Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тексты by Kirya.doc
Скачиваний:
10
Добавлен:
23.12.2018
Размер:
195.58 Кб
Скачать

Табиғат – туған анамыз

Жер-ана табиғат біздің тал бесігіміз, тірі жан атаулыға атам заманнан ортақ қазына. Халқымыз өмірдегі ең қасиетті, ең құдіретті ұғымдарға «Ана» сөзін қосып айтады. «Жер-Ана», «Табиғат-Ана», «Отан-Ана». Қазақ табиғатты анаға теңеген. Өйткені табиғатта тіршілік өсіп-өнеді. Табиғат-Ана біз үшін өмірге қажетті барлық нәрсені берді. Адамды табиғаттан, табиғатты адамнан бөліп қарауға болмайды. Табиғаттың жері мен суы, орманы мен тасы, жануарлары мен өсімдіктері адам үшін тіршілік етудің басты көзі болып табылады. Сондықтан табиғатты туған АНАҢДАЙ түсініп, туған ҰЛЫҢДАЙ қорғауың кажет! Табиғатта басы артық ештеңе жоқ. Табиғат сырын терең білмей, оған немқұрайлы қарау үлкен апатқа соқтырады. Бір кездерде табиғатты бағындыруды мақсат тұтып, ормандар аяусыз балталанды, аң-құстар шамадан тыс ауланды, жер жөн-жосықсыз жыртылып, топырақта эрозия пайда болды. Соның салдарынан бүгінгі таңда адам баласына ядролық апаттан гөрі экологиялық апат аса үлкен қауіп төндіріп отыр. Бізді экологиялық апатқа душар еткен адам санасының эрозиясының нәтижесі.

Табиғат және біз Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар — осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді.

Адам - табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз үғым қалыптаскан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу Ата қостаған салтымыз. «Жер шоқтығы - Көкшетау», «Жер жаннаты - Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген.

Сондықтан орман-тоғайларды сақтап, қоршаған ортаның, өзен мен көлдердің ластанбауына ерекше мән берген.

«Су ішкен құдығыңа түкірме»

«Бұлақ көрсең, көзін аш»

деп, жас ұрпақтың бойына табиғатты қорғаудың тәрбиесін сіңірген.

Табиғатта үздіксіз өзгерістер болып жатады. Мысалы, жанартаудың атқылауы , найзағайдың жарқылы, судың м9зға айналуы сияқты құбылыстар табиғаттағы өзгерістерді көрсетеді.

Аспан денелерінің қозғалысы, гүлдердің шешек атуы, ағаштың жайкалып өсуі, өзеннің тасуы немесе көлдердің тартылып суалуы - осылардың барлығы да қоршаған ортадағы өзгерістер.

Әлемде орын алатын сан алуан өзгерістер табиғат құбылыстары деп аталады.

Табиғат қүбылыстары бір-бірімен тығыз байланысты. Оларды физика, астрономия, география, геология, биология, химия сияқты ғылымдар зерттейді. Әр ғылымның табиғатты зерттеуде өз мақсаты мен міндеті бар. Мысалы, физика негізінен механикалық қозғалысты, жылу, электр, жарық құбылыстарын зерттейді. Физика ғылымы зерттейтін табиғат құбылыстары физикалық құбылыстар деп аталады.

АҚБАС ШЫҢДАРЫМЫЗ АЛАСАРЫП БАРАДЫ

Қазiр әлем ғалымдары күннiң шамадан тыс жылынуы салдарынан полюстiк мұздардың тез ерiп бара жатқандығын айтумен келедi. Мәселен, Арктиканың мұздықтары еруiн жарты ғасыр бұрын бастаған. Дегенмен, 50-жылдары еру процесi аса қауiп төндiре қойған жоқ. Солтүстiк жартышарда орналасқан Гренландия аралының шығысындағы мұздықтардың жылжу процесi жылдам жүрiп жатыр. Бұл өз кезегiнде Арктика белдеуiнiң ауа райына елеулi өзгерiс әкелдi. Жаһандық жылыну бүкiл планетаға ортақ қауiп болғандықтан дүниежүзi елдерiнiң ғалымдары жиi бас қосып, осы мәселенi шешудiң жолдарын қарастыруда. "Планеталық қатердiң алдын алу, ауаны ластауды тоқтату" атты тақырыпта жақында Дания астанасы Копенгаген қаласында бүкiләлемдiк саммит өтiп, аталмыш саммитке елiмiзден "Табиғат" экологиялық ұйымының басшысы Мэлс Елеусiзов қатысып қайтты. "Мәселенiң ең бастысы — мұздықтардың еру процесiн тоқтату. Бiз үлкен қауiп алдында тұрмыз. Гренландия мұздары ерiп кетсе, мұхит деңгейi 7 метрге көтерiледi, — дейдi Мэлс Елеусiзов. — Мұндай жағдай орын алғанда Мальдив сияқты теңiз деңгейiнен бiр метрге ғана жоғары орналасқан елдер су астында қалары сөзсiз. Ал Антарктика мен Арктика мұздығы ерiсе мұхит суы 60-70 метрге жоғарылайды. Бұл кезде атом бомбасының зардаптары түкке тұрғысыз болып қалады". Егер, осы апат болып жатса жер бетiнiң өсiмдiктер мен жануарлар әлемi түгелдей өзгерiп, су тапшлығынан 3 млрд. адамның өмiрi қыл үстiнде қалады. Сондай-ақ, Арктикадағы Хельхейм мұздығы теңiзге қарай күнiне 25 метр жылжиды екен. Мұздықтардың мұхитқа қарай жылжуы жер бетiндегi су деңгейiне тiкелей әсер ететiнi айтпаса да белгiлi. Ал оңтүстiк жартышарда бүтiндей мұз құрсанған Антарктида құрлығы жатыр. Мұнда адам баласының тiршiлiк етуi мүмкiн емес. Алайда, дүниежүзi ғалымдары алдағы бiр ғасырдың iшiнде бұл жерде де қала салып, қоныс тебуге болатындығын айтып жүр. Оның себебi бүтiндей мұздықтар құрлықтан бөлiнiп, бiртiндеп мұхиттарға қосылып жатыр. Мiне, осы құрлықтың ең үлкен мұздықтарының бiрi — Вилкинс түбегi. Бұл мұздық 1950 жылы 16 мың шаршы шақырым жердi алып жатқан. Құрлықтан бөлiнген жағдайда оның көлемi Ямайка аралдарымен бiрдей болып қалған. Соңғы жарты ғасырда оңтүстiк құрлықтан 9 алып мұздық бөлiнiп кеткен. Мұздықтардың еру барысында құрлықтан бөлiну салдарынан мұхиттағы су деңгейi жыл санап көтерiлiп келедi. Ендеше, 2100 жылы су деңгейi 1 метрге дейiн көтерiледi. Сол кезде жағалаудағы аймақтарда су тасқындары көбейе түседi және әлем жұртшылығының көпшiлiгi зардап шегедi. Олай болған жағдайда теңiз жағалауында орналасқан Нью-Йорк, Маями, Сидней, Сан-Франциско секiлдi қалалар су астына кетпесiне кiм кепiл? Жаһандық жылыну – дүниежүзi елдерiнiң басына төнген қатерлi қауiп. Бұл сұрапыл апаттың алғашқы белгiлерi болса керек. Қазақстан кәрi құрлықтың қақ ортасында орналасқан, ендеше бiзге келер ешбiр қатер жоқ деу қате түсiнiк болар едi. Бiздiң елiмiздегi ауа температурасы да бiрте-бiрте көтерiлiп келедi. Онсыз да шөлейттi аймақ баябан шөлге, ал суы мол ылғалды жерлер шөлейтке айнала бастайды. Әйтсе де таулы аймақта орналасқан Алматы қаласына қатер қайдан келедi деген сауал туындайды. Соңғы он жыл шамасында Iле Алатауының солтүстiк беткейiндегi мұздықтардың жартысына жуығы ерiп кеткен. Сондай-ақ, Алатау сiлемдерiнiң жылдам еруiне Арал теңiзiнен ұшып келген тұздар да әсер етiп жатыр. Бұдан былай да мұздықтардың еру процесi бұрынғыдан жылдамдай түспек. Нәтижесiнде, ақ басты Алатаудың сәнiн кiргiзiп тұратын Жетiсу Алатауы жоталарының ұшар басындағы мыңжылдық мұздықтар түгелiмен ерiп кетедi. Ал ХХI ғасырда асқақтаған Алатауымызда адам көзiн сүйсiндiрер мұздық қалмайды. Бұл деректер "2010-2020 жылдарға арналған Қазақстан экологиясы" атты мемлекеттiк бағдарламада көрсетiлген. Мың жылдан берi қатталған мұздықтар ерiсе, тау шыңдарының ойыстарында алып көлдер пайда болып, тасқындар көбейедi. Мәселен, 1963 жылы Iле Алатауындағы мұздықтардың еруi салдарынан Есiк көлiнен әлемет сел басталып, етектегi елдiң есiн алған-ды. Бұл оқиғадан кейiн тау басында мұздықтардан пайда болған "Ақкөл" көлi қалды. Ендi мұздықтар ери қалған жағдайда Ақкөлдi арнасынан асырады, өз кезегiнде ол Есiк көлiне тағы бiр сарқуы мүмкiн. Жаһандық жылыну процесiнен Iле Алатауынан бастау алатын өзендердiң суы соңғы жылдары 16%-ға кемiптi. Қазақстанда су тапшы. Елiмiз шетелден келетiн тұщы су көздерiнiң есебiнен өмiр сүрiп келедi, яғни Қытай, Қырғызстан, Түркiменстаннан келетiн өзен суларын пайдаланамыз. Жалпы алғанда, Қазақстан халқы мұздықтардан бастау алатын өзендердiң суын асқа жаратып отыр, ал елiмiздiң территориясының басым көпшiлiгi шөлейттi зонаға жатады. Әлде де болса дүниежүзiнiң эколог ғалымдарының бас қатырып жүргенi бiр ғана сауал — жылыну процесiн қалай тоқтату керек. Дегенмен, бұл мәселенiң шешiмi оңай. "Жақында бүкiләлемдiк саммитке барып қайттым. Бұл тек Қазақстанның ғана басындағы проблема емес. Сондықтан оны жер шарының тұрғындары бiрiге отырып шешуi қажет. Бiз мұздықтардың астындағы қара қойтастарды ақ түске боясақ деген ұсыныс айттық. Әрине, бұл еру процесiн азғантай ғана баяулатады. Бұл алапаттың алдын алу үшiн өсiмдiк әлемiн көбейте түсу керек. Мәселен, Алматының ағаштары болмағанда, баяғыда-ақ уланып қалар едiк", — дейдi М.Елеусiзов. Болашақ қауiптiң алдын алуға жанталасқан Швейцарияда қазiр Альпi тауларының мыңжылдық мұздықтарының еру процесiн баяулату үшiн мұз бетiн полиэтилендi жабындымен жаппай қаптап, адам ойына келмейтiн iстердi атқаруда. Бiз қайтемiз?! Ұшар басындағы ақ қар, көк мұздары жылдам ерiп, күн өткен сайын аласарып бара жатқан мұзарттарымызды аман сақтау үшiн сиқырлы жабындылармен жабамыз ба? Iрi өндiрiс орындарынан шығатын улы газдардың азаюын әлемдiк деңгейде қадағалау керек. 2020 жылға дейiн ауаны ластайтын парниктi газдардың шамасын 40 пайызға кемiтсе жетiп жатыр. Иә, айтар ауызға оңай болғанымен, өркениет дамыған сайын, Жерананың бауыры ластана бермек.

Су – тіршілік көзі

ХХ ғасыр өнеркәсіптің қарқынды дамуымен және халық санының өсуімен сипатталса, ХХІ ғасырдың басында қоршаған ортаны ластайтын өнеркәсіптің кейбір салалары таза суға, өсімдіктерге және т.б. зиянын тигізе отырып , жылдамдықпен дами бастады. Адамзаттың бүгінгі іс әрекеті , күнделікті тіршілік жерге, ауаға, суға орны толмас жарақаттар салды. Және адамның табиғатқа тоқтаусыз әсер етуі оның өзінің өміріне қауіп төндіреді. Осы тұста бабаларымыз «Су тіршілік көзі» деп бекер айтапаған . Өйткені адам баласының күнделікті тіршілігін сусыз елестету мүмкін емес. Алайда жаратқанның берген несібесін есепсіз , ысырапппен пайдалану адам баласын сумен байланысты жаңа проблемалармен бетпе- бет ұшырасуға әкеп отыр. Солардың бірі- халықты таза әрі сапалы ауыз сумен қамтамассыз ету . Әр түрлі жұқпалы ауруларды басым көпшілігі ауа , тамақ, ауыз су арқылы жұғатынын ескерсек , бұл проблеманың шын мәнінде қаншалықты өзекті екенін байқаймыз . Ал кеңес одағы кезінде Қазақстанның ен даласының бірқатар тұсы түрлі сынақтар алаңына айналғанын , сонымен бір мезгілде қазіргі таңда еліміздегі экологиялық жағдайдың күрделенгенін ойға алсақ , бұл проблема салмағының ауыр екенін аңғарамыз. Ауыз су тазалығы- денсаулық кепілі. Қазақстанда ауыз су дағдарысы басталғалы біраз уақыт болды. Содан бері су тапшылығын жою үшін бірқатар бағдарламардың жобасын жасадық, дабырайтып тұрып «Су – тіршілік көзі» деген қызылды- жасылды жарнамаларды көше бойына алаулатып- жалаулатып іліп тастадық. Арнайы заң қабылдадық. Бірақ істелініп жатқан шаралардың «сіркесі су көтермей» халықтың игілігіне жармай отырған жайы бар. Тіпті болмаған соң бұл іске Үкімет араласты. Ауыз су бағдарламасын нәтижелі бағытта бару үшін қосымша 5 млрд. теңге бөлінді.

СУ ТАПШЫЛЫҒЫ — КЕЛЕШЕК ҚАҚТЫҒЫСТАРҒА СЕБЕП

Әлемдiк су қорының ширек бөлiгiне ие Ресей әлемдiк саясатқа мұнайы мен газы арқылы ғана емес, су сату арқылы да ықпал етуге мүдделi. Халықаралық сарапшылардың көпшiлiгi келешекте су тапшылығы қарулы қақтығыстарға әкеп соғуы мүмкiн деп қауiптенедi. Ал 2025 жылға қарай Жер шары тұр-ғындарының үштен екiсi су тапшылығының зардабын тартпақ.

Ресми деректерге сүйенсек, дүние жүзiндегi 1 миллиард адам iшуге жарамды суға зәру. Жыл сайын 3 миллиардтан астам адам сапасыз судың кесiрiнен пайда болатын дерттерден зардап шегедi. Бүгiнде су тапшылығы - тек орталықазиялық елдердiң ғана емес, бүкiл әлемнiң бас ауруына айналған мәселе. Давостағы Дүниежүзiлiк экономикалық форумда қазiргi таңда судың мұнайға деген тұтынушылық сұраныстан жоғары екендiгi айтылды. Арнайы баяндама әзiрлеген сарапшылар қауымының пiкiрiнше, суға деген сұраныс деңгейi Жер шары халқының өсу қарқынынан асып түседi. Мәселен, 2025 жылға қарай су тапшылығының кесiрiнен әлемдiк егiс алқабының көлемi дүниежүзi қолданатын астықтың 30 пайызына дейiн қысқаратын көрiнедi. Бұл - Үндiстан мен АҚШ-та жиналатын дәндi-дақылдың жалпы көлемiне тең. Ауыл шаруашылығына керектi су көлемi күрт азайып, ауыл шаруашылығы өнiмдерiне деген сұраныс керiсiнше, тым өседi». Әлемдiк экономика мен өндiрiс неғұрлым дамыған сайын экономика мен өндiрiс те соғұрлым жылдам дамуда. Демек, су тапшылығын тартатын елдердiң саны өсiп келедi. БҰҰ сарапшылары алдағы 10 жыл көлемiнде әлемнiң барлық елдерiнiң экономикасы өсетiнiн, осының нәтижесiнде тамақ, жарық, жылу, киiм мен суға деген сұраныстың жоғарылайтынын көлденең тартуда. «Жығылғанға - жұдырық», судың орасан зор қоры шоғырланған мұздар да еруде. Гималай мен Тибеттен бастау алатын Жер шарының ең iрi 7 өзенi дүниежүзiнiң екi миллиардтан астам адамын сумен қамтамасыз етедi. Зерттеушiлер егер су қорына көңiл бөлiнбесе, 2100 жылға қарай мұз таулар ерiп кетедi дейдi. Қазiргi таңда ауыл шаруашылығы мен өндiрiс орындарына қажеттi суды бөлiп отырған аса үлкен 70 өзенге тартылу қаупi төнген. Мамандар ХХI ғасырдағы ең басты қиындықтардың бiрiне айналатын су мәселесi қарулы қақтығыстарға себеп болуы мүмкiн деген болжам айтады. 2025 жылға қарай Жер шары тұрғындарының үштен екi бөлiгi су тапшылығының зардабын тартады. Мұнайы мен газын әлемдiк саяси сахнаға ықпал ету құралы ретiнде пайдалануға тырысатын

Ресейлiк мамандардың айтуына қарағанда, қазiр Жер шарының әр тұрғынына 750 текше метрден келетiн су 2050 жылға қарай 450 текше метрге дейiн азаймақ. Бұл дүниежүзi халықтарының 80 пайызы ауызсу тапшылығына ұшырайды деген сөз. БҰҰ-ның су қоры көрсеткiштерiне қатысты бекiткен талаптарына тек Канада, Ресей, Бразилия мен Еуропаның кейбiр мемлекеттерi, Оңтүстiк Америка, Оңтүстiк Азия мен Африканың тропикалық аймақтары сай болмақ. Келешекке төнген қауiптiң алдын алуды көздеген әлем дабыл қағып, түрлi жиындар ұйымдастырудан шаршамай келедi. Алайда, шыққан нәтиже шамалы. Өйткенi, түгесiлуге таяған су қорын тиiмдi пайдалану, ысырап етпеу сияқты маңызды мәселеге бас қатырған Жер шары тұрғындары кем де кем. Қытай құнарсыз жерлерiн құнарлы ету үшiн Ертiстiң суын ысырап етуiн тоқтатар емес. Қазақстан мен Ресей Қытайды 1 текше шақырым суды қанағат етуге көндiре алмай әлек. Мамандардың қауiптенетiнi, егер 1 текше шақырым судың көлемi 4 текше шақырымға дейiн өсетiн болса, Қазақстан мен Ресейге керi әсер етедi. Күннен күнге ушығып бара жатқан қаржылық дағдарыс Орталық Азияның негiзгi «бас ауруы» - су-энергетикалық мәселелерiн, мысалы, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстанның Шардара мен Сырдарияға тиесiлi су қорын пайдалануда ортақ мәмлеге келе алмауы, Ертiс өзенiнiң құқықтық мәртебесi, он жылдан астам уақыт бойы пiкiрталас толас таппаған су қорын тиiмдi пайдалану т.б. екiншi кезекке ысырып тастады. Бұл мәселенi кеңiнен қаузауға әсiресе, өндiрiстiк саласы суға барынша зәру аспанасты елi мүдделi емес. Сарапшылар түйiндi мәселенiң шешiмiн табуға Шанхай ынтымақтастық ұйымына сенiм артумен келедi. Қазақ жерiндегi тозығы әбден жетiп, ескiрген кеңестiк су құбырларының көпшiлiгi бүгiнде пайдалануға жарамай қалған. БҰҰ деректерiне сүйенсек, Қазақстан су қорына қатысты ТМД елдерi арасында ең соңғы орында. Республикамыздың үштен бiр бөлiгi ауызсуға зар. Бұл қиындық суғармалы жерлерге де тән. Қазiрдiң өзiнде елiмiздiң оңтүстiк аймақтарында су тапшылығының кесiрiнен ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өсiру көлемi қысқартылуда. Су тапшылығының кесiрiнен күрiш алқабын өсiру де аяқсыз қалды. Өйткенi, суды көп қажет ететiн күрiштiң орнына басқа дәндi-дақылдар егу көзделген. Мамандардың айтуынша, 2 мың гектар күрiшке кететiн суға кейбiр дәндi-дақылдардың 15-20 мың гектарын өсiруге болады екен. Оның үстiне, суды саяси қысым жасау құралы ретiнде пайдалануға көшуi де Қазақстанға тиiмсiз. Мысалы, Астана Түркiменстаннан газ тасымалдайтын құбырды Өзбекстаннан тысқары тартқанда қазақтарға тоңтерiс қалған Тәшкен «шөмiштен қысып», бiзге жiберiлетiн су көлемiн едәуiр қысқартып тастады. Оның себебiн, Қырғызстаннан тартылатын судың өзбектерге де жетпей қалатындығымен түсiндiрдi. Көршiлес мемлекеттер бiр-бiрiне ықпал етуде судан басқа тариф саясатын да жиi пайдаланады. Мәселен, өзбектер қазақтарға сатылатын газ бағасын өсiргенде, қазақтар темiр жол тарифiн көтердi. Өкiнiшке қарай, бүгiнде орталықазиялық аймақтағы Сырдария мен Әмудария өзендерiнiң су қорын пайдалануда да тараптар пiкiр қайшылығына жиi ұрынады. Осының салдарынан Қазақстан мен Өзбекстан кезiнде Қырғызстаннан су-энергетикалық ресурстарды сатып алудан бас тартқан болатын. Басты тұтынушысынан айырылған айырқалпақтылардың су қоймаларындағы су көлемi күрт артып, Қазақстанның оңтүстiк аймақтарына су басу қаупi төндi. Дау шешу мақсатында өткiзiлген келiссөздер барысында қырғыздар да қарап қалмады, өздерiне сатылатын жанар-жағар майды арзандатуды, жеңiлдiктер жасауды талап еттi.

ЕҚЫҰ-ның құрылымы институттары

Жоғары деңгейдегі кездесулер – ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттердің Мемлекет және үкімет Басшылары ЕҚЫҰ өңіріндегі жағдайға бағалау жүргізеді және қызметтің жаңа негізгі бағыттарын әзірлейді.

Сыртқы істер министрлерінің кеңесі (СІМК) –  аса маңызды мәселелерді қарайтын және тиісті шешімдерді қабылдайтын орталық директивалық және басшылық етуші орган болып табылады. СІМК кездесулері жылына кемінде бір рет әрбір Төрағаның өкілеттік мерзімінің аяқталуына таяу өткізіледі.

Тұрақты Кеңес (ТК) – ЕҚЫҰ-ның күнделікті жедел қызметі үшін жауап береді. Оның жұмысына Іс жүргізуші төрағаның өкілі басшылық етеді.ТК мүшелері, қатысушы мемлекеттердің тұрақты өкілдері апта сайын (бейсенбі күндері) Венадағы Хофбург сарайында жиналады. Тұрақты Кеңес ЕҚЫҰ-ға қатысты барлық мәселелер бойынша консультациялар өткізеді және  шешімдер қабылдайды. Арнайы жағдайлар бойынша да шақырыла алады.

Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық  форумы (ҚЫФ) – ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттер делегацияларының тұрақты өкілдерінен құрылған және Венадағы ЕҚЫҰ штаб-пәтерінде апта сайын ЕҚЫҰ өңіріндегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтудың нақты шаралары бойынша келіссөздер мен консультацияларға арналған отырыстар өткізеді. Сондай-ақ Форум міндетіне қару-жараққа бақылау жасау, қарусыздану мен сенім шаралары, жанжалдың туындау қаупін азайту жөніндегі келіссөздерді; қауіпсіздік мәселелері бойынша тұрақты консультацияларды; сенім және қауіпсіздік шараларын орындауды бағалау жөніндегі жылсайынғы отырыстарды; әскери доктриналар бойынша семинарларды ұйымдастыру кіреді. 

Парламенттік Ассамблея (ПА) – 1991 жылы құрылған. Хатшылық Копенгагенде орналасқан. ЕҚЫҰ ПА-ның 2007 жылғы  шілдеде Астанада өткен сессиясында Португалия өкілі Ж.Соареш  бір жыл мерзімге Президент болып сайланды.

Іс жүргізуші төраға (ІТ) – жедел қызметке жалпы басшылықты жүзеге асырады, ол ЕҚЫҰ-да төрағалық етуші мемлекеттің сыртқы істер миинистрі. 2009 жылы ЕҚЫҰ-ның Іс жүргізуші төрағасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев болып табылады. Төраға бір жылға тағайындалады және өз қызметінде:

құрамына алдыңғы, қазіргі және келесі төрағалар кіретін «Үштіктің» ( 2010 ж. Үштікті Қазақстан, Грекия және Литва құрайды);

Қосымша көмек көрсету үшін, атап айтқанда, жанжалдардың алдын алу және дағдарыстарды реттеу саласында құрылуы мүмкін арнайы топтардың;

ІТ нақты мандатпен тағайындайтын жеке өкілдердің көмегіне сүйенеді.

Бас Хатшы – СІМК үш жыл мерзімге тағайындайды,  Іс жүргізуші төрағаның өкілі және Ұйымның бас әкімшілік лауазым иесі ретінде әрекет етеді. БХ-ның міндетіне  ЕҚЫҰ құрылымдарына және операцияларына басшылық жасау кіреді. 2005 жылдан бастап бұл лауазымда  Марк Перрен де Бришамбо (Франция) отыр.

Тарихи қалалар.Қазақ елінің астаналары.

Қазақстан Республикасының ең алғашқы астанасы – Орынбор болды.Одан кейін Қызылорда, 1929-1997 жылдар аралығында Алматы қаласы болды.

Орынбор.

Орынбор - тұңғыш Астана. 1920 жылы Қазақстан Ресейдің құрамындағы автономиялы республика болып құрылды.Орынбор бас қала болып жарияланды. Орынбор ол кезде қазақ жерінің бір бөлігі болатын.

1731 жылы Әбілқайыр хан Ресейге қарау туралы ант берген.Орынбордың кадет корпусында қазақтың іқөдан астам жастары білім алған.Олардың арасынан белгілі қоғам қайраткерлері ө Халел Досмұхамедов;ағайынды Сейдалиндер болған. «Айқап» журналы осы қалада басылып шықты.

Орынборда қазақтың көптеген марқасқа ұладры,атап айтқанда, А.Байтұрсынұлы, С.Сейфуллин, М.Дулатов,М.Шоқайлар жұмыс істеп,еңбектер жазған.

Қызылорда.

1925 жала Қазақстанның астанасы Орынбордан Қызылордаға көшті.Сөйтіп Ақмешіт,қазіргі Қызылорда астана болып бекітілді.Ол кезде Сыр табиғаты өте әсем болатын.Аз уақыттың ішінде астанаға талай қазақ зиялылары жиналды.

Қалада тұнғыш музыка театры ашылды.Онда Қалибек Қуанышбаев;Серәлі Қожамқулов,Шара Жиенқұлова сынды өнер майталмандары еңбек етті.Қазір өнер ордасының орнында Нартай Бекежанов атындағы облыстық театр ғимараты бой көтерді.

Алматы.

1929 жала астана Қызылордадан Алматығы көшірілді.Басын мәңгілік қар басқан ғажайып Алатаудың етегінде орналасқан бұл қала астана болұға әбден лайықты еді.

Алматы-көне қала.Археологтардың айтуынша бұдан екі мың жыл бұрын да қала болған.Ежелгі заманның өзінде-ақ «Алматы» деп аталған.1854 жылы «Кіші Алматы» өзенінің бойында қала іргетасы қаланған.Сол кезде әскери бекініс болған.Алматыға «Верный» деген ат берілген.1921 жылы қалаға ежелгі Алматы деген атауы қайта берілді.

Астана.

1997 жылдың 16 желтоқсанынан бастап,Қазақстан астанасы Ақмолаға көшірілді.Қаланың іргетасы 1824 жылы қаланған. 1997 жылдың 16 желтоқсанынан бастап Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының жаңа астанасы болып жарияланды.Ал Президенттің 1998 жылдың 6 мамырындағы Жарлығымен Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгертілді.

Елордада ғажайып бір ғимарат бар.Ол-«Астана-Бәйтерек» кешені.Бәйтерек биік ағаш.Бұл сөздің ауыспалы мағынасы «тірек,сүйеніш»дегенді білдіреді.Ұзындығы 97 метр.

Ресейдің экс-президенті Борис Ельцин Астанаға келгенде: «Бәйтерек»-ғажайып құбылыс!Оның ұшар басындағы алтын шар-қазақ елінің ертеңгі бақытын елестетіп тұрғандай»-деп таңдай қағыпты.Ал Мәскеу мэрі Юрий Лужков:«Астананың даму қарқыны Гиннестің рекордтар кітабына енуге лайықты!»деген екен.

Дала заңдары.Жеті жарғы.

Жеті жарғы-17ғ. Аяғы мен 18ғ. басында қалыптасқан қазақ құқықтырының жиынтығы.Өмірге әкелген-Тәуке хан мен оның билері.Мұны олар Әз Тәукенің «Жеті жарғысы» деп атады.

Ол жарғыдағы негізгі баптар мыналар:

1-жарғы(бап).Көтеріліс жасап,бүлік шығарған кісілерге өлім жазасы бұйырылсын.

2-жарғы(бап).Туркі халықтарының мүддесін сатып,елге опасыздық еткендер өлім жазасына бұйырылсын.

3-жарғы(бап).Мемлекет ішінде жазықсыз кісі өлтіргендер өлім жазасына бұйырылсын.

4-жарғы(бап).Өзге біреудің әйелімен зинақорлық жасап,ақ некені бұзғандарға өлім жазасы бұйыпылсын.

5-жарғы(бап).Өреде тұрған,тұсаулы жүрген сәйгулікті ұрлаған кісіге өлім жазасы бұйырылсын.

6-жарғы(бап).Төбелесте мертігудің түріне қарай төмендегі муліктей құн төленсін:

А)біреудің көзін шығарған кісі айыпқа қызын бреді,қызы болмаса,қыздың қалың малын беруге тиіс;

Ә)төрт мүшенің бірін мертіктірген кісі ат береді.

7-жарғы(бап).Ұрланған жылқы,өзге де құнды муліктер үшін он есе артық айып төленсін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]