Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
эконом.теория_шпоры.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
16.09.2019
Размер:
445.95 Кб
Скачать

54. Шығындар түрлері және олардың жіктелуі.

Өндіріс шығындары-тауар өндіру н/е қызмет көрсету процесінде қолданылатын эк/қ ресурстарды сатып алуға жұмсалатын шығындар. Өндіріс шығындары жіктеудің бірнеше тәсілдері бар: 1-ден, әлеу-к-эк-қ тұрғыдан қарастырғанда шығындар қоғамдық ж/е кәсіпорын шығындары боп бөлінеді. Қоғамдық тұрғыдан шығындарға дайын өнім құнына көшкен жанды еңбек ж/е заттанған еңбек шығындары жатады. Кәсіпорынның өндіріс шығындары ұдайы өндіріс процесінің нәтижесі б.т. Бұл өндірісте тұтынылған құрал-жабдықтар мен жалақы төлемдеріне жұмсалған ақшалай шығндарды көрсетеді. 2-ден, өндіріс шығындары эк/қ ж/е бухгалтерлік боп бөлінеді. Бухгалтерлік шығындарға өнімнің белгілі мөлшерін өндіруге нақты жұмсалған өндіріс факторларының шығындары жатады. Бұл жағдайда факторлар сатып алынған бағамен бағаланады. Кәсіпорын шығындары бухгалтерлік ж/е статистикалық есеп беруде өнімнің өзіндік құны түрінде көрсетіледі. Өндіріс шығындарының эк/қ түсінігі ресурстардың эк/қ шығыны оларды өте қолайлы пайдаланып өндірген құнға тең болады. Шығындар уақыт мерзіміне байланысты ұзақ ж/е қысқа мерзімді болып бөлінеді. Ұзақ мерзімді кезеңде өндіріс факторларының барлығы өзгермелі яғни кәсіпкер үшін оның көлемін өзгертуге уақыт жеткілікті болады. Сондықтан ұзақ мерзімді кезеңде шығындардың барлығы өзгермелі болады. Қысқы мерзімді кезең деп өндіріс факторларының кем дегенде біреуі тұрақты болатын, фирмалар саланы не тастап кете алмайтын, не салаға кіре алмайтын кезең атайды. Қысқа мерзімде шығындар тұрақты ж/е өзгермелі болып бөлінеді.Тұрақты шығындар(FC)-бұл өндіріс ж/е өткізу көлеміне тәуелсіз болатын шығындар, оған әкімшілік басқару шығындары, ғимараттар мен құрал-жабдықтарға кеткен шығындар, арендалық төлемдер, сақтандыру жарналары, несие пайыздары ж/е т.б. кіреді. Өзгермелі шығындар(VC)-өндіріс көлеміне тікелей байланысты өзгереді. Оған жұмыс күшін, шикізаттар, материалдар, отын, энергия сатып алуға жұмсалатын шығындар жатады. Тұрақты ж/е өзгермелі шығындардың жиынтығы жалпы шығындарды (TC) құрайды: TC=FC+VC. Өнім бірлігін шығаруға жұмсалғаншығын орташа шығынATCд.а.Бұл жалпы шығындардың өндірілген өнім көлеміне қатынасы арқылы анықталады:ATC=TC/Q Шығындардың бұл түрінің рыноктық тепе-теңдікті түсіну үшін ерекше маңызы бар, өйткені кәсіпкер оларды барынша азайтуға тырысады. Сәйкесінше орташа тұрақты ж/е өзгермелі шығындар есептеледі: AFC=FC/Q;AVC=VC/Q;ATC=AFC+AVC. Фирманың іс-әрекетін түсіну үшін шекті шығындарMC, яғни өнімнің қосымша бірлігін өндіруге қажетті қосымша шығын категориясын қарастыру қажет. Ол мына формуламен есептеледі: MC=∆TC/∆Q.

55. Пайда теориясы және оның түрлері

Рыноктық экономикада пайданың алатын маңызы зор. Ол фирманың экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етеді, оның қаржылық тәуелсіздігіне кепілдік береді. Пайда рыноктық экономикада қалай және канша өндіру керектігін анықтайды. Сондықтан, әрбір өндірушіні қанша тауар өндіргенде және оны қандай бағамен сатқанда жоғары пайда алуға болатындығы туралы мәселе қызықтырады. Пайда теориясы классикалық мектептің пайда болу кезеңінен бастап барлық экономистердің еңбектерінде жазылған.Меркан-тилистердің ең алғаш пайда туралы білдірген пікірі бойынша пайда айналыс сферасында, сыртқы саудада өнімдерді жоғары бағамен сату нәтижесінде қалыптасады. Физиократтар пайданы тек ауыл шаруашылығында болады деп есептесе, А. Смит пен Д. Рикардо қосымша құн материалдық өндіріс саласында қалыптасатындығын дәлелдеді.К. Маркс пайданы қосымша құнның өзгерген түрі деп, ал қосымша құнның шығу көзі жалдамалы жұмысшының еңбегі деп есептеді. Ол қосымша қүнның пайдаға айналу шарттарын және орташа пайданы зерттеді.

Рыноктық экономикада кез келген фирма жалпы табыс пен жалпы шығын арасындағы айырманы, яғни пайданы жоғарылатуға тырысады. Алайда әрбір қосымша өнім бірлігін шығару жалпы шығынды да көбейтетіндігін ескеру қажет.

Егер фирма өнім көлемін ұлғайтатын болса, шекті табыс шекті шығынға теңескенге дейін жалпы пайда жоғарылайды. Шекті шығын шекті табыстан арта бастағанда пайда төмендейді. Пайданы максималдаудың шарты шекті табыс шекті шығынға тең болуы тиіс:

MR=МС

Жетілген бәсеке және таза монополия жағдайында пайданы максималдайтын фирмалардың іс-әрекетін салыстырайық. Бұл фирмалар іс-әрекеттерінің ерекшелігі сұраныс қызметінің, сәйкесінше табыстың әртүрлі болуына байланысты.

Жетілтен бәсеке жағдайында фирма рыноктык бағаға әсер ете алмайды. Өнімнің кез келген көлемі бірдей бағамен сатылады. Орташа табыс көлемі де өзгермейді және сол бағаға тең болады. Тауардың әрбір келесі бірлігі алдыңғысының бағасымен сатылады. Бұл жағдайда баға Р орташа табыс пен шекті шығынға тең болады. Фирма шекті табыс MR және шекті шығынға МС тең болған жағдайда, пайданы максималдайды.

Шекті шығын төмендеп, сәйкесінше пайда жоғарылай бастаған кезде фирма өнім көлемін көбейтеді. Бұл жағдай пайданы максималдаудың екінші шарты болып табылады, Жоғары пайда теріс шама болмауы тиіс, өйтпеген жағдайда (баға орташа шығыннан томен болса) фирма тауар өндірмейді.

Алайда, егер баға орташа айнымалы шығыннан AVC жогары, орташа шығыннан АС томен болса да өнім өндіре береді. Фирма өзінің түрақты шығындарын (қысқа мерзімді кезеңде) төмендете алмайды және табыс, ең болмаса, айнымалы шығындарды жабатын болса, өндірісті тоқтатпайды. Сонымен қатар, түрақты шығындарды жабуға қажетті қаражатпен қамтамасыз етеді.

Ал ұзақ мерзімді кезеңде мүндай жағдайдың болуы мүмкін емес. Кейбір фирмалар саланы тастап кетеді, сондықтан салада қалған фирмалардың тауарларына сүраныс бағасы жоғарылайды. Бүл процесс салада қалған фирмалар орташа шығынын баға өтей алмайтын жағдайға жеткенге дейін жалғаса береді. Егер фирмалардың саладан кетуі жалғаса беретін болса, бағаның орташа шығыннан артық өсуіне алып келеді, салада қалған фирмалар экономикалық пайда алады, бүл салаға жаңа фирмаларды тартады. Салаға жаңа фирмалардың енуі сүранысты үлғайтады және тауар бағасын төмендетеді, фирма пайдасы азаяды. Баға орташа шығындарды жабатын кезде Р=АС салаға жаңа фирмалардың ену процесі тоқтайды. ¥зақ мерзімді кезеңде жетілген бэсеке жағдайында фирмалардың салаға енуі жэне шығуы бағаның орташа шығынға теңесуімен анықталады (нөлдік, таза экономикалық пайда гипотезасы) яғни,

P=MR=MC=AC.

Таза монополия жағдайында монополист негүрлым көп өнім өндірсе, өткізу бағасы соғүрлым томен болады. Бүл жағдайда шекті табыс эрқашан орташа табыстан томен болады. Монополия жағдайында орташа шекті табыс қисығы сәйкес келмейді, өйткені MR<AR. Монополист шекті табыс шекті шығынға тең болғанда MR=MC пайдасын максималдайды, бірақ жетілген бәсеке жағдайында әрекет ететін фирмадан айырмашылығы шекті шығын бағадан томен МС < Р болады.

Алайда жетілген бәсекелі салалардың нөлдік пайда гипотезасы монополист үшін жарамайды. Салаға жаңа фирмалардың енуіне тосқауылдар болатындықтан, монополист қысқа және үзақ мерзімде үстеме пайда алады. Пайданың қалыптасуының басты себебі - монополист-өндіруші жетілген бәсеке жағдайына қарағанда өнімді азайтып және тауарды жоғары бағамен сата алады.

Жоғарыдағы түжырымдарды талдай отырып, мынадай қорытынды шыгаруга болады: біріншіден, жетілген бәсеке жагдайында пайданы максималдайтын фирма тек бір айныма-лыны - өнім көлемін бақылай алады. Екіншіден, таза монополия жагдайында пайданы жоғарылататын фирма бір мезетте екі айнымалыны: өнім көлемі мен пайданы анықтайды. Монополист фирма аз өнім өндіріп, жогары багамен сата алады және өндіріс масштабының үлғаюы есебінен шығындарды азайтып, баганы төмендете алады.