Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шыл жадайларда жедел кмек.docx
Скачиваний:
250
Добавлен:
24.03.2016
Размер:
63.87 Кб
Скачать

Гипотиреоидты кома

Себептері:

  1. Емделмеген немесе толық дұрыс емделмеген гипотиреоз (жиі суық мерзімде қарт кісілерде кездеседі).

Бейімдеуші факторлар:

  1. Суықтану

  2. Қан кету.

  3. Пневмониялар

  4. Жүрек жетіспеушілігі.

  5. Гипоксия.

  6. Гипогликемия.

  7. Әр түрлі жарақттар және т.б.

Клиникасы: Кома ОНЖ (орталық немесе жүйке жүйесінің) тежелуінің ұлғаюымен басталады (летаргия, депрессия, ступор, кома). Науқастың кенеттен дене қызуы түсіп, кейін негізгі алмасуы төмендейді. Ауыр түрдің жүрек қан тамыр жетіспеушілігі, брадикардия және артериялық гипотензия байқалады. Гипотиреозға тегіс бұлшық еттің атониясы тән, бұл жедел зәрдәң тоқтауымен және механикалық ішек жүрмеуімен байқалады. Дер кезде көмек көрсетпесе, науқас жүрек қан тамыр және тыныс алу жетіспеушілігінен өледі.

Жедел көмек:

  1. Госпитальға дейінгі этапта гипоксияның алдын-алу мақатымен оксигенотерапия жүргізу. Керек болса интубация және жасанды өкпе желдету жүргізу.

  2. Гипогликемияны түзету үшін 20-40 мл 40% глюкоза ерітіндісін көк тамырға енгізу, 200 мг гидрокортизон сукцинат немесе басқа эквивалентті мөлшерде глюкокортикоидты препарат жасау.

  3. Жиі артериялық қысымды, жүректің жиырылуын қадағалап тұру.

  4. Коллапспен күресу үшін көк тамырға тамшылатып реополиглюкинді құю, 5% глюкоза ерітіндісін енгізу және науқасты реанимация бөліміне жеткізу.

Жедел бүйрек жетіспеушілігі

Себептері:

  1. Преренальды: іш өтумен, қан жоғалтумен байланысты, циркуляциядағы қан мөлшерінің төмендеуі.

  2. Жарақат шогі, электрошок – күйік, үсік

- анафилактикалық шок

- сәйкессіз қанды құю және т.б.

3. Ренальды: - жеке гломерулонефрит.

-ауыр металл тұздарымен, әр түрлі токсиндармен улану;

- ауыр инфекциялар.

4. Постренальды: - зәр шығару жолдарының тастармен бітелуі.

- ісіктер, бүйрек артерияларының тромбозы және т.б.

Клиникасы:

Жедел бүйрек жетіспеушілігінің төрт дәрежесін ажыратады:

І дәрежесі – бастапқы. Бірнеше сағаттан 6-7 күнге дейін созылады. Аурудың негізгі белгілері: қызба, қалтырау, 400-600 мл тәулігіне дейін тәуліктік диурез төмендейді.

ІІ дәрежесі – олигоануриялық. Диурезі анурияға дейін барады, ісік күшейіп, Қ/Қ көтеріледі, әлсіздік басталып, ұйқышылдық, жүрек айну, бел тұсында ауырсыну, бастың ауруы, тырысулар, жүрек демікпесінің ұстамасы болады. Бұған тәбеттің төмендеуі тән. Қанның төмендеуі анықталады. Лейкоциттер мөлшері жоғарылап, мочевина қалдығы және креатинин көтеріледі. Өлім қауіпі болуы мүмкін.

ІІІ дәрежелі – полиуриялық. Біртіндеп диурез 1,5 -3л тәулігіне дейін көбейеді. Зәрдің тығыздығы төмендейді, біртіндеп ІІ-шідәреженің клиникасы төмендеп, жойылады.

ІVдәрежесі – жазылу. Бүйрек жұмысы қалыптасып, диурезі қалпына келеді. Бұл 3-12 айға созылады.

Жедел жәрдем:

Дереу науқасты интенсивті терапия бөліміне жеткізу немесе реанимация бөліміне тасымалдау (гемодиализ емі қамтамассыздандырылған).

Госпитальға дейін мүмкін болса себепті жою.

Микроциркуляцияны жақсарту үшін көк тамырға 5мл -0,05% допамин ерітіндісін, 200 мл -5% глюкоза ерітінідісіне қосып енгізу.

Аяққа жылытқыш басу.

Көк тамырға 4-6 мл лазикті енгізу.

Қан тамырдың жиырылуын қалыптастыру үшін көк тамырға тамшылатып полиглюкин, реополиглюкин (400мл) немесе гемодез (400мл) жіберу.

Постренальды бүйрек жетіспеушілігінде негізгі ем – хирургиялық жол. Сол үшін науқасты дереу урологиялық немесе хирургиялық бөлімшелерге жеткізу.