Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
эконом.теория_шпоры.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
16.09.2019
Размер:
445.95 Кб
Скачать

1. Экономикалық теорияның зерттеу пәні бойынша көзқарастар эволюциясы.

Экономикалық теорияның пәні-адамдар мен әр түрлі әлеуметтік топтар арасындағы игіліктерді өңдіру, бөлу , айырбастау ж/е тұтыну процесстерімен байланысты қалыптасатын экономикалық қатынастарды зерттеу. Нобель сыйлығының лауреаты П.Самуэльсон өзінің «Экономика» атты еңбегінде эк/қ теорияның зерттеу пәнін тұтыну және өндіру жүзеге асыру, адамдар арасындағы айырбас, ақшалай келісім-шарттардан туындайтын қызмет түрлерімен байланыстырады және эк/қ теорияның пәні өзгермейді, оны нақты деп айту қиын деген қорытынды жасайды. Ол эк/қ теорияның бірнеше анықтамаларын берді. Олар:

1) адамдар арасындағы ақшалай келісім-шарттар мен айырбасқа б/ты қызмет түрін зерттейтін ғылым;

2) әр түрлі тауарды өндіру ж/е оларды қоғам мүшелері арасында бөлу үшін қажет шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану туралы ғылым;

3) адамның күнделікті өмірде тұтыну мен өндіріс саласындағы міндеттерін жүзеге асыруды қарастыратын ғылым;

4) байлық туралы ғылым;

Эк зерттеу әдістерінің жаратылыстану ғылымдарындағы зерттеу әдісінен айырмашылықтары бар. Бірақ, барлық жағдайда да зерттеу мен білім беруде диалектикалық тәсіл қолданылады. Бұл әдістің негізін Ежелгі Гректер қаласа, оны ғылыми жүйелеген неміс философы Гегель б.т. Эк процестерді танып білудің бірнеше зерттеу әдістері бар. Олар: ғылыми абстракция, талдау және жинақтау, индукция мен дедукция, т.б. Экономисте,рдің барлығының қөзқарастарында ерте заманғы ойшылдардың қазіргі заманғы ғылымдарға дейін бір жалпы сипат байқалады: олардың көптеген мақсаттары қоғам байлығының өсуіне әкелетін тиімді шаруашылық жүргізу жолдарын зерттеу.

2. Экономикалық теорияның ғылым ретінде пайда болуы ж/е дамуы.

Эк ой-пікірлер негізін Ежелгі дүниеден бастау алады. Ежелгі Египет, Қытай, Үндістан, Грекия ойшылдары мен философтарының еңбектерінде эк жекелеген құбылыстары мен процестері қарастырылған. Эк теория қолданбалы ғылым болып шаруашылық жүргізуде құл иемдену құрылыста п.б. Эк теория ғылым болып 16-17ғғ ғана қалыптасты. Алғаш бұл теория саяси экономия деген атқа ие болды – қоғамдық шаруашылықтың заңдары туралы ғылым. 17ғ басында саяси экономия дербес ғылымға айналды. Алғаш рет өз алдына қалыптасқан эк ой-пікір – меркантелизм д.а. Осы мектептің белгілі өкілі Томас Ман ж/е т.б. Эк ғылымның дамуындағы келесі кезең - физиократтар ілімі. Бұл бағыттың негізін қалаушы Франсуа Кене, олар қоғамдық байлықтың көзі өндірісте екенін дәлелдейді. Ал өндірісте, олардың тұжырымы бойынша, бір ғана сала болады: ауыл шаруашылығы. Өндірісті зерттеуге бет бұру ғылыми саяси экономияның жарыққа келуіне жол ашты. Бұның өкілдері: У.Петти, А.Смит, Д.Рикардо ұлттық байлық материалдық өндірістің барлық саласында жасалынатынын дәлелдеді. Олардың басты табысы – еңбек-құн теориясының негізі қаланды. Бұл теорины Маркстік саяси экономия ілгері дамытып, қосымша құн туралы ілімді талдады. 19ғ соңы – 20ғ басында бірнеше эк мектептер қалыптасты. Маржинализм мектебінің ортаға салған мәселесі шаруашылық қатынастарға тартылған жеке адамның іс-әрекетін субъективті-психологиялық тұрғыдан эк талдау. Өкілдері: К.Менгер, Э.Бем-Баверк, В.Визер. Келесі жаңа бағыт – неоклассикалық бағыт, негізін қалаушы – А.Маршал. Эк ғылымын математикалық әдіс-тәсілдер арқылы зерттеуге негізделген мектеп п.б., негізін салушылар – М.Вальрас, В.Парето, У.Джевонс. Өздерінің бүкіл шығармашылық өмірінде экономиканы реттеуге мемлекеттің араласуына қарсы пікірді ұстанған А.Хайек, Л.Мизес сияқты ғалымдар. 20ғ басында Батыс елдерінде кең тараған дағдарыстық құбылыстың жиі қайталануы рыноктық механизм арқылы эк-ны дағдарыс жағдайынан алып шығудың мүмкін еместігін дәлелдеді. Осы кезеңнен бастап эк-ны қалпына келтіру мақсатында көптеген бағыттар өз зерттеулерін ұсынды. Солардың бірі кейнстік бағыт. Оның негізін қалаған – Д.М.Кейнс. Ол эк-ны дағдарысты жағдайдан шығару үшін макроэкономикалық құралдарды, тиімді сұраныс қағидасын пайдаланып, жұмыссыздық деңгейін төмендету шараларын ұсынады.