Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
эконом.теория_шпоры.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
16.09.2019
Размер:
445.95 Кб
Скачать

47.Монополия және бәсеке. Монополияның пайда болу себептері.

   Берілген тауарды өндіретін тек бір ғана жеке фирма бар және осы тауарды ауыстыратын басқа тауарлар жоқ деп ұйғарсақ, онда мұндай нарық — монополия деп аталады, ал фирма — монополист деп аталады. Бәсекелесу деген сөздің өзі экономикалық пайданы бөлу және тұтынушының тандауының бар екендігін көрсетеді. Дәл осы себептен де өндірушілер тұтынушының сұранысын арттыру үшін әрекеттер жасайды. Ал монополия жағдайында тұтынушының алдында бір ғана ірі өндіруші тұрады.

Монополия бір жағынан бәсекенің, ал екінші жағынан мемлекеттің экономикалық жүйеге араласу нәтижесі болып табылады. Бәсекенің ерекшелігі, өндірушілердің  бәсекелік артықшылықтары тұрақты және ұзақмерзімді сипатқа ие болу жағдайында ол өзіне қарама – қарсы монополияға үдемелі түрде ұласады. Өз кезегінде  мемлекет әрекеттерімен пайда болған монополиялар ұлттық шаруашылықтың көптеген салаларын қамтып қана қоймай, сонымен бірге жалпы қоғам өмірінің экономикалық, саяси және әлеуметтік сферасына белсенді әсер етеді.

Еркін бәсекелестік жағдайда ұсыныс пен сұраныстың ауытқуы бір салада өнімді көп шығарып дағдарысқа ұшыраса, екінші салада тауар жетіспейді. Бір фирманың табысы өссе, екіншісі күйрейді, сондықтан өндіріс пен капитал шоғырланып орталықтанады, ол монополия құрылуына әкеледі. Яғни нарықты басып алады, әлсізді шығарады. Монополия деген сөздің мағынасы: моно – жалғыз, полия – сату.

Монополия типтерінің ішіндегі негізгілерінің біріне табиғи монополия жатады, менің пікірімше  табиғи монополия  бір кәсіпорында белгілі – бір өнімнің өндірісінің шоғырлануының алдын – алуға бағытталған шаралар жүйесі экономикалық мақсатқа сай болмаған жағдайда пайда болады. Табиғи монополия өнім шығарылымы көлемінің өзгерісі жағдайында өндіріс құралдары көлемі өсуімен шығындар төмендеген жағдайда туындайды.

Нарықты монополиялаудың негізгі себептеріне байланысты монополияның төмендегідей түрлері болады:

1) Жабық монополия. Ол бәсекелестіктен заңды шектеулер көмегімен қорғалған кезде пайда болады.

2) Табиғи монополия. Белгілі бір көлемдегі өнімді бір фирмада өндіру, оны екі немесе одан да көп фирмаларда өндіргеннен арзанға түсетін өндіріс саласы. Яғни, шығындарды азайту мақсатында монополия пайда болады.

3) Ашық монополия. Берілген тауарды өндіретін тек қана бір фирма болып және оның бәсекелестіктен ешқандай арнайы қорғанышы жоқ болатын жағдай.

48.Жетілмеген бәсеке жағдайындағы рыноктық құрылымның типтері.

Жетілмеген бәсеке үш типке бөлінеді: монополиялық бөсеке, олигополия, таза монополия.

Монополиялық бәсеке кезінде рынокта сатушылар мен сатып алушылардың саны бірнешеу болады. Бірақ жаңа құбылыс пайда болады - өнімнің дифференциациясы, яғни өнімнің даярлығы оны басқа бәсекелестің ұқсас тауарларынан айырып тұратын қасиетінің болуы. Ондай қасиеттер: өнімнің жоғарғы сапасы, өдемі орамы, сатудағы жақсы шарттар, дүкеннің жағымды орынға орналасуы, жоғары деңгейдегі сервис және т.б. болып табылады.

Осындай артықшылықтарға ие бола отырып, дифференциалданған өнімнің иесі белгілі бір деңгейде монополист болады және бағаға әсер ету мүмкіндігіне ие. Бірақ, әрбір сатушының сату көлемі жоғары болмағандықтан, бірде монополист - фирмалар көп болады да, олардың әрбіреуі рыноктық бағаны шектелген түрде бақылай алады - бұл монополиялық бәсекенің ерекше белгісін көрсетеді.

Олигополиялық бәсеке дегеніміз бірнеше фирма үстемдік ететін рынок (грек. oligos -аздаған, polio - сату). Оған біртекті немесе әр түрлі өнімді сипаттама тән, ал басты белгісі - баға лидердің принципі бойынша бекітіледі. Бұл принцип көптеген фирмалардың бағаны осы рыноктағы мықты фирманың бағасы сияқты қоюға ұмтылатынын білдіреді.

Олигополияға қарама-қайшы құбылыс болып олигопсония табылады. Ол рынокта бірнеше сатушы емес, сатып алушылардың қызмет етуін қарастырды, яғни тұтынушылар рыногі монополиясы белең алады.

Таза монополия рынокта ешкандайсыз бәсекелестерсіз бір ғана сатушы болған кезде пайда болады. Оның ерекшелігі, сатушы өз бағасын өте кең шектікте ауыстыра алады, ал максималды жоғары баға тек төлем қабілетін сұраныспен шектеледі. Кейбір жағдайда рынокта тек бір ғана сатып алушы болады. Ол монопсония деп аталады (жалғыз сатып аламын). Осылардың арасынан мен монополиялық бәсекеге тоқталып өткім келді.