Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Книга Терапия казак.doc
Скачиваний:
4434
Добавлен:
24.03.2016
Размер:
6.68 Mб
Скачать

Антигипертензивтік емнің тәсілдері

Дәрі қолданып емдеудің басты көрсетпесі науқас адамның белгілі бір қатерлі топқа жататыны (классификацияны қараңыз). Бұл жағдайда төменгі және орташа топ науқастарына дәрі қолданбас бұрын оларға медикаментозды емес тәсілдердің әсер ету тиімділігін анықтау қажет. Орташа қатерлі топ адамдарын дәрісіз емдеу мерзімі 6 ай, төменгі қатерлі топ науқастарын дәрісіз емдеу мерзімі – 12 ай құрайды. Егер осы мерзімдер ішінде АҚҚ с.б. 140/90 мм төменгі жағдайда болса, онда науқас адамды дәрісіз бақылау жалғастырыла береді. Егер қан қысымы бұл мөлшерден төмен түспесе, онда дәрілік ем қолданылады.

Жоғары қатерлі және өте жоғары қауіпті топ науқастарына медикаментозы емес емдеу бағдарламасымен қатар дереу дәрімен емдеу қолданылады. Дәрімен емдеу қан қысымы деңгейі жоғарғы қалыпты күйдегі (с.б. 130-139/85-89 мм), бірақ қант диабетімен, бүйрек жетіспеушілігімен және/немесе жүрек әлсіздігімен ауыратын адамдарға да тағайындалады.

Қолданылатын дәрі антигипертензивтік дәрілердің 6 тобының ішінен (-адреноблокаторлар, диуретиктер, кальций антагонистері, ААФ ингибиторлары, АТ1 – рецепторларының блокаторлары, альфа-1-адреноблокаторлар) таңдап алынады.

Бастапқы ем үшін дәріні таңдағанда барлық қатерлі факторлар, нысана-органдардың зақымдануы және қосалқы аурулардың бар-жоқтығы ескерілуі керек (18-кесте).

Асқынбаған АГ-да емді жүрек-тамыр ауруларын және олардан болатын өлімді азайтатын әсерлері дәлелденген, бета-адреноблокаторлар мен диуретиктерден бастаған жөн. АҚҚ төмендетуге белгілі бір топ препараттарының артықшылығы анықталмаған.

Сонымен қатар, дәрі таңдағанда пациенттің белгіленген дәріні қолдану мүмкіндігін анықтайтын әлеуметтік – экономикалық факторларды да ескеру керек.

18-кесте

Алғашқы антигипертензивтік емді таңдау

Дәрілер топтары

Көрсетпелер

Мүмкін көрсетпелер

Қарсы көрсетпелер

Шартты қарсы көрсетпелер

Диуретиктер

Жүрек әлсіздігі; Егде жастағы науқастар; Систолалық АГ

Диабет

Подагра

Дислипидемия; Жыныс қатынасын сақтаған еркектер

Бета-блокаторлар

Стенокардия; Миокард инфарк-тісі; Тахиаритмиялар

Жүрек әлсіздігі; Екі қабаттылық; Диабет

Тыныс тұншық-пасы; Өкпенің созылм.обструкциялы аурулары; АВ-блокаданың ІІ-ІІІ дәреж.

Дислипидемия; Спортсмендер; Дене қызметі-мен шұғылда-натын аурулар; Шеткі тамырлардың зақым-дануы

ААФ ингибиторлары

Жүрек әлсіздігі, Сол жақ қарынша дисфункциясы; Бұрын болған миокард инфарктісі; Диабеттік нефропатия

Екіқабаттылық; Гиперкалиемия; Бүйрек артерияларының екі жақты стенозы

Кальций антагонистері

Стенокардия; Егде жастағы аурулар; Систола-лық АГ

Шеткі тамырлардың зақым-дануы

АВ-блокадасының ІІ-ІІІ дәрежелері (верапамил, дилтиазем)

Қан іркілмелі жүрек әлсіздігі

Альфа-адреноблокаторлар

Қуық асты без гипертрофиясы

Глюкозаға толеранттылықтың бұзылуы; Дислипидемия

Ортостатикалық гипотония

Ангиотензин-ІІ антагонистері

ААФ ингибиторларымен емдегенде болатын жөтел

Жүрек әлсіздігі, Гиперкалиемия

Екіқабаттылық, Бүйрек артерияларының екі жақты стенозы

Науқас адамның жартысынан көбінде АГ-ң монотерапиясы тиімді болмайды, сондықтан құрама ем қолдану қажет болады. Онымен қатар, құрама ем нысана-органдарды, ең алдымен, жүрек пен миды, қорғау үшін де қолданылады.

Құрама ем қолдану принциптері:

1) дәрілердің тиімді құрамына емге әсер ету механизмі әр түрлі препараттарды қолданып қол жеткізуге болады, мұндай тәсіл қосымша антигипертензивтік әсер алуға және дәрілердің жағымсыз әсерін азайтуға мүмкіндік береді;

2) препараттардың тиімді емес құрамы әсер механизмі мен жағымсыз әсерлері бірдей препараттарды қолданғанда қалыптасады.