Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тексты by Kirya.doc
Скачиваний:
10
Добавлен:
23.12.2018
Размер:
195.58 Кб
Скачать

Жаһандық жылынудан ең алдымен Қазақстан зардап шегеді

Қазақстан климаты әлемдегі орта көрсеткішпен салыстырғанда екі есе жылдам жылып келеді. «2010-2020 жылдарға арналған Қазақстан экологиясы» атты мемлекеттік бағдарламада осындай мәлімет келтірілген. «Климаттың жылынуы мәселесі Қазақстан үшін де өте өзекті. Еліміздің аумағындағы орта температура деңгейі 100 жыл ішінде 1,8 С-ге өскені байқалды. Бұл әлемдік көрсеткіштен екі есеге артық», – деп көрсетілген бағдарламада.

Климат эволюциясының заманауи үлгісі бойынша, Қазақстанда ауа температурасы тағы көтеріле беруі ықтимал. Бұл табиғи аймақтардың ауысуы, жердің тозуы, шөлге айналуы процесін күшейтуі әбден мүмкін. Шаңды боран жиі тұрып, дәнді-дақылдар өнім бермей қалуы кәдік. Бір тамшы жаңбыр тамбайтын шөлді аймақтардың көлемі бара-бара ұлғая түспек. Өзен-көлдердің де сарқылуы ғажап емес.

Климат өзгерісі жан-жануарлар мен өсімдіктер әлеміне де үлкен қауіп төндіреді. Экологтардың айтуынша, қазірдің өзінде олар құрып кетуге айналып, республика аумағының 70 пайызында экожүйе құлдыраған. Қазақстан территориясының үлкен бөлігі шөл мен шөлейтті аймақтардан тұратынын ескерсек, бұл жерлердің экожүйесі, әсіресе, ауыл және су шаруашылықтары климат өзгерісі тәрізді табиғаттың төтенше құбылысының алдында шарасыз.

Бағдарламадағы болжамға сенсек, климат өзгерісі нәтижесінде ылғал аймақтарының шекарасы солтүстікке қарай жылжиды екен. Бұл – аймақтағы жауын-шашын азаяды деген сөз. Осының кесірінен жаздық бидай кем дегенде 25 пайызға аз түсім бермек. Температураның көтерілуі жем-шөптің бітік шығуына қолайсыз болып, 30-дан 90 пайызға дейін қысқаруы ықтимал.

Іле Алатауының солтүстік беткейінде мұздықтар 1955-2004 жылдар аралығында 40,8 пайызға азайған. Климат өзгерісіне байланысты болжамға сенсек, болашақта мұздықтар одан әрмен жылдам ери бастайды. Қырық жылдан соң Жетісу Алатауында мұздық қалмайды. Ал ХХІ ғасырдың аяғына қарай Іле Алатауында ешқандай мұз болмайды. Мұздықтардың жаппай еруі тау басында үлкен көлдер пайда болуына әкеп соғады. Мұның кесірінен жойқын апатты сел көбейеді. Мұздықтардың кішіреюі тау өзендерінің су режимі мен арнасын түбегейлі өзгертеді. Іле Алатауының өзен-сулары 16 пайызға дейін азаяды.

«Табиғат өзгерісі алдындағы осалдығымызды айтпағанда, Қазақстан Республикасының антропогендік жүйесінің бейімделу потенциялы да өте төмен. Сондықтан климат өзгерісіне қарай заманауи бейімделу шараларын жасау және жүзеге асыру – аса өзекті мақсат. Әрі бұл мақсат Киото протоколына қол қою арқылы бекітілген», – делінген құжатта (Ғаламдық жылынудан ең алдымен Қазақстан зардап шегеді. Жас алаш, № 101, 2009 ж.).

Мен тандаган мамандык

Халықаралық қатынастар факультеті ҚР Сыртқы Істер министрлігінің бастамасымен 1995 жылы құрылды. Факультет халықаралық қатынастар, аймақтану, халықаралық құқық саласында жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау мақсатында жұмыс істейді. Мамандар даярлау – бакалавр, магистр, PҺD доктор сияқты үш сатылы оқу жүйесімен жүзеге асырылады.

Халықаралық қатынастар мамандығы бойынша 2 шет тілді (батыс және шығыс) меңгерген бакалавр. Оқу мерзімі – 4 жыл. Аталған мамандық екі шет тілін тереңдетіп оқытумен бірге, елтану, аймақтану, дипломатиялық және консульдық қызмет, халықаралық бірлесу, ымыраласу (интеграция) және халықаралық ұйымдар мамандықтарын қарастырады. Елтану аясында АҚШ, Германия, Франция, Кытай, Жапония, Үндістан, Түркия, Араб және Орта Азия елдері оқытылады.

Аймақтану мамандығы бойынша 2 шет тілді меңгерген бакалавр. Оқу мерзімі – 4 жыл. Аталмыш мамандық аймақ елдерінің өзара байланысын кешенді оқып-үйренуге, аймақтағы сәйкес ұйымдармен, аймақтық бірлестіктермен халықаралық қатынастар, сондай-ақ, әлемдік және аймақтық саясаттың, экономиканың, аймақтық қауіпсіздіктің дамуы, студенттердің қалауы бойынша екі шет тілін тереңдете оқытуға бағытталған. Мамандық аясында Азия-Тынық мұхит, Батыс Еуропа, АҚШ пен Канада, Таяу Шығыс, Орта Азия сияқты елдер бойынша мамандандыру қарастырылады.

Халықаралық құқық бакалаврі. Оқу мерзімі – 4 жыл. Бұл мамандық аясында мемлекеттер және халықаралық ұйымдар арасындағы халықаралық құқықтық байланыстарды реттейтін, қазіргі құқық институттарын, сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыратын шетелдік компаниялар, кедендік және басқа да заң органдары туралы оқып-үйрену қарастырылған. Студент таңдауы бойынша бір шет тілі тереңдете оқытылады. Халықаралық құқық кафедрасы халықаралық құқық саласында жоғары білікті мамандар даярлау жөнінен Қазақстандағы бірден-бір ғылыми орталық болып саналады.

Ғылым және білім саласында жұмыс істегісі келетіндер магистратурада, PҺD докторантурасында білімін жалғастыра алады. Магистратураға бакалаврде барлық пәннен жоғары білім көрсеткішіне жеткендер ғана қабылданады. Магистратураны бітірген соң магистр академиялық дәрежесі беріледі.

ҚР Ғылым және білім министрлігінің тәжірибелік жобасы аясында 2005 жылдан бастап факультетте алғаш рет PҺD бағдарламасы бойынша мамандар даярлана бастады.

Факультетте 5 кафедра бар. Халықаралық қатынастар және ҚР сыртқы саясаты кафедрасы, Халықаралық құқық кафедрасы, аймақтану және әлемдік экономика кафедрасы, қазіргі шығыс тілдері, батыс тілдері кафедрасы. Оқу үдерісінің сапалылығын факультетте 125 жоғары білікті оқытушы қамтамасыз етеді. Олардың арасында ҚҰ ҰҒА академиктері, ғылым докторлары, профессорлар, ғылым кандидаттары, доценттер, ҚР Сыртқы істер министрлігінде және ғылыми-педагогикалық салада көптеген жылдар жемісті еңбек еткен маман-тәжірибешілер бар. Оқытушы-профессорлардың біразы шетелдерде тағылымдамадан өткен. Кейбір ұстаздар ҚР Ғылым және білім министрлігінің «Жоғары оқу орындарының үздік оқытушысы» деген марапатына ие болды.

Факультет АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Германия, Қытай, Түркия, Үндістан сияқты 25 елдің ғылыми орталықтарымен тығыз ғылыми байланыс орнатқан. Факультеттің халықаралық әріптестігі БҰҰ, ЕО, ЕЫҚҰ, Қызыл Крест сияқты халықаралық ұйымдардың өкілдіктерімен, шетел елшіліктерімен ынтымақтаста жемісті дамуда. Аталған ұйым өкілдіктері студенттермен көптеген кездесулер, ойын түріндегі интерактивті сабақтар, олимпиада өткізуге атсалысады. Факультет республикамыздағы «Елші сағатын» өткізетін жалғыз орын. «Елші сағатында» отандық және шетелдік дипломаттар ашық дәрістер өткізеді.

Халықаралық әріптестік негізінде факультетте Ақпараттық-талдау және ресурстық орталық; Еуропалық ақпараттық орталық; Америкалық және демократиялық зерттеулердің ресурстық орталығы; НАТО жөніндегі ресурстық ақпараттық орталық жұмыс істейді. Бұл орталықтар оқу үдерісін қажетті құжаттармен қамтамасыз етеуге көмектеседі, электорондық хабарлардың көздерімен танысуға қолайлы жағдайлар жасайды, конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар, студенттердің конкурстарын ұйымдастырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]