Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шыл жадайларда жедел кмек.docx
Скачиваний:
250
Добавлен:
24.03.2016
Размер:
63.87 Кб
Скачать

Кардиологиядағы жедел жәрдем жағдайлары Стенокардия ұстамасы

Себептері: Коронарлы артерия атеросклерозы.

Коронарлы артерия тарылуы.

Клиникалық белгілері: физикалық күш түскенде, стресс жағдайында, жылы бөлмеден суыққа шыққанда төс артында ауырсыну болады. Ауырсыну сол жақ қолға, иыққа, жақ астына, жауырынға беріледі. Ауырсыну қысып, кеудеден «бір зат» басқандай және күйдіру сезімімен сипатталды. Ұстама ұзақтығы 5-10 минутқа созылады.

Жедел жәрдем:

Физикалық –психикалық тыныштық.

Қан қысымын өлшеу, пульсін қадағалау.

ЭКГ түсіру.

Валидол – 0,06 гр, нитроглицерин – 0,0005г тіл астына немесе 1% нитроглицерин ерітіндісінің 4 тамшысын қантқа тамызып тіл астына беру.

Нәтиже болмаса нитроглицерин 3-5 минут сайын беру.

Ауырсынуды басу үшін литикалық қоспа беруге болады. Литикалық қоспа: 2 мл 2% папаверин гидрохлориді. 2 мл 50% анальгин, 2 мл 2,5% пипольфен 5 мл баралгин.

Егер нәтиже болмаса нифе**ипин ,02 тіл астына немесе молсидомин 0,002 егер 30 минуттан кейін ұстама басылмаса науқасты стационарға жеткізу.

Миокард инфарктісі

Себептері: 1. Коронарлы артерия атеросклерозы.

2. Коронарлы артерия тромбозы.

Клиникалық белгілері: Науқасты кеудені қысқан ауырсыну мазалайды. Ауырсыну сол жақ иыққа, қолға, мойынға, жауырынға бріледі.

Ұстама кезінде науқаста өлім үрейі болады және тыныс алуы қиындап науқас мазасызданады. Нитроглицеринге ауырсыну басылмайды. Қан қысымы төмендеуі мүмкін, ритм бұзылады. Бірақ кей жағдайда миокард инфарктісінің аптиптік ағымын байқауға болады. Ауырсыну эпигастрий аймағына немесе іш құрсағына берілуі мүмкін. Осы кезде жүрек жетіспеушілік белгілері дамуы мүмкін. Патологиялық процесстерді анықтау кезінде ЭКГ көрсеткіштері өте маңызды.

Жедел көмек: Тез арада реанимация бөліміне жеткізу алдында ауырсыну синдромымен күресу, асқынулардың алдын алу. Науқасты физикалық-психикалық тыныштандыру.

1. Қан қысымын өлшеу, пульсін қадағалау, тынысын қадағалау. ЭКГ- ге түсіру.

2. Тіл астына изокет - спрей ингаляциясы немесе 1т. нитроглицерин беру. Оларды 2-3 рет 1 таблеткадан 5-10 мин. сайын қайталау.

3. Ылғалды оттегін беру.

4. Шайнап жұтуға аузына 325 мг аспирин беру.

5. Миокард инфарктісі кезінде жай анальгетиктерден нәтиже болмайды, ауырсыну басылмайды. Сондықтан наркотикалық анальгетиктер қолдану қажет. 2 мл 1% морфин, 2 мл 2% промедол немесе 2 мл 2% пантопан, 0,3 – 0,5мл 0,1% атропин сульфат ерітіндісімен көк тамырға 1-2 мл трамал ерітіндісін көк тамырға немесе бұлшық етке енгізу. Жедел ауырсыну синдромында, қозу, қорқыныш кезінде анальгетиктер мен транквилизаторлар қолданады. 1 мл 2% промедол немесе 1 мл 1% морфин, 2 мл 0,5% диазепам ерітіндісімен қосып (седуксен, реланиум) көк тамырға ақырындап 10 мл 0,9%ий хлорид ерітіндісімен енгіземіз.

6. Нейролептанальгезия: 2-4 мл 0,25% дроперидолмен 2 мл 0,005% фентанил ерітіндісін көк тамырға.

7. Ингаляциялық наркоз оттегімен және азот тотығын қосып беру.

8. Тромбоэмболиялық асқынулардың алдын алу үшін көк тамырға 10 000 -15 000 ЕД гепаринді 20 мл 0,9% натрий хлорид ерітіндісімен қосып енгізу. 9. Науқастың қан қысымын , ЭКГ, пульсін, тынысын үнемі қадағалау.

Кардиогенді шок

Себептері: Миокард инфарктісі. Миокардиттер. Миокардтың токсиндермен зақымдануы. Аритмиялар (жүректің ретсіз соғуы).

Клиникалық белгілері:

Қан қысымының бірден төмендеуі 80/30 мм сын.бағ., төмен, тері түсінің бозаруы, акроцианоз, суық жабысқақ тер басу, аяқ-қолдарының сууы. Ентікпе үдей түседі, тахикардия, олигурия, есі тежеледі, адинамия. Жүрек тұсында ауырсыну барлық сырқаттарда болмайды.

Жедел жәрдем:

Науқасты жатқызу.

Тіс протездерін алу, таза ауа жұтқызу.

Оттегін беру.

Науқасты реанимация бөліміне жеткізу, ЭКГ түсіру.

Ауырсыну синдромын басу (бір мезгілде).

1% -1мл мезатон көктамырға еңгізіп, эффект болмаса 0,2% -1 мл норадреналин гидротартраты 200-400 мл 5% глюкоза ерітіндісінде немесе реополиглюкинмен көктамырға және тамыр соғысы жиілігін бақылау арқылы немесе 0,5% - 5 мл допаминді 200 мл -9% Na Cl ерітіндісінде көктамырға тамшылатып.

Сонымен қатар 120 мг преднизолон көктамырға, 0,05% - 0,5 мл строфантин ерітіндісін 20 мл -0,9% Na Cl ерітіндісіне қосып.

Дымқылдап оттегін беруді жалғастырыңыз.

Гипертензивті криз

Себептері: Психоэмоциональді стресстер.

Сыртқы ортаның қолайсыз факторлары.

Алкогольді көп мөлшерде қабылдау.

Артериальды гипертензиямен ауыратын науқастардың гипертензивті препараттарды қолданбауы және басқалар.

Клиникасы:

І типті криз жедел дамиды. Бас ауру, бас айналу, лоқсу, құсу, көз алдында бұлдырау пайда болады. Науқас қозып, денесі қызып, дірілдеп, жүрегі қағып, ауырып, кейде шалыс соғады. Бет-мойын, кеуде терісінде қызыл дақтар пайда болады, терісі суланады. Тахикардия байқалады, қан қысымы көтеріледі, көбінесе систолалық (200 мм сын. бағ. одан жоғары), пульсті қысым төмендейді.

ІІ типті криз (гипокинетикалық) баяу дамиды. Жағдайы бірнеше сағатта немесе тәулікте нашарлайды. Біртіндеп бас ауруы күшееді: лоқсу, құсу, әлсіздік, көру, есту қабілетінің төмендеуі пайда болады. Пульсі қатайған. Қан қысымы өте көтеріңкі, әсіресе диасталолық (140-160 мм сын.бағ.).

Жедел көмек:

Науқасты ыңғайлап жатқызып, басын көтер.

Физикалық және психикалық тыныштық ұйымдастыру.

Қан қсымын өлше, пульсін, дем алу жиілігін сана.

І типті гипертензивті кризде:

- 0,1% -5 мл обиздан ерітіндісін баяу;

0,9% -20мл натрий хлорид ерітіндісін көк тамырға енгіз,

1% -5-10мл дибазол көк тамырға,

0,5% -2мл седуксен көк тамырға немесе бұлшық етке

0,25% - 2 мл дроперидол

5. ІІ типті гипертензивті кризде:

- 0,01% -2мл клофелин бұлшық етке

- 0,9% -20мл натрий хлорид ерітіндісін көк тамырға;

- 2-4 мл лазикс немесе фуросемид;

- 2,5% 10мл магний сульфат;

- 0,5% -5мл новокаин бұлшық етке;

- 2,4% -10 мл натрий хлорид ерітіндісін көк тамырға.

6. Қарт және жасы ұлғайған адамдардың асқынбаған кризде 0,15 – 0,3 г клофелинді және 0,04г фуросемидті ауыз арқылы беруден бастайды.

7. Қан қысымын алғашқыдан 25% -тен артық түсіру болмайды.

Шұғыл жәрдем көрсетілгеннен кейін бұл науқастарды жедел көмек көлігімен кардиологиялық бөлімшеге жеткізу керек.

Жедел сол қарыншалық жетіспеушілігі, (Жүрек демікпесі, өкпе шемені)

Себептері:

Артериальді гипертензия.

Миокард инфарктісі.

Аритмиялар.

Жүрек ақаулары.

Миокардиттер, эндокардиттер.

Кардиосклероз.

Клиникасы: Тұншығу ұстамасы көбінесе түнде ұстайды. Дем алуы да, шығаруы да қиындайды. Өлім үрейі пайда болады. Науқастың жағдайы қолайсыз, аяғын түсіріп отырады. Терісі көгеріп, суық тер басады, тыныс алуы жиілейді. Қызғыл түсті қақырықпен жөтел пайда болады. Жүрек демікпесі ұзарып, өкпе шеменіне айналса, қызғылт түсті көпірген қақырық пайда болады. Пульсі жиілеген, қан қысымы себебіне қарай жоғары, қалыпты немесе төмен болуы мүмкін.

Жедел көмек:

Бұл жағдайда шұғыл интенсивті терапия жүргізу керек:

Науқасты аяғын түсіріп ыңғайлап отырғызу керек.

Ылғалданған оттегін беру.

Қан қысымын өлшеу, ЖЖЖ, дем алу жиілігін бақылау.

7-10 минут сайын тіл астына 1 таблетка нитроглицериннен беру.

Мүмкіндік болса 1% -3мл нитроглицеринді 0,9% -200 мл натрий хлорид ерітіндісімен өте баяу енгізу (Қ/Қ бақыла).

Жүрекке венозды қан келуін азайту үшін көк тамырға жылдам 2-4 мл лазикс (фурасемид) енгіз.

Наркотикалық анальгетиктер және нейролептоанальгезия

- 1%-1 мл морфин,

- 0,1% -0,5мл атропин,

- 0,9% -10мл натрий хлорид ерітіндісін көк тамырға баяу енгіз (60 жастан асқан науқастарға морфиннің орнына 2% - 1мл промедол),

- 0,25% - 2-4мл дроперидолды 0,005% 1-2мл фенатилмен көк тамырға,

- 0,9% -10 мл натрий хлорид ерітіндісімен (ҚҚ бақыла).

8. 70 - 96% этил спирті немесе 10% антифомилан ерітіндісі арқылы оттегін мұрын арқылы катетермен беру.

9. Жүрек демікпесі мен өкпе домбығы гипотензия кезінде дамыса көмекті 4% -5мл допаминді 200 мл реополиглюкинда, 0,9% натрий хлорид, 5% глюкоза ерітіндісінде және 30-60 мг преднизолоннан баста, сонымен қатар нитраттар және қалыпты қан қысымындай шаралар жүргіз.

10. Егерде жүрек демікпесі немесе өкпе домбығы гипертензиті криз кезінде дамыса нейролептоанальгезия мен 4-6 мл лазикс енгізгеннен кейін 5%-1 мл петамиді, 0,9% - 20мл натрий хлорид ерітіндісімен өте баяу көк тамырға енгіз (коллапс дамуы мүмкін) немесе 0,01% - 1 мл клофелинді, 0,9% - 20 мл натрий хлорид ерітіндісін енгіз.

11. Көк тамырға нитроглицерин және жүрек гликозидтерін енгізуге болады: 0,05% - 0,3 -0,5 мл стофантин, 0,025% -1 мл дигоксинді (жүрек гликозидтерін миокард инфарктісінде, митральді стенозда, қарыншалық тахикардияда қолданбайды).

Өкпе домбығының ұстамасын басқаннан кейін науқасты терапиялық немесе кардиологиялық бөлімшеге жеткізу керек.