Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тгу шпор жоктары.docx
Скачиваний:
14
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
47.2 Кб
Скачать
  1. Мемлекеттің негізгі сипаттары мен типологиясы

Мемлекет д/з–(Николо Макиавелли) –мемлекет қажетті мемлекеттік мүдде–ді жүзеге асыру арқылы ортақ игілікке қол жеткізу. Өйткені қазіргі кезде мемлекетт көбінесе қолында билігі бар саяси күш–ң н/е тұлға–ң меншігі ретінде қарастырады.Оның бір бөлігі заң шығару қызметімен,заң–ң орындалуы мен сот ісін жүргізумен айналысса, 2–бөлігі мемлекеттің ішкі ж/е халықаралық деңгейдегі тұрақтылығын,оның әлеуметтік қауымдастығы мен өзара қарым–қатынасын қамтамасыз етеді.Қазіргі заманда мемлекет–р бір–бірінен ерекшеленеді.Сондықтан мемлекетті бір–бірінен ажырататын белгі–і болуы қажет.Аристотельдің жіктемесі бойынша мемлекеттер мемлекет–р билік күшінің ба2стауымен егеменді иесі бойынша, яғни 1) Монархиялық; 2)Аристократиялық; 3)Демократиялық боп бөлінеді. Монархиялық мемлекетте жоғары билік мұрагерлік жолымен н/е туысқандық құқығымен,кейде сайлау жолымен алынған бір адамның–монархтың қолында шоғырланады.Қоғам мен мемлекет дамуының қазіргі кезде монархияның екі түрі қалыптасқан:а)Дуолистік;б)Парламенттік.Олар белгілі бір деңгейде мемлекет–ң тұрпатына,олр/ң пайда болуы мен қызмет етуіне тәуелді болады.Аристократиялық мемлекетте жоғары билік қоғам/ң элитасына,оның білімді,тәжірибелі,парасатты өкілдеріне тиесілі деп саналады.Демократиялық мемлекетте биліктің бірден–бір бастауы–халық,төменнен жоғары қарай қағидасы бойынша:тікелей өз еркін білдіру арқылы мемлекеттік билікті қалыптастырады. Ғылыми әдебиет–де кездесетін мемлекет/ң көптеген анықтама–р бар.Кең мағынады:адамдар қауымдастығы ұйымының жоғарғы нысаны ретінде,ортақ жоғары билікке бағынатын адам–ң саяси одағы ретінде сипаттайды.Тар мағынада:мемлекет адам–ң іс–әрекеті мен тәртібін реттейтін саяси ж/е құқық/қ байланыс–р мен қатынас–ң жүйесі. Мемлекет - белгілі бір аумақ шеңберінде халықты өз ырқына көндіріп отыратын, бүкіл коғам атынан ішкі және сыртқы саясатты жүзеге асыратын, барлық халықка міндетті заңдар мен ереже-қағидаларды шығарып қабылдайтын, халықтан салық жинайтын ерекше құқылы саяси ұйым.

Мемлекеттің белгілеріне мыналар жатады:

1. Мемлекеттік билік - ерекше көпшілік билігі, яғни халық билігі.

2. Мемлекеттің  халқы  әкімшілік  жүйеге   бөлінеді, Азаматтары   шекарасы  белгіленген  әкімшілік-территорияның аумағында тұрады.

3. Ішкі және сыртқы саясатын жүргізуде тәуелсіз.

4. Билік жүргізетін органдарының болуы. Бұл органдарда   тек   қана   басқару  қызметімен   шұғылданатын адамдар болады.

5. Заң   шығару   құқығы   болады   және   заңдарды мемлекеттің    аумағында  тұратындардың    бұлжытпай орындауы.

6. Мемлекеттің   басқару   органдарының   аппаратын ұстауы және әлеуметтік мәселелерді шешу үшін салық жинауы.

Мемлекеттің нысаны көбіне үшке бөлінеді: басқару нысаны, мемлекеттік құрылымынын нысаны және саяси режим.

Басқару нысанына оның жоғарғы, орталық және жергілікті органдарының құрылу жолдары, олардын қарым-қатынасының принциптері және оларды сайлаудың түрлері мен ерекшеліктері жатады.

Мемлекеттің басқару жолы монархия және республика деп екі түрге бөлінеді. Монархияда жоғарғы билік бір адамның қолында болады және бұл билік мұрагерлікпен беріледі. Мысалы, оған жататындар Англия, Бельгия, Норвегия, Швеция, Жапония және Дания елдері.

Егер мемлекеттерде жоғарғы және төменгі органдардың бәрі сайлаумен белгілі бір мерзімге құрылатын болса, осындай мемлекеттік басқару формасы республика деп аталады. Казіргі кезде республиканың екі түрі кездеседі: президенттік - (АҚШ, Франция, Ресей, Түркия, Қазақстан т.б.) және парламенттік республикалар - (Италия).