Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тезисы лекции.doc
Скачиваний:
40
Добавлен:
05.11.2018
Размер:
348.67 Кб
Скачать

§2. Сократқа дейінгі кезеңге мыналар жатады:

  • милет мектебі-"физиктер" (Фалес, Анаксимандр, Анаксимен );

  • Гераклит Эфесстік;

  • элей (элеат) мектебі;

  • атомистер (Демокрит, Левкипп);

  • өзге де философтар.

"Сократқа дейінгілердің" айналысқан мәселелері: табиғат құбылыстарын, Ғарыш мәнін, қоршаған дүниені түсіну, алғашқы бастама, түпнегізді іздеу.

Классикалық (сократтық) кезең- Ежелгі Грек философиясының шарықтап дамыған кезі (Ежелгі грек полисінің гүлдену кезеңі).

Бұл кезеңнің ерекшелігі:

  • софистердің философиялық- ағартушылық қызметі;

  • Сократ философиясы,

  • "сократтық" мектептердің пайда болуы;

  • Платон философиясы;

  • Аристотель философиясы.

Сократтық (классикалық) кезең философтары да табиғат пен Ғарыш мәнін түсінуге ұмтылды, алайда олар философиямен "сократқа дейінгілерден" тереңірек айналысты:

  • алғашқы бастаманы іздеуге көп көңіл бөлмеді;

  • табиғат пен Ғарышты жаратуда, Құдай мен идеялардың қатысы бар болуын жоққа шығармады;

  • мәнділіктің пайда болуының идеалистік тұрғысы қалыптасты;

  • адам, қоғам, мемелекет мәселелері қызықтыра түсті;

  • форма мен материя арақатынасы анықтала бастады;

  • философияның уағыздау- догматикалық дәлелдеу әдісінен диалогтық - дәлелдеу әдісіне көшуі басталды;

  • формалды логика негізі қалана бастады;

  • практикалық философиялық- ағартушылық қызмет жүзеге асты (софистер мен Сократ).

Эллиндік кезең- (полистің дағдарысқа ұшырауы, Азия мен Африкада ірі мемлекеттердің пайда болып, Александр Македонский мен оның ізбасарларының билігі) философиясына тән белгілер:

  • киниктердің антиқоғами философиясының белес алуы;

  • философияның стоикалық бағытының пайда болуы;

  • "сократтық" философиялық мектептердің қызметі: Платон Академиясы, Аристотель Ликейі, кирендік (киренаиктер) мектебі және т.б.;

  • Эпикур философиясы және т.т;

Эллиндік философия ерекшеліктері:

  • антикалық мораль мен философиялық құндылықтардың дағдарысы;

  • құдайлар мен өзге де дүлей күштерді сыйлау және олардан қорқудың, үрейдің бәсеңдеуі;

  • бұрынғы өткен ғұламаларды терістеу, мемлекет пен оның институттарына немқұрайды қарау;

  • тән мен жан сүйенішін өзінен табу, іздеу;

  • шындықтан алшақтап, қиялға берілу;

  • дүниеге материалистік көзқарастың үстем болуы (Эпикур);

  • ең жоғарғы игілік - жеке адамның ләззаттануы мен бақыты деп ұғыну (тәндік-киренаиктер, моральдік - Эпикур).

Римдік кезеңнің атақты философтары:

  • Сенека;

  • Марк Аврелий (161-180 жылдары Рим императоры);

  • Тит Лукреций Кар;

  • соңғы стоиктер;

  • ерте христиандар.

Римдік кезең философиясына тән сипаттар:

  • ежелгі грек және ежелгі рим философиясының өзара ықпалы (ежелгі грек философиясы римдік мемлекеттіліктің шеңберінде дамып, оның ықпалында болды, сол сияқты ежелгі рим философиясы ежелгі грек философиялық дәстүр мен идеялардың жалғасы болып табылды);

  • ежелгі грек және ежелгі рим философиясының шын мәнінде бірігіп, антикалық философияға айналуы;

  • антикалық философияға жаулап алған елдердің (Шығыс, Солтүстік Африка және т.б.) философиялық дәстүрлері мен идеяларының ықпалы;

  • философияның, философтардың мемлекеттік институттарға жақындығы (Сенека рим императоры Неронды тәрбиеледі, Марк Аврелий өзі император болды);

  • қоршаған дүние, табиғат мәселелеріне көп көңіл бөлінбеді;

  • адам, қоғам және мемлекет мәселелеріне мейлінше көп көңіл бөлінді;

  • эстетиканың гүлденуі (оның пәні ойлау мен адам қылығы философиясы болды);

  • стоикалық философияның шарықтап дамуы; ең жоғары игілік пен өмір мәні тұлғаның рухани дамуы, білімпаздығы, өзін өзі ұстай білуі, бейқамдығы (атараксия, жабайрақаттылығы) болып танылды;

  • идеалистік көзқарастың материализмнен үстемдеу болуы;

  • қоршаған дүние құбылыстарын түсіндіруде құдайлардың пәрменіне жүгіну;

  • өлім мен о дүниелік өмір мәселесіне көңіл бөле бастау;

  • философияға ерте христиандық идеялар ықпалының өсуі;

  • антикалық және христиандық философиялардың біртіндеп қосылуы, олардың ортағасырлық теологиялық философияға айнала бастауы.