Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шыл жадайларда жедел кмек.docx
Скачиваний:
250
Добавлен:
24.03.2016
Размер:
63.87 Кб
Скачать

Қышқылдармен және сілтілермен улану

Қышқылдар өндірісте және өнеркәсіптерде қолданылады. Бұлар өндірістік химия, бояғыштар, тыңайтқыш құрам заттарына кіреді.

Сілтілер – химиялық, терілік, қағаз, мәтіндік салаларда қолданылады, сабын жасауда қолданылады. Медицина тәжірибесінде – сілті, мүсәтір спирті жиі қолданылады.

Сірке эссенциясымен улану жиі кездеседі. Бұл ішке түскенде ауыздың шырышты қабатын, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, ішектің химиялық күйгіне себеп болады.

Клиникалық бейнесі:

Уланғанда кенеттен ауыздың шырышты қабатында, өңештің бойында, эпигастрий аймағында ауырсыну пайда болады. Саливация жоғарлайды, қан аралас құсық пайда болады, механикалық асфиксия дамиды, жұтқынның күйігіне, ісінуіне байланысты.

Психомоторлық қозулар байқалады, кейін экзотоксикалық шок дамиды, эритроциттерде гемолиз белгілері байқалады: зәр қызғылт түске боялады, бірнеше тәулікте склераның иктериясы байқалады және терінің сарғаюы болады.

Қышқылдар коагуляция, ал сілтілер – колликвационды некроз тудырады.

Жедел жәрдем:

Барлық науқастарды араластырылған сірке қышқылын қабылдасада міндетті түрде ауруханаға жеткізу керек. Оған дейін:

  1. Асқазанды жуу алдында жансыздандыруды жүргізу керек (промедол, морфин, анальгин, атропин немесе азот тотығымен ингаляция наркоз).

  2. Міндетті түрде суық сумен жуу, зонд арқылы вазелин жағылған қышқыл қабылдаған адамдардың асқазанның натрий биокарбонат ерітіндісімен шаюға болады.

  3. Тыныс алуды және қан айналымды жақсарту керек, көк тамырға инфузия (қышқылдармен улануда – 4% натрий бикарбонат 400 -600 мл ерітіндісін енгізу).

  4. Экзотоксикалық шок кезінде оған қарсы ем жүргізу.

Фосфор органикалық туындылармен улану

Улануды тиофос, хлорофос, дихлофос тудырады. Бұл заттар психотроптық нейротоксикалық әсер көрсетеді. Ағзада олардың токсикалық метоболиттары жасалады, бұлар калинестерозды бекітеді.

Колинестероз – бұл нервтік импульстерді әр түрлі нерв жүйесінің бөлігіне тамысалдауды қатамассыз ететін фермент.

Клиникалық белгілері:

Улану кезінде перифериялық және орталық нерв жүйесінің зақымдану белгілері байқалады: миоз, көрудің бұзылуы, саливацияның жоғарлауы, бронхорея, юронхоспазм, диарея, брадикардия, психомоторлық қозу, тырысулар, кома, тыныс алу орталығының параличі, артериялық қысымның төмендеуі, жүрек ырғағының бұзылуы, өкпе ісігінің белгісі, ми ісігі, экзотоксиклық шок.

Жедел жәрдем:

Форфор органикалық туындылармен уланғанда дереу науқасты ауруханаға жеткізу керек, оған дейін:

  1. Асқазанды жуу, активті көмір беру, тұзды іш босататындар (250 мл вазелин майын, 30г магний сульфат).

  2. Сифонды клизма қою.

  3. Антидотты терапия жүргізу – көк тамырға холинолитиктер енгізу (0,1% атропин сульфат ерітіндісін) мөлшері керекті атропинизация симптомына дейін, тері құрғақтығы, тахикардия және көз қарашығы кеңейген (10-20 мл-ге дейін).

Саңырауқұлақтармен улану

Улану – жеуге керексіз, жейтін, бірақта, дұрыс кулинарлық өңдеуден өтпеген, қауіпті экологиялық жерде жиналған саңырауқұлақтарды қолданғанда болады.

Клиникалық белгілері:

Саңырауқұлақтың түріне байланысты ауру жедел гастроэнтеритпен басталады, кейін психикалық бұзылыстар қосылады – делирий, сандырақ, мүшелердің және жүйелердің зақымдану белгілері байқалады.

Жедел жәрдем: Саңырауқұлақтармен жедел уланған науқастарды дереу аурухананың токсикологиялық немесе реанимациялық бөлімшесіне жеткізу керек.

Ауруханада:

  1. Асқазанды жуу, саңырауқұлақты қолдану уақытында тәуелсіз іш босататын тұздарды қолдану, активті көмір.

  2. Шок кезінде инфуздя терапия жүргізу 5% глюкоза ерітіндісін, реополиглюкин, полиглюкин.

  3. Естен тануда инфузия ретінде 4% натрий гидрокарбонат ерітіндісін қолдану.

  4. Мухомормен улануда көк тамырға антидот енгізу: 1-2 мл – 0,1% атропин сульфат ерітіндісін.

  5. Бұлшық етке 10 мл -5% унитиол ерітіндісін, 2 мл – 0,5% липой қышқыл ерітіндісін, 90 -180 мг преднизолон ерітіндісін енгізу, тері астына 1 мл- 30% витамин «Е» ерітіндісін енгізу.