Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тезисы лекции.doc
Скачиваний:
40
Добавлен:
05.11.2018
Размер:
348.67 Кб
Скачать

Жаңа заман дәуіріндегі нидерландтар (Голландия) философиясы.

XVI-XVII ғ.ғ. Голландия дамыған, алдынғы қатарлы ел болды. Оның алғы шарттары, себептері:

  • сауда мен кәсіпкерліктегі Нидерландықтардың жетістігі (жаңа техникалық құралдарды қолдану, суда жүзу, коммуникация және т.б.);

  • өзге Еуропалық елдерге қарағанда буржуазиялық қоғами - экономикалық қатынастардың ерте басталып, қалыптасуы;

  • Еуропадағы ең алғашқы буржуазиялық - демократиялық революцияның болуы;

  • халықтың сауаттылық деңгейінің жоғары болуы, кітап басудың дамуы, гуманизм идеясының кең тарауы.

Қайта өркендеу және Жаңа Заман дәуіріндегі атақты Голландия философтары- Э. Роттердамский, Г.Гроций, Б. Спиноза.

Дезидерий Эразм Роттердамский (1469-1536)- философ, діндар, гуманист, "Солтүстік Қайта Өрлеу" өкілі. Ең атақты философиялық шығармасы "Ақымақтықты мадақтау". Эразм философиясының негізгі қағидалары:

  • ортағасырлық схоластиканы сынау, келеке ету;

  • ерте христиандықты мадақтау ("ерте христиандық ренессансқа" оралу, католицизм идеясын қабылдамау);

  • моральдік іс-әрекетке шақыру ("Ғайса философиясын"сақтау);

  • идеалды мемлекет деп күшті, бірақ гуманистік монархияны ұғыну;

  • дүние екіұдайлы (диалектикалық) -қарама-қарсы құбылыстар, процестер өзара байланысты, бүтіннің әртүрлі жақтары болады;

  • дау, жанжал, эксцесс, аффект, экзальтациядан ада болу керек.

Адам мәселесін зерттей келе Эразм оның жақсы және нашар қасиеттерін көрсеттіп берді. Жақсы қасиеттер:

  • еркіндік, бейбітшілік, ұстамдылық, қарапайымдылық, сауаттылық;

Нашар қасиеттер:

  • фанатизм, надандық, зорлық, екіжүзділік, шектен асқан интеллектуалды шытырмандық ("схоластиканы" терістеу, сынау).

Гуго Гроций (1583-1645) - философ, заңгер, қоғам қайраткері, Голландиялық әлеуметтік - саяси және құқық философиясының көрнекті өкілі.

Гуго философиясының негізгі мәселелері:

  • гносеология, таным мәселесі;

  • мемлекет пен құқық мәселесі;

  • соғыс пен бейбітшілік мәселесі;

  • халықаралық қатынастар мәселесі.

Гроций табиғи құқық теориясының негізін қалаушыларның бірі, оның идеялары:

  • құқықты Құдай бермеген;

  • құқық бастапқыдан адамда бітімделген;

  • барлық берілген құқықты екі үлкен тарауға бөліп қарастырды- табиғи құқық және жазылған (позитивтік) құқық;

  • табиғи құқық - адам табиғаты, болмысымен бітімделген (өмір сүру құқы, еркіндікке құқық, әділеттілік және т.б.) құқық, ол заңда жазылса да, жазылмаса да мүлтіксіз орындалуы керек;

  • позитивтік (жазылған) құқық-ресми құжаттарда, заңдарда жазылған, адам жасайтын тәртіп нормалары;

  • ресми (жазылған, позитивтік) құқық табиғи құқыққа негізделіп, оған кереғар болмауы керек.

Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: Рационализм, эмпиризм, субстанция, монодология, таза тақта, индуктивтік-эмпириялық әдіс, дедуктивтік-рационалдық әдіс т.б.

Дәріс №7.

XIX ғ. Неміс классикалық философиясы - әлемдік философияның көрінісі ретінде.

Мақсаты мен міндеттері: Неміс классикалық философиясының логикасы және оның қоғамның рухани қалыптасуындағы маңызын қарастыру.

Жоспар:

1. И.Кант философиясы – неміс классикалық философиясының негізін салушы.

2. Гегельдің философиялық жүйесі және методы.

3. Л. Фейербахтың антропологиялық материализмі.

Әдебиеттер тізімі: