық жауапкершілік алу, бюджетпен банктермен қарым-қатынас орнатудың классикалық қағидадаларын енгізу, банктердің қызметін реттеу жүйесін нығайту кезеңін білдіреді [8; 22-23].

Елімізде қабылданған банктік заңдылыққа сәйкес ҚР-дағы банк жүйесі екі деңгейден тұрады:

І деңгей ҚР Ұлттық банкі – мемлекеттік орталық банкі ретінде бірінші деңгейді білдіреді.

ІІ деңгей Өзге банктердің барлығы (Мемлекеттік даму банкісінен басқасы) – екінші деңгейді сипаттайды, сондықтан да оларды іс жүзіндегі екінші деңгейдегі банктер немесе коммерциялық банктер жүйесі деп атайды [2; 4].

Банк - өзінің жарғысы бар, толық шаруашылық есеп және өзін-өзі қаржыландыру негізінде қызмет жасайтын заңды тұлға. Ол ақша қаражатын тарту, орналастыру және басқа банктік операциялар жүргізетін мекеме. Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының территориясында жинақталған несие ресурстары болып саналады. Мемлекеттік банк Республиканың меншігі және оның Орталық банкі болып саналады. Қазақстан заңдарына сай Мемлекеттік банк деп (Орталық Ұлттық банктен басқа) капиталы толығынан үкімет иелігінде, немесе акционерлік капиталдың басым бөлігі мемлекеттік құрылтайшылардың акциясы болғанда есептеледі. Коммерциялық банктер өздерінің акционерлік жиналысында қабылданған Жарғысы бойынша қызмет істейді. Сонымен бірге республика территориясында шетел мекемелерімен бірігіп құрылған коммерциялық банктер қызмет істеуі мүмкін. Егер банктің жарғылық капиталын қалыптастырғанда өзіміздің мемлекттік емес құрылым немесе шетел мемлекеттік, ия болмаса мемлекеттік емес құрылымдары қатынасса, онда аралас банктің түрлері деп есептеледі. Аралас банктер мынадай варианттарды құрылуы мүмкін: мемлекеттік – жеке, мемлекеттік – кооперативтік, жеке – кооперативтік [7; 181].

Қазақстан Республикасындағы соңғы жылдардағы банк жүйесі туралы мәліметтер мына кестеде берілген:

Осы кестеде көріп отырғанымыздай, банктеріміздің саны жылдан жылға азаюда. 90-шы жылдардың басында олардың саны 200-ден асты, сөйтіп банк жүйесін реформалау нәтижесінде олардың саны 35-ке дейін (06.2003 ж.) қысқарды. Жалпы банктер қатарына мемлекеттік банктер (мемлекеттің 100% қатысуымен құрылған) саны – 2. Қазақстанның банктік секторында шетел капиталының қатысуы кеңейе түсуде, олардың саны – 16, яғни жалпы банктер санының жартысына жуғын алады [8; 31-32].

Қорытынды

Қорыта келгенде, нарықтық экономиканың тиімді ұйымдастырылып, тиімді қызмет етуінің негізі, жалпы экономиканың басты қозғаушысы қаржы секторы болса, ал оның басты құралы банк жүйесі болып отыр. Содықтан, экономиканы реформалауда ең бірінші банктік жүйені реформалау қажет. өйткені банктік жүйе жүргізетін ақша-несие, валюталық реттеу және бақылау саясаттары арқылы экономиканы одан әрі реформалап, жан-жақты дамытуға болады.

Сонымен, банк жүйесі – нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі. Несие жүйесінің негізгі буыны – банктік жүйе болып табылады. Себебі масштабы және маңызы жөнінен несие қатынастарының басым бөлігі банктер арқылы өтеді.

Жалпы жұмыс барысында мен банк жүйесінің екі деңгейлі болып келетіндігінің тиімділігіне көзіміз жетті. Яғни бірінші деңгейдегі Ұлттық банк елдегі бірден – бір ақша эмиссиялайтын, экономиканың тиімді дамуын іске асыратын ақша-несие саясаттарын және барлық екінші деңгейдегі банктерді қадағалап отыратын «банктердің банкі» ретінде маңыздылығын түсіндім. Ал екінші деңгейдегі банктер осы Ұлттық банкпен шаруашылық салалары арасындағы қаржы делдалы қызметін атқарушы болып табылады. Сондықтан еліміздегі Ұлттық банк «банктердің банкі» атағын алып, ал коммерциялық банктер экономикалық салаларды дамытуда басты құрал болып отыр. Олар арқылы экономикада қызмет атқарушы жеке және заңды тұлғаларға несие беріліп, олар өндірісті алға жылжытады.

Ұлттық валютаның енгізілу сәтінен бастап, 1995 ж-ға дейін Орталық банктің қызметін атқару, жүйе қызметін реттеп отыратын нормативті құжаттарды қарастыру және қабылдау тұрғысындағы дәстүрлермен тәжірибесі жоқ Ұлттық банк дербес түрде ақшалай-несиелік саясат жүргізу тәжірибесін қолға алды. Бұл кезең, содай-ақ ұлттық валютаның бағаларды ырықтандыру саясатына орай шарттасылған ақша-несие құралдарының және факторлардың әрекетіне бейімделуі болатын. Сонымен бір мезгілде, 1995 ж. 15 ақпанда ҚР Президентінң қаулысымен бекітілген, 1995 ж. арналған Қазақстандағы банктік жүйені реформалаудың бірінші бағдарламасы жасалынды.

Осы жасалған бағдарламалар нәтижесінде және еліміздің қаржы саласының толық қанды дамуына байланысты ұлттық банк жүйесі қазіргі уақытта ТМД елдері бойынша ең нақты нарықты экономика негізінде қызмет етіп отырған жүйе болып отыр. Бүгінде Ұлттық банк жүргізген ақша-несие саясаты өзінің реттеу қызметтерін іске асыру құралдары мен әрекеттері бойынша әлемдік дамыған елдердің ақша-несие саясатын жүргізу стандартына өте бастады.

Бүгінгі таңда жалпы еліміздің банк жүйесі нарықтық экономика жүйелері ішіндегі ең бір дұрыс қалыптасқан жүйе және ол экономикалық өсуді қамтамасыз ететін бірден-бір құрылым десек артық болмас.