Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шыл жадайларда жедел кмек.docx
Скачиваний:
250
Добавлен:
24.03.2016
Размер:
63.87 Кб
Скачать

Жедел тамыр жетіспеушілігі.

Естен тану

Себептері:

  1. Жедел, қатты ауырсыну, қорқу, ауа жетпеу, қобалжу.

  2. Жүрек-қан тамыр аурулары (жүрек ақауы).

  3. Физикалық – психикалық күш түсу.

  4. Жұқпалы аурулар.

  5. Ішкі мүшелерден қан кету.

Клиникалық белгілері: Кенеттен әлсіздік болады, бас айналу, көзінің қарауытуы және көздің алдында «шіркей» ұшқандай болады. Аяқ-қолдың ұюы, сонымен қатар бұлшық еттің әлсізденуі және естен тану дамиды. Науқас ақырындап отырады, тері қабаты бозарады, аяқ-қолдың суықтануы сирек беткей дем алу, ҚҚ төмендейді, пульсі әлсіз. Естен тану жәй кезде өз бетімен тарайды, бірақ науқасты тезірек қалпына келтіру үшін келесі шараларды жүргізуі керек.

Жедел көмек:

  1. Науқасты жатқызып, аяқ жағын көтер.

  2. Кеудедегі киімін босат (жағассын, белін).

  3. Таза ауамен желдету.

  4. Бетіне, кеудесіне суық су бүркіп, бетінен шапалақтап, атын дауыстап шақыр.

  5. Мүсәтір спиртін иіскет, 9% сірке суымен самайын ысқыла.

  6. Аяғын ыстық жылытқышпен жылытып немесе қатты ысқыла.

  7. Эффект болмаса, 2 мл сульфокамфокаин немесе 1 мл -1% мезатон енгіз.

Кейін амбулаторлы немесе стационарда естен танудың себебін анықтау үшін тексеру керек.

Коллапс

Себептері:

  1. Инфекция (бактериальді, вирусты және басқалар).

  2. Интоксикация (тағаммен токсикоинфекция, саңырауқұлақтармен улану және т.б.).

  3. Гипо-гипергликемиялық жағдайлар.

  4. Панкреатит.

  5. Бүйрек үстінің жетіспеушілігі.

  6. Сусыздану. Қан кету және басқа жағдайлар.

Клиникалық бейнесі. Жалпы жағдайының аяқ асты нашарлауы, терісінің бозаруы, суық тер басады. Беті үшкірленеді, терісі мрамор түстес, еріндерінде цианоз. Дене температурасы төмендеген, науқас қимылсыз жатыр, тежелген. Есі сопорозды, дем алуы жиілеген, үстірт тахикардия, жүрек тондары айқын, қағып тұрады. Тамырлары жоғалып, қысымы төмендейді. Қан қысымының төмендеуі жағдайының ауырлығын білдіреді.

Жедел көмек: Коллапс себебін жою немесе әлсірету:

  1. Науқасты шалқасынан жатқызып, аяқ астына жастық салып көтеріңдер, жылытқыш қойыңдар.

  2. Ылғалданған оттегін бер.

  3. ҚҚ өлше, ЖЖЖ, дем алу жиілігін бақыла.

  4. Ыстық шай, кофе ішкіз.

  5. 9% натрий хлорид ертінідісін көк тамырға жалға оған 0,2% -1мл норадреналин, 1% - 1мл мезатон қос.

  6. Науқасты жылдам реанимацияға жеткіз.

  7. Тасымалдаған кезде 60-90 мг преднизолон немесе 200-300 мг гидрокортизона сукцинат (солу-кортеф).

  8. Қанды тоқтату үшін 10% -10 мл кальций хлорид көктамырға 5 мл гемофобин бұлшық етке 12,5% - 2мл дицинон көк тамырға баяу.

Кейінгі емдеу реанимация бөлімінде жүргізіледі.

Гипогликемиялық кома

Себептері:

Мөлшерден көп дозада инсулинді енгізу.

Тағамдардың көмірсулардың жетіспеушілігі.

Инсулин енгізгеннен кейін немесе глибенкламидті қабылдағаннан кейін тамақтану тәртібінің бұзылуы.

Диабетикалық нефропатиясы бар науқастардың инсулинге сезімталдығының жоғарлауы, ішімдіктен кейін интенсивті физикалық күш түскенде.

Салицилаттарды, сульфаниламид препараттарын, адреноблокаторларды инсулинмен немесе қантты төмендететін дәрілермен қабылдау.

Инсулинома, гипотереоз, созымалы бүйрек үсті жетіспеушілігі және т.б.

Клиникалық белгілері: кома тез басталады, бірнеше минут ішінде. Басында науқас қозулы, бұлшық еттердің гипертонусы және бет бұлшық етінің тартуы байқалады. Адекватсыздық мінез байқалуы мүмкін. Денесі дірілдеп, аштық сезім байқалады, кейін науқас ес түсінен айырылады. Артериялық қысым төмендейді, қандағы қант мөлшері азаяды.

Жедел жәрдем:

Гипогликемиялық алғашқы сатысы болса, оны басу үшін науқасқа көмірсуларға бай тағамдар беру: ол 50-100г, қант, жылы суға немесе шайға ерітілген. Мәмпәси, бал, 100 г ақ нан, печенье.

Мүмкіншілік болса қандағы қант мөлшерін анықтау (3,3 ммоль/л төмен).

Кеш сатыда дереу 40-80 мл -40% глюкоза ерітіндісін көк тамырға енгізу, бұдан нәтиже болмаса, онда 1-2 мл глюкагон ерітіндісін тері астына немесе бұлшық етке енгізу, ал егерде бұдан көмек шықпаса, онда 1 мл – 0,1% адреналин гипохлорид ерітіндісін тері астына жіберу.

Науқас есіне келісімен оған көмірсуларға бай тағам беру.

Гипергликемиялық, диабетикалық ,кетоацидозды кома

Себептері:

Бірінші рет анықталған қант диабеті (диагностикаланбаған қант диабеті).

Вирустық инфекция (тұмау, ЖРВИ, қызыша, қызамық, эпидемиялық паратит және т.б.).

Қант диабеті кезіндегі созымалы аурулардың асқынуы.

Жүйкелік немесе физикалық кері түсудің асқынуы.

Инсулин мөлшерінің жетіспеушілігі және т.б.

Клиникасы: баяу басталады, 2-7 тәулік ішінде науқас әлсіреп, жұмысқа деген құштарлығы төмендейді. Ұйқышылдық пен сылбырлық ұлғаяды. Тәбеті төмендейді, қатты шөлдеу, ауыз шырыш қабатының құрғауы, жиі зәрге отыру байқалады. Кейін жүрек, айну, құсу, іште ауырсыну, сұйық нәжіс қосылады. Әлсіздік ұлғаяды, тынысы терең, шулы. Тері шырыш қабаттары құрғақ, шығарылған ауада ацетон иісі шығады. Біртіндеп есінің жоғалуы, апатия, психикалық депрессиядан кейін басталуы мүмкін. Жүрек тондары күңгірт, тахикардия, қан қысымы төмен.

Жедел жәрдем:

Таза ауамен қамтамасыз ету немесе оттегімен дем алдыру.

Қан қысымын, лүпілін қадағалап тұру.

Мүмкіндік болса қандағы қант мөлшерін анықтау (50 ммоль/л дейін).

Науқасты дереу реанимаци бөлімшесіне жеткізу.

Тасымалдау кезінде науқасқа регидрация жүргізе бастау керек, көк тамырға натрий хлорид ерітіндісін енгізу.

Қан қысымы төмендегенде 1 мл – 1% мезатон ерітіндісін көк тамырға енгізу, 60-90 мг преднизолон жіберу.

Тиреотоксикалық криз

Себептері:

Қалқанша безіне операциялар жасағанда

Психикалық жарақат.

Қалқанша безін сипалап басуды дөрекі жүргізу.

Екіқабат әйелдердің токсикозы.

Антитиреоидтарды кенеттен беруді тоқтату.

Диффузды токсикалық зоб, бірінші рет пайда болғанда, ұзақ уақыт емделмегенде және т.б.

Клиникасы: тиреотоксикоздың белгілері жедел басталып, кенеттен ұлғаюына тән: психикалық және қозғалыстық алаңдау ұлғаяды, қозулық байқалады. Науқас өлім үрейін сезеді, тұншығу, жүрек тұсында ауырсыну, жүректің жиі соғуы, бас ауырсыну. Дене қызуы 39-400С, терісі ыстық, қызарған, терісі профуздық теріден ылғалды. Ентігу байқалады, тахикардия, жүрек жиырылуы 1 минутына 150 рет, жиі аритмия, жүрек-қан тамыр жетіспеушілігі, артерияльдық гипертензия. Жалпы әлсіздік, ес түсінің бұлынғыр болуы, іште ауырсыну, құсу, іш өту болады.

Жедел жәрдем:

Жиі қан қысымын, дем алуын, жүректің жиырылуын қадағалап тұру.

Оттегімен дем алуды қамтамассыз ету.

400 мл – 5% глюкоза ерітіндісімен 2-5 мг/кг преднизолон қосып көк тамырға инфузия жасау.

Науқасты реанимация бөліміне тасымалдау.