Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шыл жадайларда жедел кмек.docx
Скачиваний:
250
Добавлен:
24.03.2016
Размер:
63.87 Кб
Скачать

Жылан шағу

Бідің кеңдікте ең қауіпті жылан – гадюка (vipera berus) болып табылады. Бірақта оның шаққаны сирек өлімге әкеледі. Жылан бір рет шағып алғанда ағзаға 6-18 мг уын дейін жібереді. Удың құрамындағы шалуранидоз, фосполипоз және протсаз деген заттар ұлпалардың зақымдануын тудырып, некрозға әкеліп және қанның ұюын бұзады. Әр қашан қандай жылан шаққанын анықтап алу керек.

Клиникалық белгілері:

Гадюканың шаққаны аз ауырсынуды: шағып алған жерде улы тістің іздерін, түйіршіктің басындай бір-бірінен 1 см қашықтықта жатқанын көруге болады. Шаққын жері ісінеді, бұл просималды таралады және қызғылт көк түске боялады. Жанжағында петехиялар байқалады, геморрагиялық және гемолитикалық улану белгілері анықталады. Ошақты лимфа түйіндері ұлғаяды.

Бір сағаттан кейін удың резорбтивті симптомдар әсерлері басталады: жүрек айну, құсу, іш өту, әлсіздік, қорқыныш – үрей сезімі, коллапс. Егерде шағып алған кезде тамыр зақымданса, онда симптомдар ерте басталады. Мойын аймағын шағып алса өте қауіпті.

Жедел жәрдем:

Қоршаған адамдардың, әсіресе мед. Персоналдың естерінің шығуы, зардап шегушінің қорқыныш үрейі, жағдайының нашарлауы мүмкін. Сол себептен тыныштық жағдай сақтау керек. Науқастың қан және лимфаның қайтарым айналысын азайту үшін, шағып алған жерден жоғары жгут салу керек. Суық нәтиже бермейді. Егерде сарысу енгізбесе анафилактикалық әсердің болу қауіпі төнеді. Сол себептен аса улы жылан шаққанда уға қарсы сарысу енгізу крек. Егерде 2-3 сағаттан кейін симптомдар байқалмаса сарысуды енгізу мақсат емес.

Миокард инфарктісі

Миокард инфарктісінде фельдшерге арналған жедел жәрдем алгоритмі.

  1. Науқасты тыныштандыру, жатқызу

  2. Қысып тұрған киімдерін босату

  3. Тіл астына нитроглицерин таблеткасын беру

  4. Аспирин таблеткасын шайнауға беру

  5. Артериальды қан қысымын өлшеу

  6. Ылғалдырылған оттегін беру

  7. Жедел дәрігерді шақыру

  8. Нитроглицеринді қайталап беру

  9. ЭКГ түсіру

10.Дәрігердің тағайындауы бойынша:

- жансыздандыратын литикалық қоспаны еңгізу: 50% - 2мл анальгин, 2% -2мл папаверин,2,5%- 2мл пипольфен немесе 5 мл баралгин б/е.

11. Егерде ЭКГ-да миокард инфарктісі белгілері болса – 1%-2мл морфин, 2%-2мл промедолб/е.

12. Науқасты реанимация бөліміне зембілмен тасымалдау.

Стенокардия

Стенокардияда фельдшерге арналған жедел жәрдем алгоритмі.

  1. Науқасты тыныштандыру,физикалық, психикалық тыныштық

  2. Тар киымын босату

  3. Таза ауа желдету

  4. Жедел дәрігерді шақыру

  5. Пациентті жартылай отырғызу

  6. Тіл астына нитроглицерин таблеткасын немесе изокет-спрей

  7. 30 тамшы Морозов тамшыларын беру

  8. Аспирин таблеткасын шайнауға беру

  9. ЭКГ түсіру

10.Пациенттің жағдайын бақылау: пульсін, қан қысымын өлшеу

Тамақпен ұлану.

Тамқпен ұлануда фельдшерге арналған жедел жәрдем алгоритмі.

  1. Асқазанды зонд арқылы су тазарғанша жуу

  2. Жуынды суларды зерттеуге алу

  3. 20-30 гр активтелген көмір беру

  4. Регидратациялық терапия – регидрон беру

5. Шай – су паузасы ( 1-2 тәулік тамақтан бас тарту

Бронх демікпесі.

Бронх демікпесінде фельдшерге арналған жедел жәрдем алгоритмі.

  1. Науқасты қолына сүйендіріп отырғызу

  2. Тар киімін босату

  3. Терезені немесе форточканы ашу

  4. Қалта ингаляторынан бронхолитикті дем алуға беру

  5. Ылғалдырылған оттегіні беру

  6. Дәрігер келгенше дайындап қою: 2,4%- 10мл эуфиллин,60 мг преднизолон ерітіндісі, физ. ерітінді, 1% -1мл димедрол.