- •Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы) арналады.
- •Ішкі аурулар Оқулық жоғарғы медициналық оқу орындарындағы студенттерге арналады.
- •Ажту – активтенген жартылай тромбопластин уақыты
- •Га – гипертония ауруы
- •Гкмп – гипертрофиялық кардиомиопатия
- •Гн – гломерулонефрит
- •Тт – тыныс тұншықпасы
- •Т ы н ы с м ү ш е л е р і н і ң а у р у л а р ы Жедел бронхит және бронхиолит
- •Созылмалы бронхит
- •Тыныс тұншықпасы (тт)
- •Бронхоэктазия ауруы
- •Пневмония
- •Ауруханадан тыс пневмония
- •Ауруханаішілік пневмония
- •Атипиялық пневмониялар
- •Аспирациялық пневмонияны емдеу
- •Созылмалы пневмония
- •Өкпенің инфекциялық деструкциялары
- •Өкпе іріңдігі (абсцесі)
- •Өкпе эмфиземасы
- •Өкпенің созылмалы себінді аурулары (өсса)
- •Идиопатиялық фиброздаушы альвеолит
- •Созылмалы өкпе-текті жүрек
- •Плевриттер
- •Транссудат пен экссудаттың белгілері
- •Өкпе артериясының тромбоэмболиясы
- •Тыныс жетіспеушілігі
- •Спонтандық пневмоторакс
- •Ересектердің респираторлық дистресс – синдромы (ердс)
- •Өкпе артериясындағы гипертензия
- •Бірінші ретті өкпе артериясының гипертензиясы
- •Бір дұрыс жауабын беріңіз
- •Жүрек-тамыр жүйесінің аурулары Артериялық гипертензиялар
- •Гипертония ауруы (эссенциальдық аг)
- •Қалыпты артериялық қан қысымы
- •Аққ көтерілуінің дәрежелері
- •Аг сатылары, ддұ классификациясы, 1993
- •Қатерлі артериялық гипертензия
- •Гипертензиялық криздердің салыстырмалы сипаттамасы
- •Артериялық гипертензияда қолданылатын негізгі дәрілер
- •Антигипертензивтік емнің тәсілдері
- •Алғашқы антигипертензивтік емді таңдау
- •Антигипертензивті дәрілердің құрамалары
- •Гипертониялық кризді тоқтатуға қолданылатын дәрілер
- •Симптоматикалық (екінші ретті) артериялық гипертензиялар
- •Ренальдық аг.
- •Эндокриндік аг.
- •Иценко-Кушинг ауруы және синдромы
- •Гемодинамикалық аг
- •Нейрогендік гипертензиялар.
- •Дәріден болатын аг.
- •Атеросклероз
- •Жүректің ишемия ауруы
- •Кенеттен болатын коронарлық өлім
- •Стенокардия (жүрек қыспасы)
- •Тұрақсыз стенокардия классификациясы
- •Фармакологиялық сынамалар
- •Стенокардияны емдеуде қолданылатын антиангинальдық препараттар
- •Миокард инфарктісі
- •Ми-дағы резорбциялы – некроз синдромы мен биохимиялық маркерлер көрсеткіші
- •Миокард инфарктісінің атипиялық түрлері.
- •Q тісшесі жоқ миокард инфарктісі
- •Кардиогендік шоктың ауырлық дәрежелері
- •Ауырғандықты тию алгоритмі.
- •Жедел ревматизм қызбасы және жүректің ревматизм ауруы
- •Ревматизм қызбасының классификациясы
- •Жрқ диагнозын қоюда қолданылатын Киссель-Джонс критерийлері
- •Инфекциялық эндокардит
- •Инфекциялық эндокардиттің классификациясы
- •Иэ емдеуде қолданылатын антибиотиктер
- •Миокардтың коронарогенді емес аурулары
- •Миокардиттер
- •Миокардиодистрофиялар
- •Кардиомиопатиялар
- •Дилатациялық кардиомиопатия
- •Гипертрофиялық кардиомиопатия
- •Рестрикциялы кардиомиопатия
- •Жүрек ақаулары
- •Жүре пайда болатын жүрек ақаулары
- •Митральдық қақпақ кемістігі
- •Өкпе артериясы сағасының стенозы
- •Антиаритмиялық дәрілердің “Сицилиан гамбиті” классификациясы
- •Жүрек аритмиялары Экстрасистолия
- •Пароксизмальды тахикардия
- •Суправентрикулярлық және қарыншалық тахикардиялардың айырықша белгілері
- •Қарыншаішілік блокада
- •Қарыншалардың мезгілінен бұрын қозу синдромы
- •Сжә-де дәрілерді таңдау
- •Бір дұрыс жауабын беріңіз
- •Асқорыту мүшелерінің аурулары Өңеш аурулары Гастроэзофагальды рефлюкстік ауру
- •Гэра мен жиа екшеу-іріктеу диагнозы
- •Асқазан аурулары Созылмалы гастрит
- •Қалыпты асқазан секрециясы
- •Гастриттің ерекше түрлері
- •Гастриттің екі түрінің екшеу критерийлері
- •В гастритінің екі сатысының басты критерийлері
- •Нр байланысты созылмалы гастритті емдеу. Емнің мақсаты – асқазан мен он екі елі ішек кілегей қабығындағы нр жою.
- •Жара ауруы
- •Жара ауруының асқынулары.
- •Ішек аурулары Созылмалы энтерит
- •Созылмалы колит
- •Бейспецификалық жаралы колит
- •Крон ауруы
- •46-Кесте ка мен бжк екшеу-іріктеу диагнозы
- •Тітіркенген (қозған) ішек синдромы
- •Ұйқы безінің аурулары Созылмалы панкреатит
- •Бауыр және өт жолдарының аурулары Созылмалы гепатит
- •Классификациясы (Гастроэнтерологтардың Дүниежүзілік конгресі, Лос-Анджелес, 1994).
- •Бауыр жетіспеушілігі
- •49-Кесте Жедел гепатит пен бауыр циррозы фонында дамыған
- •Өт жолдарының дискинезиясы
- •Созылмалы тассыз холецистит
- •Бауыр циррозы
- •Бадд – Киари синдромында болатын цирроз
- •Бауыр циррозының ауырлық дәрежелерін анықтау
- •Бауыр циррозының ең жиі кездесетін түрлері.
- •Бауыр циррозының сирек түрлері.
- •Бауыр циррозындағы және тубперитониттегі асцит сұйықтығы
- •Бауыр циррозымен ауыратын науқасты емдеу әдісі.
- •Асқынуларды емдеу.
- •Бауыр циррозының сирек түрлерінің емі.
- •Бір дұрыс жауабын беріңіз
- •Дәнекер тінінің жайылмалы аурулары
- •Жүйелі қызыл жегі
- •Жқж клиникалық варианттарының жұмыс классификациясы
- •Жқж активтілік дәрежелері
- •Диагнозын қою және екшеу-іріктеу диагнозы. Жқж диагнозын қоюда Американың ревматологиялық ассоциациясы ұсынған критерийлер (1982) кең қолданылып жүр:
- •Жүйелі склеродермия
- •Дерматомиозит
- •Буын аурулары Ревматоидтық артрит
- •Ра жұмыс классификациясы
- •Жүйелі өзгерістер жоқ ра.
- •Жүйелі зақымданулар болатын ра.
- •Ерекше синдромдар
- •Ра синовиальды сұйықтықтың көрсеткіштері
- •Ра түрлеріне қарап емдеу
- •Негізгі клиникалық түрлері
- •Подагра
- •Жүйелі васкулиттер
- •Түйінді периартериит
- •Түйінді периартерииттің диагноз қою критерийлері
- •Бейспецификалық аортоартериит
- •Такаясу ауруының критерийлері
- •Вегенер гранулематозы
- •Вегенер гранулематозы диагнозының критерийлері
- •Жедел гломерулонефрит
- •Бүйрек амилоидозы
- •Бір дұрыс жауабын беріңіз
- •Анемиялар
- •Теміржетіспеушілік анемия
- •Витамин в12-жетіспеушілік анемия
- •Гемолитикалық анемиялар
- •Тұқым қуалайтын гемолитикалық анемиялар Тұқым қуалайтын микросфероцитоз (Минковский-Шоффар ауруы)
- •Г-6-фдг жетіспейтін анемия
- •Талассемия
- •Қолорақ клеткалы анемия
- •Жүре пайда болатын гемолитикалық анемиялар Аутоиммунды гемолитикалық анемия
- •Пароксизмальды түнгі гемоглобинурия
- •Гипопластикалық (апластикалық) анемиялар
- •Гемобластоздар
- •Лейкоздар
- •Жедел лейкоздар
- •Классификациясы. А) Лимфобласттық лейкоздар:
- •Созылмалы лимфолейкоз
- •Созылмалы миелолейкоз
- •Полицитемия
- •Геморрагиялық диатез
- •Гемофилия
- •Виллебранд ауруы
- •Диагнозын қою және екшеу-іріктеу диагнозы.
- •Тромбоцитопениялық пурпуралар
- •Идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура (итп)
- •Геморрагиялық васкулит (Шенлейн-Генох ауруы)
- •Геморрагиялық диатездердің негізгі түрлерінің екшеу диагнозының белгілері
- •Тамыріші себінді қан ұю синдромы
- •Бір дұрыс жауабын беріңіз
- •Тестілер жауаптарының эталондары
- •Б) жүрек-тамыр жүйесінің аурулары бойынша
- •Қолданылған әдебиет тізімі жалпы әдебиет
- •Несеп бөлу жүйесінің аурулары бойынша
- •М а з м ұ н ы
Кардиомиопатиялар
Кардиомиопатиялар – жүректің тәж артерияларының ауруларына, жүрек қақпақтар аппараты мен перикард ауруларына, артериялық гипертензияға немесе қабынуға жатпайтын, жүректің қызметін бұзатын оның бұлшық етінің бірінші ретті зақымдануы.
Кардиомиопатияға себебі белгісіз аурулар тобы жатады.
Кардиомиопатияның басты белгілеріне кардиомегалия мен жүрек әлсіздігі жатады.
Кардиомиопатияның үш түрін ажыратады: дилатациялық, гипертрофиялық және рестрикциялық кардиомиопатиялар.
Дилатациялық кардиомиопатия
Дилатациялық кардиомиопатия (ДКМП; қан іркілмелі, конгестивті) – жүрек қуыстары кеңіп, жүректің систолалық қызметі бұзылатын және үдемелі жүрек әлсіздігі болатын миокардтың жайылмалы ауруы.
ДКМП дүние жүзінде сырқаттану жиілігі – 100 000 тұрғынға 3-10 ауыратын адам келетіні. Көбіне еркектер ауырады (60-80% жағдайда), ауру 41-50 жастағы адамдарда жиі кездеседі.
Этиологиясы және патогенезі. Аурудың этиологиясы белгісіз. Бірақ ДКМП дамуында вирус текті миокардит жиі кездеседі. Науқастардың 30% анамнезінде ішімдікке салынғандық байқалады. Алкогольдік миокард дистрофиясы ДКМП-ға ауысады деген пікір бар. 10% жағдайда генетикалық фактор анықталады.
Болжам этиологиялық фактордың әсерінен кардиомиоциттер ыдырап, олардың орнында фиброз пайда болады. Кейін жүрек бұлшық етінің гипертрофиясы мен дилатациясы дамиды, дилатацияның дамуы басым болады. Аурудың басында болатын бұл процестер мен тахикардия айдалатын қан көлемін қамтамасыз етеді (компенсация). Біртіндеп компенсаторлық процестер сарқылып, Франк – Старлинг заңы істен шығады, қарыншалардың систолалық дисфункциясы бой көрсетеді, сол жақ қарынша басым зақымданған болады. Жүрек қуыстарының әрі қарай кеңуі қос және үш жармалы қақпақтардың шартты кемістігін қалыптастырады. Жүректің айдалма қанының (минуттік қан көлемі) азаюы мен қарынша ішілік қысымның көтерілуі миокардтың перфузиясын нашарлатады, оның өзі созылмалы жүрек әлсіздігінің дамуын күшейте түседі.
ДКМП ауыратындардың кейбірінде қабырғаға жабысқан тромб қалыптасады, ол тромбоэмболия көзі болуы мүмкін.
Патоморфологиясы. Жүрек қуыстары өте ауқымды кеңіген, жүректің массасы 2 еседен артық өскен. Жүрек қуыстарында қабырғаға жабысқан тромбтар болады. Гистологиялық зерттегенде миокардтың субэндокардиальды жайылмалы интерстициальды фиброзы, әр жерде кардиомиоциттердің некрозы мен клеткалық инфильтрация анықталады.
Клиникасы. Дилатациялық кардиомиопатияның клиникалық белгілері созылмалы жүрек әлсіздігімен, жүрек ырғағының бұзылуымен, тромбоэмболиялық көріністермен байланысты болады. Науқас адамдардың ең жиі шағымдары - әуелі күш түскенде, кейін тыныш күйде болатын ентігу, жөтел, қан қақыру, жүректің шалыс соғуы және жүрек соғуының ұстамасы. Сырқат адамдардың шамамен жартысында жүрек тұсының ұзақ, айқын иррадиациясы жоқ сыздап, кейде сипаты анық емес ауыруы байқалады. Ауырғандықтың денеге күш түсуімен онша байланысы болмайды. Науқастың кейбірінде нағыз стенокардия ұстамасы болады, ол миокардтың оттегіне қажеттігі мен оны қамтамасыз етудің арасындағы қайшылыққа байланысты туындайды. Ісінулер мен оң жақ қабырға астының ауыруы ерте орын алады. Дененің әр жеріндегі тромбоэмболияларда сәйкес шағымдар пайда болады.
Қараған кезде біртіндеп үдейтін акроцианоз, тері түсінің қуқыл тартуы мен сарғыш реңді болуы, аздап ісінгендік, кейін аяқтардың ісінуі байқалады. Жүрек ұшы жайылмалы, солға және төмен ығысқан, оң қарынша гипертрофиясында жүрек солқылы анықталады. Мойын веналарының ісінуі мен оң мәнді вена пульсі болуы мүмкін.
Перкуссиялық мәліметтер жүрек гипертрофиясы мен дилатациясының сипатына тәуелді болады. Жүрек ұшында және IV аускультациялық нүктеде қос және үш жармалы қақпақтардың шартты кемістігіне байланысты систолалық шу мен І тонның әлсірегені естіледі, өкпе артериясының үстінде ІІ тонның акценті (кіші қан айналымы шеңберіндегі гипертензия), жүрек өте әлсірегенде шоқырақ ырғағы естіледі.
Кіші қан айналым шеңберінде қан іркілісі болатындықтан өкпе үстінде ылғалды сырылдар пайда болады, оң қарыншалық жүрек әлсіздігінде бауыр үлкейеді, ісіну және асцит бой көрсетеді.
Науқас адамдардың 1/3-інде тромбоэмболия белгілері көрініс береді.
Қосымша тексерулер. ДКМП-да ЭКГ-да спецификалық өзгерістер болмайды. Жиі сол немесе оң жақ қарынша гипертрофиясының белгілері, V1-4 тіркемелерінде инфарктіге ұқсас QS типті тісше, ЭКГ тісшелері вольтажының төмендеуі, ырғақ пен өткізгіштіктің бұзылыстары тіркеледі.
Жүректі рентгенологиялық тексергенде кардиомегалия, жүректің шар тәрізді түрі көрінеді: жүрек ретростернальдық және ретрокардиальдық кеңістікті алып жатады.
ЭхоКГ. ДКМП-ң эхокардиографиялық белгілері: жүрек қуыстарының кеңуі, сол жақ қарыншаның жайылмалы гипокинезі және айдалма қан көлемінің азаюы. Қосжармалы қақпақтың екі жармасы бір-біріне жақын орналасқан, диастола кезінде қарсы фазада қозғалып, «балық аузы» бейнесін береді.
67Ga көмегімен радиоизотопты тексеру ДКМП-ны миокардиттен ажыратуға мүмкіндік береді.
Коронарография ДКМП-ны ЖИА-нан айыра білуге көмектеседі, ДКМП-да коронарлық артериялар өзгермеген (тарылмаған).
Жүрек биопсиясы бейспецификалық дегенеративтік өзгерістерді (некроз ошақтары, миоцитолиз) анықтайды.
Диагнозын қою және екшеу-іріктеу диагнозы. ДКМП-ң басты белгілері – кардиомегалия мен үдемелі жүрек әлсіздігі. Кардиалгиялар (25% дейінгі жағдайда), 1/3 жағдайда тромбоэмболиялар табылады. Жүрек аритмиялары да ДКМП-ң жиі белгілеріне жатады. ДКМП-ң диагнозы ұқсас ауруларды жоққа шығарғаннан кейін қойылатын диагноз. ДКМП-ны ЖИА-нан, жайылмалы миокардиттен, алкогольдік кардиопатиядан айыра білу керек.
ЖИА-да стенокардия жүрек әлсіздігінің алдында байқалады, ал ДКМП олар бір мезгілде пайда болады немесе жүрек әлсіздігінің белгілері жүректің ауыруының алдында кездеседі. ДКМП-да жүректің барлық қуысы жайылмалы түрде кеңіген, ал ЖИА-да сол жақ қарынша басым кеңиді. Митральдық және трикуспидальдық қақпақтардың шартты кемістіктерінің белгісі және шоқырақ ырғағы ДКМП-да жиірек кездеседі. ЖИА-да ми тамырларының, аяқ тамырларының және қолқаның атеросклерозының белгілері жиі кездеседі. УДЗ-генде ЖИА-да жергілікті гипо- және акинезия зоналары анықталады, ал ДКМП-да қарыншалар қабырғасының жайылмалы гипокинезиясы болады. Диагнозды дәлдеуге коронарография көмектеседі: ДКМП-да коронарлық артериялар зақымданбаған, ЖИА – коронарлық артериялардың атеросклероздық тарылғаны көрінеді.
Ауыр миокардиттерде жүрек әлсіздігі өте жедел түрде инфекцияға, дәрілерге және басқа да себептерге байланысты пайда болады, ал ДКМП-да жүрек әлсіздігі баяу өршиді. Миокардитте инфекциялық процеске тән басқа белгілер де кездеседі: қызба, артралгия, лимфаденопатия, гепато-лиенальды синдром, шеткі қандағы қабыну өзгерістері. ДКМП-да жүрек жеке (дара) зақымданады. Миокардитте жақсы нәтижені қабынуға қарсы жасалған ем, оның ішінде глюкокортикоидтар береді. Миокардитті ДКМП-дан ажыратуға 67Ga изотопы қолданылған сцинтиграфия көмектеседі. Шешуші диагнозды эндомиокардиальдық биопсияның нәтижесіне қарап қояды.
Алкогольдік кардиомиопатия алкогольдік эксцесстерге (ішімдік қабылдау) байланысты өршиді немесе көрініс береді. Алкогольдік кардиомиопатияның диагнозын қоюда анамнез, алкогольдік «стигмалар» – интеллектінің төмендеуі, адамның жалпы пішіні, полинейропатия белгілері, басқа органдардың (бауырдың, ұйқы безінің, мидың т.б.) зақымданулары көмектеседі. Алкогольді қабылдауды тиғаннан кейін оң мәнді динамика болады, аурудың көптеген симптомдары жойылып кетеді.
Емі. ДКМП-да ем жүрек әлсіздігімен, тромбоэмболиямен және аритмиялармен күреске бағытталған.
Жүрек әлсіздігін емдеуде маңызды рөльді тұзақты диуретиктерге береді, егер оларды қолданған монотерапия тиімді болмаса, онда емге гипотиазид немесе верошпирон қосады.
Айдалма қан көлемінің 45% төмен түсуі ААФ ингибиторларын тағайындауды қажет етеді. ААФ ингибиторларын кіші дозадан бастап береді, оны біртіндеп, 3-7 күн сайын өсіріп отырады. Жыбыр аритмиясының, ауыр жүрек әлсіздігінің болуы, диуретиктер мен ААФ ингибиторларының тиімсіздігі жүрек гликозидтерін тағайындаудың көрсетпесі болып табылады (дигоксин 0,25 мг/тәул. дозасында).
Жүрек әлсіздігінің ІІ-ІІІ ФК (NYHA классификациясы бойынша) -адреноблокаторлар (бисопролол 10 мг/тәул. дейін; метопролол – 200 мг/тәул.; карведилол 50-100 мг/тәул.) тағайындайды. Оларды диуретиктермен және ААФ ингибиторларымен қосып беру керек.
Тромбоэмболиялардың алдын алу мақсатында, АЖТУ бақылап отырып, антикоагулянттар (фенилин, варфарин) беріледі.
ДКМП-дағы аритмияларды емдеу үшін кордарон мен соталол қолданылады.
Медикаментозды емге рефрактерлі жүрек әлсіздігі бар науқастарға жүрек трансплантациясын жасау керек.
Прогноз. ДКМП-да жағымсыз болып табылады. ДКМП-да жүрек әлсіздігінің белгілері пайда болғаннан кейін 4-7 жылда науқас адамның көбі жүрек әлсіздігінен (70-80% жағдайда) және тромбоэмболиядан (20-30% жағдайда) өледі.
Профилактика тәсілдері табылған жоқ. Тұқым қуу жағынан ауыру қаупі бар адамдарды анықтап, оларды бақылап отырудың белгілі маңызы болады.
ДКМП ауыратын адамдарды диспансерлік есепке алады. Жылына 4 рет тексеру өткізіледі.
Еңбекке уақытша қабілетсіздік мерзімі: стационарлық ем – 1,5-2 ай. Жүрек әлсіздігінің ІІ ФК-нан жоғары науқастар ІІ тон мүгедектері болып танылады.