Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
эконом.теория_шпоры.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
16.09.2019
Размер:
445.95 Кб
Скачать

60. Ұдайы өндіріс теориясы.Ұдайы өндіріс типтері.

Өндіріске макроэк\қ талдау жасағанда, оның даму болашағына байланысты, ұлттық өнімнің ұдайы өндірістік ж\е салалық құрылымына назар аударған жөн болады. Қоғамдық өнімнің атқаратын қызметтеріне сәйкес оның құрамды бөлшектерге бөлінуін көрсететін құрылымды, ұдайы өндірісітік құрылым д.а. Қоғамдық өнімнің ұдайы өндірістік құрылымына тұңғыш дәлелді талдау жүргізген К.Маркс. Ол мынадай негізгі ұдайы өндірістік пропорцияларды атап өткен: 1.өндірілген жалпы қоғамдық өнімнің натуралдық заттық құрамын сипаттайтын, өндірістік құрал жабдықтар өндірісінің көлемі мен тұтыну заттары өндірісі көлемінің арасындағы пропорциялар; 2.өндірістік ұлттық табыстың еңбек пен капитал арасындағы бөлінуінің құрылымын көрсететін, қажетті ж\е қосымша өнім арасындағы пропорциялар;3.жалпы қорланудың бөліну құрылымын көрсететін, өтеу қоры мен қорлану қорының арасындағы пропорциялар;4.ағымды қажетті қанағаттандыру үшін ж\е болашақ қажеттерді қанағаттандыру үшін тағайындалған, әр бөлшектердің атқаратын қызметінің рөліне сәйкес, ұлттық табыстың бөліну құрылымын көрсететін, пайдаланған ұлттық табыстың қорлану қоры мен тұтыну қорының арасындағы пропорциялар. Өндірістің салалық құрылымы, өндірісітік ресурстардың іс әрекеттерінің негізгі түрлеріне сәйкес қалыптасқан бөліну жүйесін ж\е жеке салалардың жалпы ұлттық өндірістегі үлесін сипаттайды. Өндірістің тиімді салалық ж\е ұдайы өндірістік құрылымын қалыптастыру-эк\қ өте маңызды мәселесі б.т. Нақты қалыптасқан құрылымның тиімділік дәрежесі көп жағдайлармен, атап айтқанда, өндірісітің монополиялану дәрежесімен ж\е қоғамдық еңбек бөлінісінің дәрежесімен, ұлттық эк\ң бүкіл әлемдік байланыстар жүйесімен ұштасуымен, ғылыми тех\қ прогрестің жетістіктеріне кәсіпорындардың икемді болуымен, мемлекеттік құрылымдық саясатпен, т.б. байланысты боалыд.

Ұдайы өндіріс-бұл өндіріс процесінің қайталануы. Ұдайы өндірістің жай және ұлғаймалы түрлері бар. Жай ұдайы өндіріс-бұл өндіріс процесінің бұрынғы ауқымында қайталануы. Ал,ұлғаймалы ұдайы өндіріс-ұлғаймалы мөлшерде өндірістің жаңартылып отыруы. Қоғамдық өнімнің барлық өтетін төот сатысы немесе кезеңдері өзара тығыз байланысады және қоғамдық өндірісті құрайды. Қоғамдық өндірістің әрекет етуінің маңызды көрсеткіші оның тиімділігі. Бұл көрсеткіш өндіріс нәтижелерінің оның шығындарына қатынасымен анықталады.

61. Макроэкономикалық талдаудың ерекшеліктері

Макроэк/ка эк/ны бір үлкен бүтін құбылыс ретінде қарастыратын ғылым. Макроэк/ка теориясының негізі ретінде микроэк/ка теориясы пайдаланады. Микроталдауда тұтынушылардың табысы тек берілген өлшем ретінде қарастырылады да, негізгі назар үй шаруашылықтарының шығындары әртүрлі тауарлар мен қызметтер арасында бөлінуіне аударылады. Ал макроталдауда, керісінше, басты назар жиынтық табыс, жиынтық шығын, қолда бар табыс, тұтыну ж/е т.с.с. ірі, бөлшектелмеген көрсеткіштерге аударылады. Пайыздың нарықтық мөлшерлемесі, инфляция, жұмыссыздық сияқты макроэк/қ факторлар үй шаруаш/ры мен фирмалардың қор жинау, инвестиция, тұтыну шығындары секілді қабылдайтын шешімдеріне әсерін тигізеді де, ал олар өз кезегінде жиынтық сұраныстың көлемі мен құрылымын анықтайды. Микро ж/е макроэк/қ үрдістер өзара тығыз байл/ты. Макроэк/қ талдауды 3 кезеңге бөледі:

І кезеңде фирмалар мен үй шар/ң шешім қабылдауын зерттеушілер теория деңгейінде қарастырады. Содан соң микроэк/қ құралдарды пайдаланып, фирмаларды әртүрлі эк/қ жағдайларға байл/ты қарастырады.

ІІ кезеңде фирмалар мен үй шар/ң жиынтық шешімдерін қарастыра отырып, жалпы эк/қ беталыстар талдауға түседі. Бұл кезеңде агрегатталған, іріленген шамалар қолданылады. М, бір ғана фирманың өнімі емес, ЖҰӨ; жеке банктің пайыз мөлшерлемесі емес, нарықтық пайыз мөлшерлемесі.

ІІІ кезеңде макроэк/қ ақпаратты талдау ж/е жинау арқылы теорияның нақты мағынасы қарастырылады. Макроэк/ка – макроэк/қ теория мен агрегатталған ақпараттардың ортасындағы байл/ты нысандық тәсілмен зерттеуді қарастыратын ерекше ғылым.

Макроэк/қ талдау ж/е саясат тығыз байланысты. Өйткені үкіметтің қолында экзогенді айнымалылар (алғашқы, «сырттан» ендірілетін ақпараттар) бірқатары бар. Егер макроэк/ка жеке оқиғалардың экзогенді оқиғалармен н/се саяси шешімдермен байланыстарын қарастырса, онда ол позитивті эк/қ талдау болады. Позитивті талдауда эк/қ саясаттағы, эк/қ шарттардағы өзгерістерді өндіріс, сауда-саттық, баға сияқты факторлардың өзгеруімен түсіндіруге тырысады. Осы позитивті эк/ка арқылы экономист «егер ... болса, онда ... болады» деген секілді тұжырымдар жасайды. Содан кейін бұл тұжырымдар фактілермен ж/е сандармен салыстырылу арқылы расталуы н/се жоққа шығарылуы мүмкін. Позитивті талдау нақты фактілермен, сандармен, тәуелділіктермен жұмыс жасайды ж/е қорытындының жақсы-жамандығына баға бермейді.

Талдаудан шыққан балама қорытындылардың қайсысы салыстырмалы түрде бағалырақ екенін білу үшін нормативті эк/қ талдауды пайдаланады. Нормативті тұжырымдар тек кеңес береді. Бұл тұжырымдар көбінесе мынадай түрде болады: «мынадай шараларды жүзеге асырған дұрыс», «осындай саясатты жүргізу оңды болады». Жалпы нормативті талдауды нақты эк/қ шарттардың, эк/қ саясаттың жақсы не жаман екендігі туралы қорытынды шығаратын эк/қ талдау деп айтсақ та болады.