Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тексты by Kirya.doc
Скачиваний:
9
Добавлен:
23.12.2018
Размер:
195.58 Кб
Скачать

БҰҰ-дағы Қазақстанның қызметі

Қазіргі уақыттағы ең беделді, әрі күрделі құрылымды халықара-лық ұйымдардың арасында 1945 жылы құрылған Біріккен Ұлттар Ұйымының саяси салмағы басым.  Қазақстан Республикасы үшін БҰҰ – мен бірлесіп әрекет етуі – еліміздің сыртқы саяси қызметінің ең маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Еліміз бұл ұйымға 1992 жыл-дың 2 Наурызында өткен БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 46 сессиясын-дағы нөмір 46/224 резолюциясының қабылдануының нәтижесінде кірген. Тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстан делегациясының алғашқы қатынасқан халықаралық форумы – 1992 жылы өткен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының 47 сессиясы болды. Аталған сессияда Қазақстанның халықаралық саясаты жөнін-де елбасымыз Н.Ә.Назарбаев сөз сөйлеген. Сөзінде ол Азиядағы Ынтымақтастық пен Сенім Шаралары жөніндегі Кенестің шақырылуың ұсынып, Қазақстанның экологиялық зардап шеккен аймақтары туралы баяндама жасаған. Біздің еліміздің Біріккен Ұлттар Ұйымындағы позициясы - Біріккен Ұлттар Ұйымымен қарастырылатын барлық сұрақтар төнірегіне қатысты Қазақстанның мүдделерінен қалыптасады. Осында Біріккен Ұлттар Ұйымымен экономика, экология, әлеуметтік саланың, халықаралық құқықтың ілгерішілді дамытуы, адам құқықтарының сақталынуы, сыбайлас жиемқорлық пен есірткі бизнесімен күресу саласындағы ынтымақтастыққа айрықша көніл бөлініп, оны нығайтуға шаралар қолданылып, жаңа ұсыныстар жасалынады.      Осындағы ең маңызды мақсат – Семей полигонындағы өткізілген ядролық сынақтардың нәтижелерін жою. Осыған  орай, Біріккен Ұлттар Ұйымының сарапшылары ұлттық және халықаралық күштердің қолданылудың бес приоритетті секторларын анықтаған: 1. денсаулық сақтау 2. экология мен қоршаған орта 3. экономиканы қалпына келтіру 4. гуманитарлық көмек 5. ақпараттың таратылуы   Бұл приоритетті секторлардағы жұмыстардың асырылуы 50 млн. доллар төңірегінде қаржы – қаражатты талап етеді.

ҚазҰУ-ым – білім кеніші

Әлемдік деңгейдегі білім ордаларының бірінен саналатын қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тамыры тереңде, тарихы бай. Ел ертеңіне алаңдаған қазақ зиялыларының талап-тілегі ескеріле отырып, 1933 жылдың 20 қазанында КСРО Халық Комиссарлары Кеңесі «Қазақстан үшін кадрлар дайындау туралы» арнайы қаулы қабылдайды. Сол құжат негізінде 1934 жылдың 15 қаңтары Қазақ мемлекеттік университетінің ашылған күні болып саналады. Қазіргі таңда университет Республикадағы жетекші оқу орны. 1991 жылы университетке шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби бабамыздың есімі берілді. 1993 жылы Президент жарлығымен дербес, өзін-өзі басқаратын мемлекеттік жоғары оқу орны мәртебесін иеленіп, Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті болып аталды.

Қазір университеттің 14 факультетінде 16 мыңнан аса студент оқиды. Студенттер үшін 1,5 млн. кітап қоры бар ірі кітапхана, асхана, спорт кешені, дүкен, кинотеатр жұмыс істейді. Бірнеше оқу ғимараттары бар. Негізгі оқу ғимараттары тұрған жерді «университет қалашығы» деп аталады. Қалашықта Ө.А. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы бар.

ҚазҰУ – еліміздің ең ірі ғылыми орталығы. Бүгінгі таңда университетте 2000-нан аса білікті оқытушы жұмыс істейді, олардың ішінде 1000-нан аса ғылым докторы мен кандидаты, 100-ден аса академик пен 50-шақты философия докторлары бар.

Университетте өткен жылдарда Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтбаев, Әлкей Марғұлан секілді алыптар дәріс оқыған.

Бүгіні ҚазҰУ нағыз элиталық жоғары оқу орны – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне айналды. Ол көптеген қазақстандық интеллектуалдық, саяси және экономикалық элитаны даярлап шығарды.

Елбасымыздың «ҚазҰУ – бұл Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінің іргетасы» деуі тегін емес.

ҚазҰУ – Халықаралық университеттер ассоциациясына мүше. Университет Американың, Еуропаның, Азияның, Африканың 415 университетімен байланыс жасайды. Жыл сайын 70-тен аса студент шет елдің жоғары оқу орындарында білім алады.

Университетте оқу жүйесі үш сатылы: Бакалавриат және магистратура. PhD. 2008 жылдың мамыр айындағы Ғылыми кеңесте 2009-2011 жылдарға арналған университеттің жаңа даму стратегиясы қабылданды. Ол үш бағыттан тұрады. Біріншісі – менеджменттің барлық деңгейін түбегейлі жетілдіру, екіншісі – мамандарды халықаралық талаптарға сай даярлау, үшіншісі – ғылыми-инновациялық инфрақұрылымды жетілдіру. Университет аталған стратегияны біртіндеп жүзеге асыра бастады. Өткен жылы әлемдік тәжірибеде орныққан ИНТРАНЕТ желісіне негізделген оқытудың кредиттік жүйесіне көшті. 2009 жылы университет 75 жылдық мерейтойын тойлады.

Факультетте студенттердің омірі

Факультетте студенттердің 5 ғылыми үйірмесі жұмыс істейді: «Внешняя политика и дипломатия», «Юрист-международник», «Аlma-mater», «Мир Востока», «Кемеңгер» ғылыми-пікірталас клубы. Жыл сайын студенттердің көптеген сайыстық жұмыстары ҚР Ғылым және білім министрлігінің диплом, мақтау қағаздарымен марапатталып отырады. Студенттерді оқытудың тағы бір белсенді формасы олардың шетелдік білім бағдарламаларына қатысуы болып табылады. Факультет еліміздің сыртқы саясаты мен сыртқы экономикасының әртүрлі ведомоствалары мен мекемелерінде: ҚР СІМ, ҚР шетел елшіліктері, Заң министрлігі, ҚР қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік комитеті және халықаралық ұйымдарында жұмыс істейтін жоғары білікті мамандар даярлайды. Факультеттің көптеген түлектері шетелдің белгілі оқу орындарында «Болашақ» бағдарламасы, сондай-ақ шетел білім бағдарламалары, Француз орталығы өткізетін, Алмания елшілігі бағдарламасы бойынша әрі қарай оқуын жалғастыра алады. БҰҰ, ЕҚЫҰ, Интерпол сияқты халықаралық ұйымдардың біздің түлектерге деген сұранысы үлкен. 100-ден аса студент халықаралық «Болашақ» шәкіртақысының, 39 студент Президент шәкіртақысының игерлері болды.

Халықаралық қатынастар факультеті – университеттегі студенттер өмірі жан-жақты және ең қызық факультет. Факультетте студенттің өзіндік тұлғасын барлық қырынан көрсете алатын жағдайлар жасалған. Әртүрлі мерекелік шаралар, студенттік кештер, пікірсайыстар өткізіліп тұрады. Факультетімізде Студенттік маслихат, «Сұңқар» студенттік кәсіподағы, Студенттік кеңес жұмыс істейді.

«Менің Қазақстаным» фестивалінде факультет бірнеше рет 1-ші орынды жеңіп алды. КТК командасы республикалық және аймақтық конкурстардың бірнеше дүркін жеңімпазы болды. Сонымен бірге студенттер жатақханасы «ең үздік жатақхана» мәртебесіне ие болды. Бұдан шығатын қорытынды, біздің факультетке түскен адам ешқашан өкінбейді.

Өзім туралы. Менің отбасым

Менің аты-жөнім – Оспанов Берік Жалғасұлы. Жасым он жетіде. Ұлтым қазақ. Қызылорда қаласында туылдым. Отбасымызда алты адам бар: Атам, әжем, әкем, анам, қарындасым және өзім. Әкем – есепші, шешем – балабақшада тәрбиеші.

Мен биыл Қызылорда(свой город пишите) қаласындағы № 14 орта мектепті алтын белгіге бітіріп, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне оқуға түстім. Қазір осы университеттің 1-курс студентімін. Болашақта дипломат болып, еліміздің жан-жақты дамып, дамыған белгілі елдердің алдыңғы қатарында болу үшін аянбай еңбек етсем деймін. Біздің отбасымыз шағын. Әжем, әкем, шешем, әпкем және мен. Әкемнің мамандығы – заңгер. Шешем – фирмада есепші. Әжем бұрын дәрігер болған, қазір зейнеткер. Әпкем Т. Жүргенов атындағы театр және өнер институтының режиссура бөлімінің 3-ші курс студенті. Өзім әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетінің «Халықаралық құқық» мамандығының 1-ші курс студентімін. Сабағым жақсы, факультеттегі әр түрлі қоғамдық жұмыстарға белсене араласамын. Түрлі тіл үйрену курстарына қатысамын. Бірге оқитын жолдастарыммен достық қарым-қатынасымыз өте жақсы. Менің оқуым мен тәртібімді көбіне әжем қадағалайды. Білмеген нәрселерімді әжемнен сұрап, ақылдасып отырамын.

Әке-шешем күндіз жұмыста. Кешке бәріміз дастархан басына жиналамыз. Күндізгі атқарған істеріміз бен шешілуге тиісті мәселелерді ақылдасамыз. Біз туыстарымызбен де жақсы араласып тұрамыз. Сенбі-жексенбі күндері бірге табиғат аясына шығамыз, театрға барамыз, қонақ шақырып, қонаққа барамыз. Біздің отбасымыз өте тату.

Табиғат – тал бесігің

Жер-ана табиғат біздің тал бесігіміз, тірі жан атаулыға атам заманнан ортақ қазына. Халқымыз өмірдегі ең қасиетті, ең құдіретті ұғымдарға «Ана» сөзін қосып айтады. «Жер-Ана», «Табиғат-Ана», «Отан-Ана». Қазақ табиғатты анаға теңеген. Өйткені табиғатта тіршілік өсіп-өнеді. Табиғат-Ана біз үшін өмірге қажетті барлық нәрсені берді. Адамды табиғаттан, табиғатты адамнан бөліп қарауға болмайды. Табиғаттың жері мен суы, орманы мен тасы, жануарлары мен өсімдіктері адам үшін тіршілік етудің басты көзі болып табылады. Сондықтан табиғатты туған АНАҢДАЙ түсініп, туған ҰЛЫҢДАЙ қорғауың кажет! Табиғатта басы артық ештеңе жоқ. Табиғат сырын терең білмей, оған немқұрайлы қарау үлкен апатқа соқтырады. Бір кездерде табиғатты бағындыруды мақсат тұтып, ормандар аяусыз балталанды, аң-құстар шамадан тыс ауланды, жер жөн-жосықсыз жыртылып, топырақта эрозия пайда болды. Соның салдарынан бүгінгі таңда адам баласына ядролық апаттан гөрі экологиялық апат аса үлкен қауіп төндіріп отыр. Бізді экологиялық апатқа душар еткен адам санасының эрозиясының нәтижесі.

Қазақстан экологиясы

Бүгінде тәуелсіз Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлем алдында экология мәселелері тұр. Адам ақыл-ойының нәтижесі алып ракеталар, атом станциялары, зауыттар, т.б. ғылыми прогресс жетістіктері өмірімізді байыта, жеңілдете түсумен қатар қауіп-қатер туғызуда. Осының бәрі экологиялық сананың жеткіліксіздігінен, адамдардың болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігін жете сезінбеуінен. Адам өміріне экологиялық зардаптардың әсер ете бастауы олардың қоршаған ортаға жыртқыштықпен қарауының салдары. Бүгінде санасында сәулесі бар әрбір адамды туған жердің табиғатының тағдыры толғандыруы керек. Ауылдық жерлердегі экологиялық, санитарлық, эпидемиялық жағдайдың нашарлауы салдарынан жұқпалы аурулар көбейіп отыр. Адамдар ядролық жарылыстардың зардабын әлі де тартуда, рак, өкпе, қан аздығы, қант диабеті, қан қысымының жоғары болуы, жүрек, психикалық аурумен ауыратындар көп. Радиациялық заттар қоршаған ортаға ядролық отындар өндірісінде, атом құралдарын жасап сынау кезінде таралады. Радиацияның шамадан артық мөлшері ағзада қатерлі ісіктің, генетикалық өзгерістердің пайда болуына әсер етуде, Семей аумағында қазір 700 мың га радиациямен зақымданған жер бар. Оның адам денсаулығына тигізетін әсері үлкен. Сонымен бірге, табиғи ортаға ғарыштық сәулелер, топырақтан, күн сәулесінен келетін немесе жасанды жолмен-флюорография, теледидар экраны, сағаттардың шағылыс циферблаттарынан т.с.с. туындайтын сәулелер де адамға әсер етеді.

Өсімдік – тіршілік тірегі. Ғаламшардағы өсімдіктер жылына ауа қабатына 400 млн. тонна оттегін бөліп шығарады. Жылына бір адам тыныс алу үшін 173 мың литр оттегін қабылдайтыны анықталған. Жасыл желектер ауаны улы газ бен шаңнан тазартады. Өсімдіктер ауада ауру тудыратын бактерияларды жоятын ерекше зат бөліп шығарады. Оның медицинада алатын орны ұшан-теңіз. Сондықтан өсімдіктің қызметін бірде-бір жетілген механизм атқара алмайды. 1989 жылы ақпан айында алғашқы антиядролық қозғалыс құрылды. Олжас Сүлейменов басқарған бұл қозғалыс әлемді ұйқысынан оятып, адамдардың бейбіт өмір сүру құқығын талап етуіне жол ашты. Халықты дүние жүзінде аузынан от шашқан тажалды бітеу үшін көтерген "Невада-Семей" козғалысын бүгінде білмейтін адам жоқ. 1991 жылы 29 тамызда Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев Семей полигонын жабу туралы жарлыққа қол қойды. Бүгінгі таңда Қазақстандағы экологиялық жағдайдың ушығып тұрған ошақтары Арал мен Балқаш. Бұл көлдер тек қана Қазақстан емес әлем халқын алаңдатып отыр. Аралды құтқару мәселесіне тек эколог ғалымдар ғана емес, елім дейтін барша азаматтар атсалысуда. Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың назарында әрқашан экологиялық проблемалар тұр. Осындай ағалар арқасында «Арал-Балқаш» қоры құрылды. Дүние жүзіндегі ең беделді ұйымдардың бірі. Соңғы жылдары жер шарында экологиялық апаттар қаупі күшеюде. Француз ғалымы Жак Ив Кусто айтқандай «бұрын адам табиғаттан қорқатын, қазір адам табиғатты қорқытады» ҒТР-дың дамып, шарықтау шегіне жеткені сондай, жер шарында табиғат өзгеріп, елдерге экономикалық, әлеуметтік шығындар әкелді. Кусто жәнебылайдеген: «Адамныңалдынанорманкездессе, артында шөл қалады». Адамдарданашкөздікәрекеттерібіздіңелімізде де апаттыаймақтар қатарын көбейте түсті. Семей, Арал, Балқаш, Ертіс, Каспий жәнет.б. (Интернет материалдарынан ықшамдалыпалынды).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]