Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шыл жадайларда жедел кмек.docx
Скачиваний:
250
Добавлен:
24.03.2016
Размер:
63.87 Кб
Скачать

Пульмонологиядағы жедел – жәрдем жағдайлары

Жедел тыныс алу жетіспеушілігі

Себептері:

1. Тыныс алу жетіспеушілігі орталық тыныс алудың функциясы бұзылғаннан пайда болады. Олар мыналар:

  • Тыныс алу орталығының наркотиктармен, барбитураттармен күйзелуі.

  • Тыныс алу орталығының метаболикалық заттармен бұзылуы (көмірқышқыл газы, толық қышқылдандырылмаған қышқылдар).

  • Тыныс алу орталығы инсультпен, бас ми жарақатымен, ми ісігімен және т.б. байланысты бұзылуы.

2. Торакодиафрагмальды тыныс алу жетіспеушілігі мына жағдайлардан кейін болады:

  • Кеуде жасушасының патологиясында (қабырғалдардың сынуы)

  • өкпе гемо-пневмоторакста қан, ауа болғанда.

3. Бронхтық-өкпелік тыныс алу жетіспеушілігі, өкпедегі және тыныс алу жолдарындағы патологиялық процессте болады:

  • Обструктивті (бөгде денелер, астматикалық статус, ісік, бронхиальы безджердің көп мөлшерде сөл бөлуі.

  • Реструктивті (жедел өкпе қабынуында, пневматоракс).

  • Диффузды (өкпенің токсикалық ісігі, өкпе артериясының тромбоэмболиясы).

Клиникасы: Негізгі белгісі күшее бастаған ентігу, терісінде диффузды цианоз, тахикардия, қан қысымы көтеріледі, қозады. Тыныс алу жетіспеушілігі күшейген сайын терісі қызарып, склера коньюктива тамырларының (инъекциясы) қанталауы дамиды. Науқас тежеледі, брадикардия, қан қысымы төмендейді. Гиперкапниялық кома кезінде науқас есінен танады, арефлексия, мидриаз пайда болады. Қан қысымы өте төмен, аритмия байқалады. Дем алуы патологиялық түрде Чейна-Стокса, Биот. Одан кейін жүрегі тоқтап, өледі.

Жедел жәрдем:

1. Науқасты ыңғайлап отырғыз, таза ауамен бөлмені желдет.

2. Мүмкіндігінше ылғалдандырылған оттегімен ингаляция жаса.

3. Тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қалпына келтір: ауыз қуысын салфеткамен, қол орамалмен тазала, жұтқыншақты кеңірдекті резеңке катетермен электроотсос арқылы, ол жоқ болса резеңке груша немесе Жане шприці арқылы тазала.

4. Бронхоспазма көк тамырға баяу 10 мл -2,4% эуфиллинмен 10 мл -0,9% натрий хлорид енгіз.

5. Ауыр жағдайда көк тамырға немесе бұлшық етке 60-90 мг преднизолон енгіз.

6. Тыныс алу тоқтағанда дереу ауызға немесе «мұрынға ауыз» немесе «ауызға ауыз» жасанды тыныс алу әдісін жаса. Бұндай науқастарды тез арада реанимация бөліміне жеткізу керек. Онда негізгі ауруды емдейді (өкпе қабынуында антибиотиктермен емдеу, астматикалық статусты жою, өкпе артериясының тромбоэмболиясында тромболиялық ем) жасанды өкпе вентиляциясы, гипербариялық оксигенация.

Бронх демікпе ұстамасы (бронхиальды астма)

Себептері: Аллергенмен қатынас (шаң, дәрілер, жәндәктер, жануарлар және т.б.).

Тыныс алу мүшелерінің қабыну процесстерінің асқынуы (бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар және т.б.).

Жағымсыз метеорологиялық факторлар (температураның өзгеруі, дымқылдық, барометриялық қысымның өзгеруі және т.б.).

Клиникасы: Тұншығу ұстамасы аяқасты тәуліктің кез келген уақытында ұстайды. Тыныс шығаруы қиындап, ысқырық дыбыс пайда болады. Науқас мәжбүрлі жағдайда – кушеткаға қолымен сүйеніп отырады. Бетінде диффуздф цианоз (көгеру). Аускультация кезінде әлсіреген везикулярлы тыныс, әсіресе ауа шығарған кезде құрғақ ысқырықты және ызылдаған сырылдар. Сырқаттың ең күшейген кезінде жөтел пайда болады да қиын жабысқақ әйнек тәріздес қақырық бөлінеді:

Жедел жәрдем:

Қан қысымын өлше, тыныс алуын және пульсін қадағала.

Науқасты ыңғайлы етіп жартылай отырғыз, бөлмені таза ауамен желдет.

Жеңіл ұстамада ингаляция жаса: алупент, астмопент, сальбутамол, беротек, вентолин, тербуталин, дитек және басқаларды 1 сағатта 3 ретке дейін.

Орташа түрінде бронхоспазмолитиктерді инъекция түрінде қолдану қажет. 0,5 мл 0,05% алупент немесе адреналин ерітіндісін бұлшық етке немесе тері астына енгіз (бұл дәрілер тахикардияда, артериялық гипертензияда, қарт адамдарға және жүкті әйелдерге қарсы көрсетілген).

10 мл 2,4% эуфиллинді 10 мл 0,9% натрий хлорид ерітіндісімен баяу көк тамырға енгіз.

Ауыр ұстамада қолдану қажет:

Ылғалдандырылған оттегі ингаляциясы.

Көк тамырға глюкокортикоидтарды енгіз. 0,9% натрий хлорид ерітіндісіне: 125 мг метилпреднизолон (солу-медрол), 90-120 мг преднизолон немесе 200-300 мг гидрокортизон сукцинат (солукортеф).

Әсері болмаса науқасты пульмонологиялық немесе реанимациялық бөлімге жеткіз.

Астматикалық статус

Себептері: Симпатомиметиктерді қадағалаусыз қолдану.

Глюкокортикоидтарды ұзақ қолданғаннан.

Мөлшерден тыс седативті, ұйқы шақыратын дәрілерді қолдану.

Аллергендермен қатынас.

Тыныс алу мүшелерінің қыбанған аурулары.

Клиникасы: асматикалық статус 3 кезеңнен дамиды.

1 кезең: науқастың жағдайы адекватты (өзін-өзі басқара алады). Тоқталмайтын тұншығу ұстамасы, дем шығаруы ұзарып, шулы ысқырық дыбыс шығады. Өкпенің тұтас барлық бөліктерінің үстінде құрғақ ысқырық сырылдар естіледі. Қан қысымы көтерілген немесе қалыпты, тахикардия.

ІІ- кезең: Декомпенсация немесе «мылқау» өкпе. Науқастың жағдайы ауыр, психикасы өзгерген. Қозулар мен депрессия дезориентацияға айналады. Өте күшті ентігу, демалысы шулы, ысқырықты, акукультация кезінде өкпеде сырыл естілмейді. Өкпенің кейбір бөліктерінде дем алуы әлсіреп естілмейді, «мылқау» өкпеге дейін. Қан қысымы төмендейді, өте күшті тахикардия.

ІІІ- кезең: Гиперкапниялық кома. Науқастың жағдайы өте ауыр. Дем алуы беткей, аритмиялық. Науқас естүссіз. Аускультация кезінде «мылқау» өкпе. Қан қысым төмендеген, пульсі жиі тәріздес, аритмиялық.

Жедел жәрдем:

Қан қысымын өлше, пульсін және тыныс алын қадағала.

Науқасқа ыңғайлы жағдай жаса, жартылай отырғыз, бөлмені желдет.

Науқасты дереу реанимация бөліміне жеткіз.

Жол-жөнекей ылғалдандырылған оттегімен ингаляция жасауды жалғастыр.

1 – кезеңде:

5. 200 мл 0,9% натрий хлоридқа 10 мл 2,4% эуфиллин қосып, көктамырға тамшылатып енгіз.

6. Көк тамырға глюкокортикоидтар енгіз. 0,9% натрий хлорид ерітіндісімен: 3-4 мл (9-120 мг) 3% преднизолон немесе 125 мг метилпреднизолон (солу-медрол).

ІІ – кезеңде:

Көк тамырға глюкокортикоидтарды жоғарғыдай дозада қайталап енгіз.

Көк тамырға 0,9%ий хлорид ерітіндісін тамшылатып инфузия жаса.

Көк тамырға 5000- 10 000 ЕД гепарин енгіз.

ІІІ- кезеңде:

Жасанды өкпе вентиляциясын жүргіз.

Көек тамырға глюкокортикоидтаржы жоғарыдай дозада 0,9% натрий хлорид ерітіндісімен енгіз.

Ылғалдандырылған оттегін бер.

Тахикардия болса 0,5 мл 0,05% строфантан ерітіндісін немесе 0,5 мл 0,06% корглюкон ерітіндісін 20 мл 0,9% натрий хлорид ерітіндісімен баяу енгіз.

Одан кейінгі емі реанимация бөлімінде өтеді.