Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шыл жадайларда жедел кмек.docx
Скачиваний:
250
Добавлен:
24.03.2016
Размер:
63.87 Кб
Скачать

Бауыр комасы

Себептері:

  1. Жедел вирусты гепатит.

  2. Созылмалы гепатит.

  3. Бауыр циррозы.

  4. Гепатотропты улармен улану.

  5. Токсикоаллергиялық гепатит.

  6. Септикалық жағдай.

  7. Ауыр күйіктер, үсу т.б.

Клиникалық белгілері: Бауыр комасы кзінде 3 сатысын ажыратады.

І саты: Кома алды сатысы. Басталуы аяқ астынан немесе біртіндеп басталады. Орталық жүйке-жүйесі жағынан өзгерістер болуы мүмкін. Науқастың психикасы өзгереді, науқаста ренжігіш, немқұрайлылық болады. Эмоциональды өзгерістер байқалады: эйфория, апатиямен ауысады және қажу дәрежелері анықталады. Күндізгі уақытта науқас ұйқышыл болады, ал түнде ұйқысыз болады, тәбеті төмендейі, іш қуысында ауырсыну, жүрек айну, құсу, кейде ықылық, есінеу болады. Тері қабатында сарғаю және қасыған іздер болады.

ІІ саты:Қауіптенген кома. Есінің бұзылуымен сипатталады. Сандырақтай және елес пайа боолады. Науқастар уақытты ажырата алмайды. Қозушылық байқалады, терісінде қасыған іздер және сарғаюмен қатар ұсақ нүктелі қан құйылуы болады. Көзінде өзгерістер, көз қарашығы кеңейген. Аузынан бауыр иісі шығады, тілі қызарған (таң қурайдай). Тремормен сипатталады, тістің қызыл иектері қанайды, мұрыннан, өңештен, асқазаннан қан кету болады. Қ/Қ төмендейді, жүрек жиырылуы жоғарлайды. Бауыр, пальпация кезінде үлкейген, ауырсынады. Зәр мөлшері кенеттен азаяды.

ІІІ саты: Толық бауыр комасы. Жағдайы ауыр, есі жоғалған, патологиялық рефлекстер басталады (сору, ұстау, Бабинский, шүйде бұлшық еттері тартылады). Геморрагиялық синдром анық болады, Куссмаул тынысы, ауыздан шикі бауыр иісі шығады, тахикардия, ҚҚ төмендейді, толық анурия, бауыры кішірееді. Чейн - Стокс тынысы болады. Содан кейін тынысы тоқтайды.

Жедел жәрдем:

  1. Комның жедел дамуына науқасты реанимация бөлімшеіне бір жақ қырына жатқызып жеткізу. КК өлшеу, пульс және тыныс алуын қадағалау.

  2. Тасымалдау үстінде ылғалды оттегін беру және көк тамырға 5% глюкоза ерітіндісін, полиглюкинді енгізу.

  3. Көк тамырға 150 мг преднизолонды жіберу.

  4. Психомоторлы қозуда бұлшық етке 1-2 мл – 0,25% дроперидол ерітіндісін (тыныс алу мен ҚҚ бақылап тұру) немесе 2 мл -2,5% пипольфен ер3т3нд3с3н немесе 10 мл -20% натрий хлор оксибутират ерітіндісін 20 мл - 40% глюкоза ерітіндісіне қосып көк тамырға енгізу.

Жедел токсикалық гепатит кезінде антидонтты терапия жүргізу керек:

  1. Ауыр металдармен уланғанда бұлшық етке 5-10 мл – 5% унитиол ерітіндісін енгізу.

  2. Сынап қосындыларымен, қорғасынмен уланғанда 5-10 мл -30% натрий хлорид тиосульфат ерітіндісін көк тамырға баяу енгізу.

Кейінгі емі реанимация бөлімшесінде жалғасады.

Жедел улануларда бірінші көмек

Жедел уланулар

Жедел улану бұл химиялық себептен туатын ауру. Адам ағзасына химиялық заттардың токсикалық дозада түсуінен кейін дамиды, осы кезде организмге қажетті функцияларды бұзады және өмірге қауіп төнеді. Уланулар тұрмыстық (98% жағдайда) және өндірістік (2% жағдайда) болып бөлінеді, ал себебіне байланысты кездейсоқ және әдейі болады.

Кездейсоқ уланулар - өзіндік емдеуде, дәрілерді қалыптан тыс қабылдағанда, медициналық қателер салдарынан, кездейсоқ жағдайларда, наркотикалық немесе ішімдік интоксикация бетінде дәрілік заттарды қабылдағанда болады.

Әдейі уланулар - өзін-өзі өлтіру мақсатында болады (суицидтік уланулар) немесе зардап шегуші қолайсыз жағдайда яғни ұрлықта, өлтіруде, зорлауда (криминалдық уланулар). Ағзаға улар әр түрлі жолдармен енеді. Тыныс жолары арқылы, тері арқылы, пероральды, тамыр арқылы, тері асты, бұлшық ет арқылы, коньюктива, қынап, тік ішек арқылы енеді.

Клиникалық бейнесіі:

Арнайы белгілерін табу қажет. Әр түрлі жүйелердің және мүшелердің зақымдануы негізгі синдром болып табылады. Осы арқылы жағдайы шешіледі – кома, экзотоксикалық шок, жедел тыныс алу жетіспеушілігі.

Нерв жүйесінің зақымдануының симптомдары: бас ауру, елес, делирий, тырысулар, паралич, кома.

Ас қорыту жүйесінің бұзылуындағы симптомдар ауыздың шырышты қабатының қабынып өзгеруі, құсу, іш өту.

Қан айналымы бұзылғандағы симптомдар: бради немесе тахикардия, артериялық гипо немесе гипертензия, экзотикалық шок.

Тыныс алу жүйесінің функциясы бұзылғандағы симптомдар: бради немесе тахипноэ, Куссмауль тынысы, ларингоспазм, өкпенің токсикалық ісігі.

Бүйрек зақымданудағы симптомдар: диурездің төмендеуі, жедел бүйрек жетіспеушілігінің белгілері.

Диагностика: Ауруханаға дейінгі этап қазіргі токсикологиялық анамнезіне, сақталған жағдай анализіне, жедел уланудың клиникалық белгілеріне негізделеді. Токсикалық анализ жинағанда – удың түрін, оның дозасын, қабылдаған уақытын, организмге түсу жолын анықтау керек. Шашылған дәрілердің қабығына, өндірістік заттардың химиясына, алкогольдік шырындардың ыдысына көңіл бөлу керек. Жеңіл уланудың диагностикасында жиі удыңтүрін анықтау мүмкін емес, бірақ клиникалық суретке қарап оның туынды тобын анықтау қиын емес (жүрек, жүйке, бауыр, қан, ас қазан, ішек немесе өкпеге ететін улар).

Жедел жәрдем:

Жедел уланумен немесе соған күмән туған науқастарды дереу ауруханаға жеткізу керек.

  1. Тыныс алуға және қан айналымға қауіп төнсе, оны түзетутыныс алу жолдарының өткізгіштігін қалыптастыру, ЖӨЖ жүргізу, көрсеткіш бойынша кеңірдекке интубация, трахеостомия, өкпенің токсикалық ісігін емдеу, плазма ауыстырғыштардың инфузиясы, жүрек ырғағын және өткізгістігінің бұзылысын бекіту, ауырсыну және тырысу синдромын басу).

  2. Антидоттарды енгізу, егерде удың түрі белгілі болса. Антидоттар ағзадағы токсикалық заттардың метобилизмнің өзгеруіне жақсы әсер етеді немесе оның улылығын төмендетеді. Антидот ретінде кең қолданылады, активті көмір-пероральды улануда, 0,1% атропин ерітіндісі – саңырауқұлақтармен улдануда, жүрек гликозиттерімен, фосфор органикалық туындылармен, пилокарпинмен улануларда, 5% В6 витамин ерітіндісін –тубазидпен, фимтовазидпен улануларда, 5% унитиод еріңтіндісін – ауыр темір тұздарымен улануларда, оттегі-көміртегі оксидімен уланғанда, 3% натрий тиосульфат ерітіндісін –синиль қышқылымен уланғанда, 0,5% белигрид ерітіндісін – барбитураттармен, ішімдікпен улануларда, этил спиртін (30% ішке, 5% көк тамырға ерітінді) – метил спиртімен улануда.

  3. Симптоматикалық терапияны тоқтатыңыз.