Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тезисы лекции.doc
Скачиваний:
40
Добавлен:
05.11.2018
Размер:
348.67 Кб
Скачать

1. Иманқұл н.Н. Философия әлемінде: болмысы және тарихы. Алматы,2006ж.

2. Иманқұл н.Н., Бөрібаев т.Қ. Іліми философия. Астана, 2009ж

3. Абдильдин Ж.М. Диалектика Канта. А., 1974.

4. Нарский И.С. Западноевропейская философия XIX в. М., 1976.

5. Гулыга А.В. Немецкая классическая философия. М., 1986.

6. Кузнецов В.Н. Немецкая классическая философия второй половины XVIII-XIX в.в.М., 1989.

Дәрістің қысқаша мазмұныұны:

Дәрістң қысықаша мазм

XIXғ. неміс философиясы-әлем философиясы тарихындағы тендесі жоқ құбылыс болды. Оның кейбір маңызды ерекшеліктері:

  • адамзаттың ғасырлар бойы сақтап келген ойлау бітімі мәселелерін терең зерттеп, болашақтағы философияның даму бағытын анықтады;

  • сол кезеңдегі белгілі барлық философиялық идеяларды зерделеп дүниеге жаңа көзқарас, тарихилық пен логикалықтың бірлігі диалектикасын қалыптастырды;

  • әлемдік философияның, "алтын қорына" ондаған данышпан көрнекті философтарды (Гегель, Кант, Маркс, Ницше және т.б.) қосты.

XIXғ. неміс философиясындағы негізгі бағыттар:

  • неміс классикалық философиясы (XIXғ. бірінші жартысы);

  • материализм (XIXғ. ортасы және екінші жартысы);

  • иррационализм, "өмір философиясы" (XIXғ. екінші жартысы, соңы).

§1. "Классикалық неміс философиясы" терминін Ф. Энгельс айналымға енгізді. Бұл заңғар философия XVIIIғ. аяғы-XIXғ. бірінші жартысында (30-шы жылдар) кең тарады. Капиталистік өндіріс әдісі дамыған Еуропа елдерінің ішінде Алмания экономикалық тұрғыда мешеу қалған ел еді. Бірақ осыған қарамай немістерде рухани төңкеріс болды. Осы жағдайды сипаттай келе К.Маркс:"Француз буржуазиялық революциясының немістік теориясы болды" деген баға берді.

Неміс классикалық философиясының маңызы:

  • диалектикалық дәстүрді жаңғыртып, дүниеге диалектикалық логика ілімін әкелді;

  • философияның логикалық-теориялық аппаратын мейлінше дамытты;

  • философияның дәстүрлі мәселелерін (болмыс, ойлау, таным және т.б.) зерттеуді адам болмысын зерттеуге аударды;

  • субъективтік және трансценденталдық идеализмнен объективтік идеализмге өту;

  • философияны ғылыми білімдер жүйесі ретінде ұғынды;

  • тарихилық принципті негізге алды;

  • тарихты, қоғам дамуын философиялық мәселе тұрғысында қарастырды.

КНФ-да үш басты философиялық бағыт болды:

  • объективтік идеализм (Кант, Шеллинг, Гегель);

  • субъективтік идеализм (Фихте, Кант);

  • материализм (Фейербех).

НКФ негізін қалаған Иммануил Кант (1724-1804) болды:

    • Күн жүйесінің кеңістікте жай бөлшектердің құйынды айналуы нәтижесінде Ньютон физикасының заңдылықтарына сай табиғи себептерден пайда болғанын түсіндірді;

    • адам баласының танымдық қабілетінің шекарасы барлығы туралы және қоршаған дүние ("өзіндік зат") мен құбылыстардың ішкі мәнін тануға болмайтыны туралы теорияны ашты.

    • категориялар туралы ілімді, яғни диалектикада негіз құрайтын, мейлінше жалпы ұғымдарды қарастырды;

    • моральдік заңды ("категориялық императив") тұжырымдады;

    • болашақта "мәңгі бейбітшілік болатыны" туралы идеяны, яғни соғыстың экономикалық жағынан тиімсіздігі және оған құқықтық тыйым салынатынын болжады.

Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: Өзіндік зат, категориялық императив, Мен және мен емес, аналитикалық пікірлер, синтетикалық пікірлер, Рух феноменологиясы, панлогизм, тезис антитезиз синтез, антропологиялық материализм т.б.

Дәріс№ 8.