Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тезисы лекции.doc
Скачиваний:
40
Добавлен:
05.11.2018
Размер:
348.67 Кб
Скачать

Марксизм философиясы.

XIX ғ. - XX ғ. басындағы ресейлік мәдениет контекстіндегі орыс философиясы.

Мақсаттары мен міндеттері: Марксизм идеяларының батыстық қоғамның саяси-әлеуметтік тұғырнамаларына әсері. Орыс философиясының мәдени және әлеуметтік бірдейлікті іздестіруіне дүниетанымдық бағдарлар.

Жоспар:

1. Марксизм философиясының негізгі идеялары, ерекшеліктері.

2. Орыс философиясының ерекше белгілері, дәстүрі, қайнар көздері.

3. Батысшылдар мен славянофильдер. Н.Бердяевтің философиялық идеялары: бостандық туралы, адам өмірінің мәні т.б.

Әдебиеттер тізімі:

. 1. Иманқұл Н.Н. Философия әлемінде: болмысы және тарихы. Алматы,2006ж.

2. Иманқұл н.Н., Бөрібаев т.Қ. Іліми философия. Астана, 2009ж

3.Философия в 2 частях. Ч. 1 История философии М., 2002

4.Хрестоматия по философии РнД., 1997

5.Спиркин А.П. Философия -М., 2002

Дәрістің қысқаша мазмұны:

Маркстік философия өкілдері:

Карл Генрих Маркс (5.05.1818 – 14.03.1883);

Фридрих Энгельс (28.11.1820 – 5.08.1895).

Әйгілі шығармалары (философияға қатысты):

  • «1844 ж. Экономикалық-философиялық қолжазбалар», К.Маркс;

  • «Әулие үйішілері немесе сыни сыншылдықты сынау», К.Маркс;

  • «Философия қайыршылдығы», К.Маркс пен Ф.Энгельс;

  • «Неміс идеологиясы», К.Маркс пен Ф.Энгельс;

  • «Фейербах туралы тезистер», К.Маркс;

  • «Коммунистік партия манифесті», К.Маркс пен Ф.Энгельс;

  • «Капитал», К.Маркс;

  • «Табиғат диалектикасы», Ф.Энгельс;

  • «Анти-Дюринг», Ф.Энгельс;

  • «Людвиг Фейербах және классикалық неміс философиясының соңы»,

  • «Маймылдың адамға айналуындағы еңбектің рөлі», Ф.Энгельс;

  • «Үйіші, жеке меншік және мемлекеттің пайда болуы», Ф.Энгельс;

  • «Тарихи материализм туралы хаттар», Ф.Энгельс және т.б.

Маркстік философиясының пайда болуының алғы шарттары.

Маркстік философияны Ресейде әрі қарай жалғастырған В.И.Ленин өзінің «Марксизмнің үш қайнар көзі және үш құрамдас бөлігі» деген еңбегінде осы философияның шығу тегінің алғы шарттарын көрсетті:

а) Әлеуметтік-экономикалық және саяси алғышарттар:

  • 1831 – 1834 ж.ж. Лион тоқымашыларының көтерілісі;

  • 1844 ж. Алманиядағы силезия тоқымашыларының көтерілісі;

  • XIX ғ. 30 – 40 ж.ж. Ұлыбританиядағы чартистік революциялық қозғалыс;

ә) Жаратылыстану ғылымдарының жетістіктері:

  • Энергияның сақталу және айналу заңдалықтарының ашылуы; (Р.Майер, Г.Гельмгольц, М.Фарадей, Дж. Джоуль, Э.Ленц.)

  • тірі организмдердің клеткалық құрылымы теориясы; (М.Шлейден, Т.Шванн – 1838 – 1839 ж.ж. Клетканың бөлініп, көбеюі).

  • Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясы. Табиғи сұрыптау.

б) Марксизмнің теориялық сүйенген негіздері:

  • Неміс классикалық философиясы. Диалектика ілімі. (И.Кант, И.Фихте, Й.Шеллинг, Г.Гегель, Л.Фейербах).

  • Ағылшын классикалық саяси экономикасы. Еңбектік құн теориясы. (А.Смит, Д.Рикардо).

  • Француздың утопиялық социализмі. Тапсыз қоғам орнату. (Сен-Симон, Фурье, Оуэн).

Диалектикалық материализм негізінде Гегельдің диалектикасын «басынан аяғына қою» арқылы, яғни Гегельдің идеализмін материалистік тұрғыда ұғыну жатыр:

  • Маркстік метод тек диалектикалық емес, сонымен бірге материалистік;

  • Маркстік теория тек материалистік ғана емес, сонымен бірге диалектикалық;

  • философияның негізгі мәселесі болмыс пайдасына шешіледі (болмыс сананы билейді, анықтайды);

  • сана – жоғары ұйымдасқан материяның (мидың) қасиеті;

  • материя үздіксіз қозғалыс пен дамуда болады;

  • материя мәңгі, әрі шексіз, үнемі жаңа формаларға еніп отырады;

  • дамудың маңызды факторы – практика, яғни адамның қоршаған дүниені өзгертуі және осы процесте адамның өзін-өзі өзгертуі;

  • даму диалектиканың үш заңы – қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі, сапа өзгерістері мен мөлшер өзгерістерінің бір-біріне өтуі, терістеуді терістеу арқылы сипатталады;

  • мына категориялар: "практика", "іс-әрекеттік", "жатсыну", "идеалдық", "субъективтік және объективтік диалектика" және т.б. зерттелді;

  • логикалық пен тарихилық бірлігі, нақты тарихилық принципі;

  • абстрактіліктен нақтылыққа өрлеу әдісі. Егер Гегель абстрактіліктен нақтылыққа өрлеуді шындықтың теориялық әдісі деп түсінбей ойдың өзінен өзі дамуы нәтижесінде объективті нақтылықтың пайда болуы деп түсінсе, К.Маркстің пікірі Гегельге қарама-қарсы: ой өрісінің абстрактіліктен нақтылыққа өрлеуі ешқашанда нақтылықтың пайда болу процесі емес, ол тек ойлау тәсілі ғана, ойлау соның нәтижесінде нақтыны бойына сіңіріп, оны рухани нақтылық ретінде бейнелейтін әдіс.

«Нақтылықтың нақты болу себебі – ол көптеген анықтамалардың синтезі, олай болса, алуан түрліліктің бірлігі болып табылады. Сондықтанда, ол шындықта бастапқы пункт болып табылғанымен және соның салдарынан, сондай-ақ қабылдау мен елестетудің де бастапқы пункті болғанымен, ойлауда бастапқы пункт болып көрінбей, синтездеу процесі ретінде, нәтиже ретінде көрінеді. Алғашқы жолы толық түсінік абстрактілі анықтамаларға айналу жолымен ол жоғалып кетеді, екінші жолы абстрактілі анықтамалар ойласудың көмегімен нақтыны қайта жаңғыртуға әкеледі». (К.Маркс, Ф.Энгельс. Шығармалары. 46-т., I-бөлім, 37-б.)

Тарихи материализм негіздері:

  • тарих, қоғам дамуын материалистік тұрғыда ұғынды;

  • қоғам дамуы – табиғи – тарихи процесс;

  • экономикалық қатынастар барлық өзге қоғамдық қатынастарды, яғни құқықтық, саяси, діни, моральдік және т.б. анықтайды;

  • қоғамдық болмыс – қоғамдық қатынастар жүйесінде болатын, адам қызметі арқылы өндірілетін қоғамның материалдық бөлігі. Ол – қорланып, жетіліп ұрпақтан ұрпаққа жалғасып отырады;

  • қоғамдық сана – тарихи процестің рухани жағы, қоғамдық болмыстың бейнесі. Ол – қоғам мүшелерінің жеке саналарының жиынтығы емес, керісінше, біртұтас рухани құбылыс;

  • өндіріс әдісі - өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың нақты бірлігі;

  • өндіргіш күштер – қоғамдық өндіріс процесінде қоғам мен табиғат арасындағы «заттар алмасуын» жүзеге асыратын субъективтік және заттық элементтер жүйесі;

  • өндірістік қатынастар - өндіріс, үлестіру, алмастыру және тұтыну жөніндегі пайда болатын адамдар арасындағы байланыстар;

  • Қоғамдық-экономикалық формация (ҚЭФ) – қоғамның біртұтас бейнесі. Қоғамды ҚЭФ түрінде ұғыну дегеніміз қандай өндіріс әдісін қолданылатынын анықтау. Берілген формацияның мәнін өндірістік қатынастардың барлық жиынтығы құрайды;

  • «Өндірістік қатынастардың жиынтығы қоғамның экономикалық құрылымын, реалды базисті құрайды, ал оның үстіне құқықтық және саяси қондырма орналасады және оған қоғамдық сананың белгілі формалары сәйкес болады» (К.Маркс. Т.13, 6-7 б.б.);

  • ақы төленбеген еңбектен туындайтын қосымша құн теориясы;

  • «тауар» туралы теория; айырбастау және тұтыну құны ұғымдары;

  • таптар күресі теориясы; пролетариат диктатурасы ұғымы;

  • коммунистік қоғамның жоғары фазасында, адамды құл қылатын еңбек бөлінісіне адамның бағынуы жоғалғаннан кейін; сонымен бірге ой еңбегі мен дене еңбегінің арасындағы қарама-қарсылық жоғалғаннан кейін; еңбек тіршілік құралы ғана болудан қалып, өзі өмірдің бірінші қажеттілігіне айналғаннан кейін; жеке адамдардың жан-жақты кемелденуімен бірге өндіргіш күштер өсіп, қоғам байлығының барлық негіздері арнасына тола аққаннан кейін, тек сонда ғана буржуазиялық құқықтың тар шеңберінен мүлде арылуға болады, сөйтіп қоғам өзінің туына: әркімнің қабілетіне қарай, әркімге керегіне қарай! – деп жаза алады. (К.Маркс, Т.19., 20-б.).

Тақырып бойынша негізгі ұғымдар:диалектикалық материализм, тарихи материализм, қосымша құн, орыс ренессаесы, батысшылдық, славянофильдер, орыс космизмі, бүкілбірлік идеясы т.б.

Дәріс №9.