Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шыл жадайларда жедел кмек.docx
Скачиваний:
250
Добавлен:
24.03.2016
Размер:
63.87 Кб
Скачать

Дәрілік препарттармен улану

Ең қауіпті улануларды кардиотоксикалық (антиаритмиялық препараттар, жүрек гликозиттері) және психотроптық улар (ұйықтататын заттар, нейролептиктер, транквилизаторлар, наркотиктер) шақырады.

Клиникалық белгілері:

Кадиотоксикалық улар жүрек ырғағының әртүрлі бұзылытарын және жүрек жұмысын бұзады. Тез жедел жүрек жетіспеушілігіне алып келеді, аритмогендік шок немесе кенеттен жүректің тоқтауы ретінде түрлері болады. Психотроптық улар орталық нерв жүйесінің тежелуін тудырады. Ұйықтататын заттармен уланғанда клиникасында: ес-түсінің бұзылуы, тыныстық және қан айналымының бұзылуы және де трофикалық өзгерістер, бүйрек функциясы бұзылады.

Наркотикалық заттармен уланғанда бас-ми қабығының қозғалысы тежелінеді, тыныс алу және жөтелдік орталықтары төмендейді. Құсу және қыдырма нерв орталықтарының қозуы байқалады. Бронхтардың тегіс бұлшық етті тонустары және қуықтың сфинктері жоғарлайды.

Жедел жәрдем:

  1. Уланған уақытына қарамастан асқазанды жуу.

  2. Тұзды іш босататындар енгізу.

  3. Оксигенотерапия жүргізу, керек болса жасанды өкпе желдету.

  4. Жүрек ырғағының бұзылыстарын түзеу.

  5. Антидоттар қолдану.

  6. Симптоматикалық терапия жүргізу.

Көмір қышқыл газымен улану

Көмір қышқыл газымен улану көбінесе гаражда болады, пешлі дұрыс қолданбағанда, газдың кетуі, пәтерлерде авариялық немесе өртте газопроводтың зақымдануынан. Көмір қышқыл газдың иісі, түсі болмайды, шырышты қабаттарды тітіркендірмейді.

Ағзада көмір қышқыл газы тұрақты қосынды жасайды, екі валентті темір гемоглобинмен – карбоксигемоглобин, ал бұл оттегін тасымалдай алмайды, кейін гемикалық гипоксияға алып келеді.

Клиникалық белгілері:

Жеңіл улануда науқаста бас айналу, жүрек айну, құсу, құлақта шу, бас ауру, төс артында ауырсыну болады. Елес болуы мүмкін, кейін есі кіреді-шығады, жоғалуы да мүмкін, тахикария, артериялық гипертензия, тырысулар байқалады. Көзге көрінетін шырышты қабаттардың ашық-қызғылт түске боялуы көрінеді.

Ауыр түрде улануда науқас ес-түссіз, тырысулар болады, менингеальды симптомдар, орталық генездің қалтырауы, тахикардия, жүрек ритмінің бұзылысы, тихипноэ, Чейн-Сток тынысы.

Дереу уланғанда (жиі өрт кезінде) науқас кенеттен ес түсін жоғалтып, құлап, тырысулар басталады. Клиникасы субарахноидалды қан құйылуға ұқсайды. Тынысы тез тоқтап, 35 минуттан кейін жүрегі тоқтайды, терісі қызғылт түсті болады, өрт кезінде жиі жоғары тыныс алу жолдарының күйігі байқалады, зардап шегушіде механикалық асфексия болуы мүмкін.

Жедел жәрдем:

Ауруханаға көрсеткіш гипербариялық оксигенация бөлімшесіне. Оған дейін:

  1. Зардап шегушіні қауіпті ошақтан шығару.

  2. Оттегі инголяциясын жүргізу.

  3. 5-10 мл -5% унитиол ерітіндісін 3060 мл – 30% тиосульфат ерітіндісін енгізу.

  4. 5 – 10% глюкоза ерітіндісін, В,Стобындағы витаминдер глюкокортикоидтар (90- 120 мг преднизолон), 10 мл – 2,4% эуфиллин ерітіндісін көк тамырға инфуздф терапия жүргізу.

Жедел ішімдік және оның сурогаттарымен улану

Ішімдік ретінде спиртті шырындарды түсіну керек, бұның негізі болып таза этил спирті (арақ, коньяк, вино, ром, ликер) жатады.

Ішімдік сурогаттары – бұл техникалық және гидролизденген спирттер - әтірлер, лосьон, самогон, клей, метил спирті.

Клиникалық белгілері және диагносттикасы.

Токсикалық дозадағы ішімдік басында масаю, кейін ес-түсінің жоғалуын шақырады. Улануға тән – кенеттен газдың гиповентиляциясы және метаболиттік ацизозбен, гипогликемия, терең артериялық гипотензия арефлексия, кейін аяғы тыныс алудың тоқтауын, өлімдік тудырады. Стридор немесе Чейн-Сток тыныс алуы байқалады, аноэ ұстамасымен жиі науқас құсық қалдығымен аспирацияланады. Тәуелсіз зәр шығару және дефекация. Ауыр жағдайда ішімдікпен улануда коматоздық жағдай басталады.

Алкогольдық команың асқынуы:

Жедел тыныс алу жетіспеушілігі, аспирационды – обтурационды тип ретінде орталық генездің апноэсі. Жедел қан тамыр жетіспеушілігінің қорытындысы, тамырқоз,алу орталығының тежелуіне әкеледі. Ұзаққа позиционды мыжылу синдромы.

Алкогольмен улануды бас –ми жарақаттарымен дифференциалау керек. Мидың қан айналымының бұзылуыменен, гипогликемиялық комамен, жиі метил спиртімен улану кездеседі. Ағзада ол формальдегидке және құмырсқа қышқылына дейін ыдырайды, бұл орталық нерв жүйесін зақымдайды, көз торын және көру нервісінің атрофиясын тудыраты. Бастапқыда науқасты жүрек айну, құсу мазалайды. Бір-екі тәуліктен кейін бұлшық етке бауырсыну, іште ауырсыну, көрудің бұзылуы, кома дамиды.

Жедел жәрдем:

Алкогольмен және оның суррогаттарымен уланған науқастарды стационарға жеткізу керек.

Аспирационды – обтурациялық синдромдардың алдын-алу үшін науқастардың бір қырына жатқызып, басын төмен қаратып тасымалдау.

Бұған дейін:

  1. Тыныс алуды және қан айналымды ретке келтіру.

  2. Асқазанды жуу (терең комадағы науқастарға, кеңірдектің интубациясынан кейін). Зонд арқылы тұзды іш босататындарды енгізу, активті көмір.

  3. Көк тамырға үздіксіз 10 мл – 5% унитиол ерітіндісін енгізу. 30- 100 мл – 30% натрий тиосульфат ерітіндісін, 40 мл – 40% глюкоза ерітіндісін, 4-6 мл –ен витамин В6 және В1 ерітінділерін енгізу, 3-5 мл АТФ ерітіндісін, 30 мг преднизолон ерітіндісін (бұлшық етке болады).

  4. Гипотензияда инфуздық терапия жүргізу, реополиглюкинмен немесе полиглюкинмен.