Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тезисы лекции.doc
Скачиваний:
40
Добавлен:
05.11.2018
Размер:
348.67 Кб
Скачать

Диалектика теориясының мәселелері. Философия категориялары.

Мақсаттары мен міндеттері: Диалектикалық логика мәселесі. Сапа және мөлшер өзгерістері. Барабарлық, айырмашылық және қарама-қарсылық ұғымдары талдау.

Категориялар – болмыстың жоғарғы тегі және таным сатысы, танымдық мәні.

Жоспар:

1. Диалектиканың тарихи типтері.

2. Диалектика ұғымы және формалары.

3. Диалектиканың негізгі заңдары.

4. Философия категориялары. Түрлері.

Әдебиеттер тізімі:

1. Иманқұл н.Н. Философия әлемінде: болмысы және тарихы. Алматы,2006ж.

2. Иманқұл н.Н., Бөрібаев т.Қ. Іліми философия. Астана, 2009ж.

Ильенков Э.В. Диалектическая логика. М., 1984.

Алексеев П.В., Панин А.В. Философия. МГУ., 1997.

Диалектическая логика. В 3-х кн. А., 1987.

Ильин В.В. Теория познания. Введение. Общие проблемы., 1994.

Диалектика познания: компоненты, аспекты, уровни. Л., 1983.

Дәрістің қысқаша мазмұны:

Диалектика – грек., диалектикэ, технэ – сұхбаттасу өнері, талас және диалог, диалегомай – сұхбатасып тұрмын, ойлап тұрмын деген сөздерін білдіреді.

Диалектика – аргументация өнері, логика ғылымы. Жалпы гегельдік – маркстік көзқараста алғанда, диалектика дегеніміз болмыс пен танымның жалпылық байланыстары, қалыптасуы, қайшылығы және дамуы туралы ілім, әрі ғылым және осыған негізделген таным методы.

Диалектиканың тарихи формалары философия тарихында көптеп (11-12) кездеседі. Оның үш негізгі классикалық формалары:

  • антикалық диалектика;

  • классикалық неміс диалектикасы;

  • диалектикалық (материалистік) логика.

а) Антикалық диалектика типтері:

  • Стихиялы объективтік диалектика және оған сүйенетін таным диалектикасы;

Милет натурфилософтары. Архэ – бастама. Гераклиттің «логосы», panta rei;

  • антикалық мағынадағы диалектика, яғни диалектиканы айтыс, тартыс, сұхбаттасу өнері деп түсіну. Ақиқатты қарам-қарса пікірлер мен көзқарастардың тоғысуы, қақтығысуы арқылы анықтау, немесе айтыста қарсыласты жеңу.

Сократтың «маевтикасы». Антикалық диалогтар.

  • Негативтік немесе терістеу диалектикасы. Элеаттар. Парменид. «Ойлау мен болмыс – бір нәрсе». Зенонның «апориялары». Қозғалыс – қайшылық: шектілік пен шексіздік, үздіктік пен үздіксіздік. Қозғалыс шындық емес, қайшылық бар жерде ақиқат жоқ.

  • гипостастық (грек., мән, субстанция) ұғымдар диалектикасы, яғни құбылыстар мен ұғымдардың кейбір жақтарына ерекше мән беру, дербес мәндік ретінде ұғыну.

Платон диалектикасы:

  • полемикалық айтыс, сұхбаттасу өнері;

  • ұғымдарды дихотомиялық бөлу арқылы ақиқатқа жету өнері;

  • қарама-қарсылықты ұғымдардың өзара бір-біріне өтуі және айналуы: болмыс және бейболмыс, қозғалыс және тыныштық, пайда болу және жойылу;

  • диалектика – ұғымдары анализдеу мен синтездеу арқылы ақиқи мәндер-идеяларды, ойдың төменгі ұғымдардан жоғары ұғымдарға өтуі арқылы тудыру.

Аристотель диалектикасы («Топика», «Риторика», «Софистикалық жалғаннама»):

  • ықтимал білімдер методы және софистиканы жеңу, одан өту;

  • ғылыми және философиялық зерттеулер методы;

  • бір қағидалардың дұрыстығына күмәнданғанда қолданылатын дәлелдеу әдісі.

ә) Классикалық неміс диалектикасы

КНФ диалектикасы – ойлаудың диалетикалық құрылымын анықтады.

Кант. Диалектика – көрініс логикасы, яғни жалпы логика каноннан (ережеден) органонға (құралға) айналғанда – ол диалектика болып қалыптасады. Парасат антиномиясы – дүниені шартсыз бүтіндік деп мәселе қойғанда парасаттың өзімен өзінің қайшылыққа ұшырауы.

Фихте. «Мен», яғни өзіндік сана диалектикасы. Антитетикалық әдіс. Даму – үздіксіз синтездер тізбегі, оның қайнар көзі алғашқы берілген «Мен» - синтезі.

Шеллинг. Болмыс пен ойлау, субъект пен объект барабарлығы диалектикасы. Трансенденталдық идеализм. Абсолюттік «Мен» өзінде екі қарама-қарсы күшті – тартылыс пен тебілісті сақтайды.

Гегель. Диалектиканы дамудың жалпы теориясы және танымның жалпылық әдісі деп түсінді.

  • ұғымдардың өзіндік қозғалысы туралы ілім;

  • даму туралы және барлық тіршіліктегінің өмірлік күші қайшылық туралы ілім;

  • логика, диалектика және таным теориясының барабарлығы.

б) Диалектикалық логика

Диалектика – құбылыстардың өзіндік қозғалысы, оның ішкі қайшылықтарының негізінде шындықты тану теориясы мен методы.

Диалектика принциптері:

  • абстрактіліктен нақтылыққа өрлеу;

  • логикалық пен тарихилық бірлігі;

  • ақиқаттың нақтылығы;

  • жеке – ерекше - әмбебаптық бірлігі;

  • жүйелілік;

  • нақты тарихилық.

Диалектика типтері:

  • объективтік диалектика – табиғат пен қоғам дамуы;

  • субъективтік диалектика – ұғым, ойлау диалектикасы;

  • негативтік немесе терістеу диалектикасы.

Диалектика функциялары:

  • Теориялық: а) даму теориясы;

ә) жалпылық байланыс теориясы;

б) қайшылық теориясы.

  • методологиялық;

  • гносеологиялық, танымдық;

  • дүниеге көзқарастық.

Диалектика метапринциптері немесе заңдары.

Ф.Энгельс Гегельдің «Логика ғылымы» еңбегінің үш бөлігін диалектиканың үш заңы деп қарастырды:

- Болмыс туралы ілім – мөлшер өзгерістері мен сапа өзгерістерінің өзара өту заңы;

- Мән туралы ілім – қарама-қарсылықтардың күресі мен бірлігі заңы немесе қайшылық заңы;

- Ұғым туралы ілім – Терістеуді терістеу заңы.

Мөлшерлік және сапалық өзгерістердің өзара ауысуы.

Мөлшерлік және сапалық өзгерістердің өзара ауысу диалектикасы – дамудың, даму процесінің ішкі механизмін, тетігін, оның қалай, қайтіп өтуін, дамудағы жаңа сапаның пайда болу логикасын ашып көрсетеді.

Категория (грек., «пікір айту», «шешім», «көрсету», «белгі») – шындық пен танымның, заттар мен құбылыстардың неғұрлым елеулі, мәнді жақтарын, белгілерін, қатынастарын, байланыстарын бейнелейтін жалпылық ұғым, ойлау формасы, таным сатысы.

Категориялар болмыс пен танымдағы даму мен қозғалыстың заңдылықтарын бейнелейтін ұғымдар.

Философия тарихында категорияларға ең алғашқы теориялық талдау жасағандар – Платон мен Аристотель болды.

Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: диалектика, абстрактіліктен нақтылыққа өрлеу, логикалық пен тарихилық, қарама қарсылықтардың бірлігі немесе қайшылық, даму, сапа, мөлшер және т.б.

Дәріс№ 15.