Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Книга Терапия казак.doc
Скачиваний:
4434
Добавлен:
24.03.2016
Размер:
6.68 Mб
Скачать

Аспирациялық пневмонияны емдеу

Қолданылатын таңдамалы дәрілер: амоксиклав, бензпенициллин, сультамицин.

Клиникалық тиімділікке қол жеткізгеннен кейін амоксициллин тағайындалады: 0,5-1,0 г ішке/тәул. Таңдамалы препарат түрінде бензпенициллинді (венаға 2 000 000 ӘБ 4-6 р/тәул.) метронидазолмен қосып (венаға 0,5г 3р/тәул.) егеді.

Клиникалық нәтиже болғаннан кейін амоксициллинді метронидазолмен қосып, ішке қабылдауға болады.

Альтернативті дәрілер: имипенем немесе метропенем.

Линкозамидтер (линкомицин, клиндамицин) мен аминогликозидтердің (амикацин, гента-мицин) қоспасын немесе фторхинолондар мен метронидазолдың қоспасын немесе цефало-спориндер (цефепим) мен метронидазол қоспасын қолдануға болады.

Аспирациялық пневмонияның антибактериялдық емінің ұзақтығы жеке түрде анық-талады.

Иммунитет жетіспеушілігінен туындайтын пневмонияның антибактериялдық емін жасағанда олардың қоздырғыштары цитомегаловирустар, пневмоцисталар, патогендік саңырауқұлақтар мен басқа микроорганизмдердің бірігіп әсер етуі болатынын ескеру керек. Бұл науқастарды арнайы стационарларда емдейді. Эмпериялық түрде берілетін дәрілер: гликопептидтер, карбопенемдер, цефалоспориндердің ІІІ-ІV буыны аминогликозидтер, саңырауқұлақтарға қарсы қолданылатын дәрілер.

Пневмоцисталық пневмонияда:

Триметоприм сульфаметаксазол венаға 20 мг/кг (триметоприм қарап есептейді) 2-3 рет жіберу 21 тәулік бойына.

Пневмонияны емдегенде қолданылатын антибактериялық ем тиімсіз болса, оны 2 тәулік-тен кешіктірмей түзеу керек.

Пневмонияның асқынуы болмаса, дене қызуы қалыпты күйге оралғаннан кейін 3-4 күн өткен соң антибактериялық емді тоқтатады. Бұл ережеге легионеллездік, микоплазмалық және хламидиялық пневмонияны емдеу жатпайды. Оларды емдегенде инфильтрат баяу тараса, ем 3 аптаға созылуы мүмкін.

Пневмонияны емдеуде қолданылатын антибактериялық препараттар 5-кестеде келтірілген.

5-кесте

Пневмонияны емдегенде қолданылатын антибиотиктер

және басқа антибактериялық дәрілер

Антибиотик

Дозасы

Беру кезеңдігі

Қолдану әдісі

Пенициллиндер

Бензилпенициллин

2 000 000 ӘБ

4-6 сағ. сайын

етке, венаға

Ампициллин

1-2 г

6-8 сағ. сайын

етке, венаға

Тикарциллин/клавуланат

3,2 г

8 сағ. сайын

венаға

Амоксициллин/клавуланат

0,625 немесе 1,0

8 және 12 сағ. сайын

ішке

(амоксиклав, аугементин)

1,2

8 сағ. сайын

венаға

Амоксициллин

0,5-1,0

8 сағ. сайын

ішке

Пиперациллин (тазобактам)

4,5

8 сағ. сайын

венаға

Цефалоспориндер

Цефуроксим (зинацеф, кетоцеф)

0,5

0,75

12 сағ. сайын

8 сағ. сайын

ішке

етке, венаға

Цефтриаксон (лонгацеф, роцефин)

1-2 г

24 сағ. сайын

етке, венаға

Цефотаксим (клафорам)

1-2 г

8-12 сағ. сайын

етке, венаға

Цефепим

1-2 г

12 сағ. сайын

венаға

Цефтазидим

1-2 г

8-12 сағ. сайын

венаға

Аминогликозидтер

Гентамицин

3-5 мг/кг

24 сағ. сайын

венаға

Амикацин

15-20 мг/кг

24 сағ. сайын

венаға

Макролидтер

Азитромицин (сумамед)

0,5 г бірінші күні

0,25 г кейінгі күні

24 сағ. сайын

ішке

Кларитромицин

0,5 г

12 сағ. сайын

ішке, венаға

Рокситромицин

0,15 г

12 сағ. сайын

ішке

Спирамицин (ровамицин)

3 000 000 ХБ

12 сағ. сайын

ішке

Эритромицин

0,5-1,0 г

6 сағ. сайын

ішке

Фторхинолондар

Левофлоксацин

0,5 г

24 сағ. сайын

ішке

Моксифлоксацин

0,4 г

24 сағ. сайын

ішке, венаға

Офлоксацин

0,4 г

12 сағ. сайын

венаға

Тетрациклиндер

Доксициклин (вибрамицин)

0,1 г

12 сағ. сайын

ішке

Карбопенемдер

Имипенем

0,5 г

6-8 сағ. сайын

венаға

Меропенем

0,5 г

6-8 сағ. сайын

венаға

Линкозамидтер

Линкомицин

0,3-0,6 г

12 сағ. сайын

венаға

Клиндамицин

0,3-0,9 г

8 сағ. сайын

венаға

Гликопептидтер

Ванкомицин

1,0 г

12 сағ. сайын

венаға

Нитроимидазолдар

Метронидазол

0,5 г

8 сағ. сайын

венаға

Диаминопиримидтер мен сульфанидтер қоспасы

Триметоприм (сульфаметаксозол)

20 мг/кг

24 сағ. сайын

венаға

Қоздырғыш анықталғаннан кейін пневмонияны емдеуде қолданылатын антибактериялық дәрілер (мақсатты ем) 6-кестеде келтірілген.

6-кесте

Пневмонияны мақсатты емдеуде қолданылатын антибактериялық ем

Ауру қоздырғышы

Антибиотиктер

Пневмококк

-пенициллиндер, оның ішінде амоксиклав

-цефалоспориндер ІІІ буын, линкомицин

Пенициллинге төзімді пневмококк

-ванкомицин

-цефалоспориндер, IV буын

-макролидтер

Окациллинге сезімтал алтынсары стафилококк

-амоксиклав

-клиндамицин

-линкомицин

-оксациллин

цефалоспориндер І-ІІ буын

Оксациллинге төзімді алтынсары стафилококк

-ванкомицин

-линезомид

-рифампицин

-цефалоспориндер, І-ІІ буын

Клебсиела

-макролидтер

-цефалоспориндер ІІІ-IV буын

Легионелла

-рифампицин + эритромицин (кларитромицин)

-рифампицин + фторхинолон венаға

Гемофильді таяқша

-ампициллин

-цефалоспориндер, ІІ-ІІІ буын

-фторхинолон (спарфей)

-макролидтер

Микоплазма

-эритромицин

-доксициклин

Хламидия

-доксициклин

-эритромицин

-фторхинолондар

Ішек таяқшасы

-ампициллин

-цефалоспориндер, ІІІ буын

-аминогликозидтер

-левомицетин

Энтеробактер, протей

-карбапенемдер

-фторхинолондар

-цефалоспориндер IV буын

Көкшіл-ірің таяқшасы

-аминогликозидтер + көкшіл-ірің таяқшасына қарсы беталактамдар (пикарциллин, пиперациллин, цефало-спориндер, карбопенемдер)

Стрептококтер

-пенициллин

-пенициллин + аминогликозид

-цефалоспориндер ІІІ буын

-макролидтер

-карбопенемдер

-ванкомицин

Анаэробтар

-лактамдар (лактамаз ингибиторлары)

-клиндамицин

Патогенетикалық ем. Антибактериялық ем ауру қоздырғышының эрадикациясын тудырғанымен қабыну процесіне әсер етпейді. Сондықтан да патогенетикалық емнің бір буыны бейспецификалық қабынуға қарсы ем жасау болып табылады. Бұл мақсатта қабынуға қарсы бейстероидтық препараттар (ҚҚБП) (индометацин, вольтарен) мен глюкокортикоид-тар (аллергия мен астма болса) беріледі.

Бронх өткізгіштігін қалпына келтіру үшін қақырық жүргізетін дәрілер (калий йодиді, термопсис туындысы т.б), муколитиктер (мукалтин, ацетилцистеин, бромгексин, ыссы сұйықтық ішу), бронх лаважы, бронхолитиктер (беротек, сальбутамол) қолданылады.

Иммунологиялық реактивтілікті көтеру үшін берілетін ем: - гипериммундық антистафилококтік плазма, гамма-глобулин, иммунитетті сергітетін дәрілер (левамизол, зимозан, диуцифон, Т-активин, тималин);

- жалпы әлдендіруші дәрілер: адаптогендер (жень-шень тұндырмасы, лимонник, элеутерококк (сығындысы);

- витаминдер;

- биогендік сергіткіштер (алоэ).

Қан айналысы мен тынысты қалпына келтіру үшін вазопрессорлар (сульфокамфокаин, кордиамин, кофеин), жүрек гликозидтері, оттегімен емдеу, емдік тыныс гимнастикасы қолданылады.

Қабыну инфильтраты тарау үшін физиотерапия (диатермия, индуктотермия, ультра жоғары жиіліктегі ток), кеуденің массажы, ЕДТ қолданылады.

Дезинтоксикациялық ем ретінде сұйықтықты көп ішу және гемодезді, реополиглюкинді, физиологиялық ерітіндіні құю қолданылады.

Симптоматикалық ем .

Қақырықсыз, науқас адамды шаршататын күшті жөтелде жөтелге қарсы дәрілер (кодеин, либексин, тусупрекс, глауцин гидрохлориді т.б) тағайындалады.

Жоғары дене қызуын көтере алмайтын жағдайда – қызу басатын дәрілер беріледі.

Кеуденің ауырғанында анальгетиктер қолданылады.

Жедел пневмонияның асқынуларын емдеу.

Инфекциялық-токсикалық шокты емдеу:

1. Бір рет және тәулік ішінде берілетін антибактериялық дәрілердің дозаларын кем дегенде 2 есе азайту керек (көп микроорганизмдер өліп, қанға көп эндотоксин бөлінбес үшін).

2. Тамыр қабырғасының өткізгіштігін қалпына келтіру үшін глюкокортикоидтар (преднизолонның 60-90 мг 3-4 сағат сайын) мен допаминді қосып беру.

3. Айналымдағы қан көлемін қалпына келтіру үшін жоғары молекулалы плазма алмастырғыштар (полиглюкин) немесе альбуминнің ерітіндісін егу.

4. Гепарин аз дозада (10000-15000 ӘБ күнге 2 рет).

5. Оксигенотерапия.

6. Вазопрессорлар: мезатон, кордиамин, сульфакамфокаин.

7. Жүрек гликозидтері.

Жедел тамыр әлсіздігін емдеу

1. Симпатомиметиктер (допамин)

2. Преднизалон (60-90 мг венаға 3-4 сағат сайын)

3. Камфора препараттары.

Жедел тыныс жетіспеушілігін емдеу

1. Басқарылмалы оттегімен емдеу. Пермиаторлар (атмосфералық ауаны: оттегімен байытатын аппараттар).

2. Вектерион 200 мг (1таб) күнге 2 рет.

Жедел өкпе-текті жүректі емдеу

1. Қан ұю уақытын бақылай отырып, гепарин тағайындау.

2. Дезагреганттар: курантил 0,5%-2 мл венаға, етке немесе компламин 1%-2 мл етке егу.

3. Реополиглюкин 400 мл венаға, тамшылатып егу.

Жедел психозды емдеу

Реланиум 0,5%-2-4 мл, галоперидол 0,5%-1-2 мл, тизерцин 2,5%-1-2 мл.

Реабилитация. Реабилитацияның 3 түрін ажыратады:

а) медициналық;

б) кәсіби;

в) әлеуметтік;

Медициналық реабилитация 3 сатыдан тұрады:

  1. Клиникалық саты, оған ауру адам ем алатын стационар немесе поликлиника жатады.

Бұл сатының табысты аяқталуының критерийлері:

а) пневмонияның клиникалық симптомдарының болмауы;

б) инфильтрацияның жойылғанының рентгенологиялық белгілері;

в) бронх өткізгіштігі көрсеткіштері мен қанның газдық құрамының қалыпты күйге оралуы;

г) гемограмма көрсеткіштерінің қалыпты күйге оралуы;

  1. 2-ші сатысы – санаторийлық-курорттық ем, емдік дене қызметі мен массаж, физиотерапия, диетотерапия, витаминдермен және ферменттермен емдеу қолданылады, өте сирек жағдайда дәрі қолданылады.

  2. Поликлиникалық саты немесе диспансерлік бақылау сатысы.

Диспансерлеу. Реконвелесценттер жедел пневмониядан кейін 6 ай бойы бақылауда болады, бұл кезде оларды 2 рет қарап, тексерулер (қанның жалпы клиникалық анализі, флюорография, спирография, қақырық анализі 1және 6 айдан кейін) жасалады.

Санаторийлық-курорттық ем. Пневмониядан жазылғандарды жылдың жылы кезінде Қырымның оңтүстік жағасының климаттық курорттарына, жылдың әр уақытында жергілікті санаторий-профилакторийларға жібереді.

Еңбекке уақытша қабілетсіздіктің сараптамасы:

Аурудың жеңіл дамуында стационарлық ем 15 күнге созылады, жалпы еңбекке жарамсыздық мерзімі 21-22 күнді құрайды.

Аурудың орташа ауыртпалығында стационарлық емнің ұзақтығы 21-22 күнге созылады, жалпы еңбекке жарамсыздық мерзімі – 28 күн шамасында.

Ауру ауыр дамыған жағдайда стационарлық емнің орташа мерзімі 35-50 күн, жалпы еңбекке қабілетсіздік мерзімі 60-65 күн.

МӘСК-на жедел пневмонияның ауыр түрімен ауырған және өкпе деструкциясы, плеврит, плевра эмпиемасы, пневмоторакс, ауыр тыныс және өкпе-жүрек жетіспеушілігі болған науқастарға жолдама береді.

Алдын алу шаралары (профилактикасы). Бірінші ретті пневмонияның алдын алу шаралары жалпы гигиеналық шаралардан (еңбек тәртібі, қоректену, шаңмен, газбен, ыстықпен және салқын тиюмен күрес, мекен орынды желдету, науқас адамдарды оқшаулау т.б) және жеке басының алдын алу шараларынан (еңбек тәртібі, шынығу, шылым шегуді шегеру, инфекция ошақтарын жою) тұрады. Вирустық және бактериялы – вирустық пневмониялардың алдын алуда індетке қарсы шараларды (грипке қарсы вакцина егу т.б) мезгілінде орындаудың, респираторлық ауруларды, трахеиттерді, бронхиттерді тиімді емдеудің (науқастың толық жазылып кетуіне дейінгі емдеудің) маңызы бар.