Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шыл жадайларда жедел кмек.docx
Скачиваний:
250
Добавлен:
24.03.2016
Размер:
63.87 Кб
Скачать

Несеп тас ауруы.

Несеп тас ауруында фельдшерге арналған жедел жәрдем алгоритмі.

  1. Дәрігер тағайындауы бойынша беліне жылытқыш қою

  2. Ұзақтығы 15-20 минут ыстық ванна жүргізу

  3. Жансыздандыратын және спазмолитиктерді еңгізу: кетонал, но-шпа, баралгин.

  4. Жалпы анализге несепті жинау

Сол жақ қарынша шамасыздығы. Өкпе шемені.

Өкпе шеменінде фельдшерге арналған жедел жәрдем алгоритмі.

  1. Жедел дәрігерді шақыру

  2. Науқасты жартылай отырғызу

  3. Аяқтарын төмен түсіру

  4. Спирт арқылы ылғалдырылған оттегіні беру

  5. Дәрігер тағайындауы бойынша: 1% -1мл морфин,

  6. 1%- 2мл нитроглицеринді 200 мл фир. Ерітіндісімен к/т тамшылап

  7. К/т 0-80 мг лазикс

Гипертензивті криз.

Гипертензивті кризде фельдшерге арналған жедел жәрдем алгоритмі.

  1. Науқасты тыныштандыру

  2. Қан қысымын өлшеу

  3. Төсекте бас жағын көтеру

  4. 20-30 тамшы Морозов тамшыларын беру

  5. Маңдайына суық компресс басу

  6. Дәрігерді шақыру

  7. Дәрігер тағайындауы бойынша 5-10 мг нифедипин тіл астына беру, 50мг гипотиазид немесе 2мл лазикс еңгізу

  8. Дәрігер тағайындауы бойынша – к/т гипотензивті дәрілерді еңгізу (25%-5-10 мл магния сульфат,0,5 %- 1% 6-10мл дибазол ж2не басқалары )

  9. Шайнауға 0,325 гр аспирин беру

10.Қан қысымын қайталап өлшеу

Асқазаннан қан кету.

Асқазаннан қан кетуде фельдшерге арналған жедел жәрдем алгоритмі.

  1. Пациентті жатқызып эпигастрий аймағына суық басу

  2. Ауыз арқылы жеуге, ішуге,дәріні қабылдауға тиым салу

  3. Құсып қалса леген, клеенка және сүлгі дайындау

  4. Қанды тоқтату үшін аминокапрон қышқылын,дицинон,викасол,хлорлы кальций, реополиглюкин ерітінділерін еңгізу

5.пациенттің жалпы жағдайын бақылау: пульс, қан қысымы, терінің түсі

6. Құсқан кезде аспирацияның алдын алу үшін басын шетке бұру

7.Корсетілген комектің эффектілігін тексеру

8.Эффектілігінің критерийлері: есі анық, қан кету тоқтады

Өкпеден қан кету

Өкпеден қан кеткенде фельдшерге арналған жедел жәрдем алгоритмі.

  1. Пациентті жатқызып кеудесіне суық басу

  2. Ауыз арқылы жеуге, ішуге,дәріні қабылдауға тиым салу

  3. Құсып қалса леген, клеенка және сүлгі дайындау

  4. Қанды тоқтату үшін аминокапрон қышқылын,дицинон,викасол,хлорлы кальций, реополиглюкин ерітінділерін еңгізу

5.Пациенттің жалпы жағдайын бақылау: пульс, қан қысымы, терінің түсі

6. Құсқан кезде аспирацияның алдын алу үшін басын шетке бұру

Коллапс

Коллапста фельдшерге арналған жедел жәрдем алгоритмі.

  1. Науқасқа жастықсыз горизонтальды жағдай ыңғайлау, тосектің аяқ жағын котеру

  2. Науқасты жылыту үшін корпемен орау, аяқтарына жылытқыш қою

  3. Дәрігер тағайындауы бойынша: аминокапрон қышқылын,дицинон,викасол,хлорлы кальций, реополиглюкин ерітінділерін к/т еңгізу

  4. Тері астына кордиамин, кофеин, мезатон

  5. Пульсін, қан қысымын бақылау

Гипергликемиялық кома

Гипергликемиялық комада фельдшерге арналған жедел жәрдем алгоритмі.

  1. Қанда глюкометрмен қант мөлшерін анықтау немесе жедел лаборантты шақыру

  2. Несепті қантпен ацетонды анықтау үшін жинау

  3. 40 ЕД жай инсулинді еңгізу, ацидозбен қантты азайту үшін к/т 0,9% физ. Ерітіндісін еңгізу

  4. 2,5% 200мл гидрокарбонат натрий ерітіндісі

  5. Пациенттің жағдайын бақылау: пульсті, ҚҚ, денеТ өлшеу

  6. Терімен шырышты қабаттарын күту

  7. Пациентті реанимация бөліміне жеткізу