Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тексты by Kirya.doc
Скачиваний:
10
Добавлен:
23.12.2018
Размер:
195.58 Кб
Скачать

Тәуелсіздік – сан ғасырлық күрестің өтеуі

Тәуелсіздік және Тіл. Қазақ үшін бұл екеуі де қасиетті. Екеуі де құдіретті. 16 желтоқсан – алты Алаштың айбынын асырған, ата-бабамыздың ілкі арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні.

Тәуелсіздік – бұл азап пен төзімнің, халықтың сан ғасырлар бойы еркіндікті аңсаған қажырлы күресінің өтеуі, Қазақстан жұртшылығының арман-мұратының салтанат құруы. Сан түрлі кедергілер мен ауыр сындарға қарамастан, ел тәуелсіздігінің әрбір қадамы біздің жүрегімізді айрықша толғанысқа бөлейді. Кеудемізді мақтаныш кернейді. Қазақстан үшін жиырма бірінші ғасыр тарихының парағы парасат пен пайымға толы. Ата Заңымыздың арқасында еліміз либералды демократиялық даму жолына түсті.

Қазір мемлекетіміздің басты ұстанымы – азаттықтың мән-мағынасын нақты іспен толықтырып, бекіте түсу.

Біз жаңа демократиялық қоғам құру үстіндеміз. Көп нәрсені өз тәжірибемізден өткеріп, көп нәрсені үйреніп жатырмыз. Қазақстанда саяси тұрақтылық пен ұлтаралық татулық берік сақталған. Президентіміздің белсенді сыртқы саяси қызметінің арқасында еліміз тұтас Еуразия құрлығында тұрақтылықты сақтау жолында шешуші рөл атқарып отыр.

Өткенге көз жіберсек, сөз жоқ, жетістіктеріміз көп. Басты байлық жай ұлттық мүдде емес, ол жеке азаматтардың мүддесі мен қажеттілігі де болып табылады.

Тәуелсіздікті жастар жанындай сезінуі керек. Жастар – жасампаздықты жалғастырушылар. Олардың алдында осыдан он сегіз жыл бұрын басталған Жаңа Қазақстанның болашақ шежіресін жазу міндеті тұр (Оралбай Әбдікәрімов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты. «Ана тіл» газеті 2009 ж. № 50).

Астана – бейбітшілік босағасы

Далиып жатқан даланың әр тасы мен тауы қымбат. Бұл жерге бабалардың қаны, аналардың көз жасы сіңген. «Түн отырмай, күн күлмей» аталар бізге осы жерді аманаттап кетті. Сұғанақ қол, суық көздерден қорғау үшін, тұтастығымызды сақтау үшін астананы Арқаға ауыстырды.

Астананы ауыстыру арқылы біз қазақ елінің қолынан іс келетінін, мақсат-мүддесіне жете алатын табанды халық екенін дәлелдедік. Алаш баласының басын Арқаға біріктірдік. Астана – тұтастықтың, бірліктің символына айналды. 1999 жылы ЮНЕСКО Астанаға «Бейбітшілік қаласы» деген атақ берді.

Есілдің жағасындағы ерке қалаға бүгінде әлем назары ауып тұр. Қазір Қазақстанның басқа қалалары Астанаға қарап бой түзейді. «Астананың дамуы – Қазақстанның дамуы» деген бекер сөз емес. Астана басқа қалаларға жолбасшы ретінде танылды. («Ана тілі» газеті № 24, 2009 ж)

Кәрі каспий мәртебесі

Кеңестер Одағы кезінде Каспийді Иран мен КСРО 50/50 қағидасы бойынша теңдей бөлісетін. Одақ ыдырағаннан кейін кәрі теңіз жағалаудағы 5 елдің еншісіне тиді. Бүгінгі күні дауға айналған мәселе де – осы «құқықтық мәртебе» мәселесі. Қазақтар жағы шекаралық шеңберді ескере отырып, теңіздің түбін ғана бөліске салуды, ал суын ортақ пайдалануға беруді құп көрсе, өзгелер бұл ұсынысты қабылдауға құлықсыз. Өйткені теңіз түбі бөліске түсер болса, Иранға – 0,9 млрд. тонна, Түркменстанға – 1,5 млрд. тонна, Әзірбайжанға – 4 млрд. тонна, Ресейге – 2 млрд. тонна шикізат тиесілі болмақ. Ең көп «асайтын» – Қазақстан (4,5 млрд. тонна) болмақ. Демек, Иран бәрінен де көп зиян шекпек. «Майлы жіліктің» басынан қағылу қаупі бар Тегеран қазақтар мен орыстардың теңіздің түбін ғана бөліске салу туралы барлық бастамасына қарсылық танытудан танбауда. Есесіне, Тегеранның теңізді жағалай қоныстанған 5 мемлекетке теңдей, 20 пайыздан бөлу жайлы ұсынысын өзгелер қостамайды. Сонымен, пікірлер мен мүдделер бір арнаға тоғыспады. Алайда, президенттер екінші рет Иран астанасында өткізілген каспийлік саммитте қордаланып қалған мәселелерді, әсіресе, құқықтық мәртебеге қатысты келіспеушіліктерді жоюға ынта білдірді. Тегерандағы саммитте қабылданған декларацияда: «Тараптар Каспий өңірі бейбітшілік пен тұрақтылықтың, тұрақты эконмикалық даму мен гүлденудің, тату көршілік пен жағалау мемлекеттерінің тең құқықты халықаралық ынтымақтастығының өңірі болуы үшін жан-жақты жәрдемдесетін болады, олар саяси, дипломатиялық, сауда-саттық, экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени-гуманитарлық және өзге салаларда көп жақты, сондай-ақ екі жақты негіздерде бір-бірімен өзара тығыз іс-қимыл жасауға бекем бел байлап отыр. Теңіздің құқықтық мәртебесі арнайы қабылданатын конвенцияда көрсетілетін болады. Ал шекара бөлісі айқындалғанға дейін теңіздегі кеме қатынасы, балық кәсіпшілігі режимдері және кемелердің Каспий жағалауы мемлекеттердің туы астында ғана жүзуі күшінде болуы тиіс екендігімен келісті. Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны жеделдетіп жасау аса маңызды міндет болып табылады» деп мәлімдеді бестік. (Н. Жоямергенова. «Түркістан» газеті).

Жасыратыны жоқ, каспийлік кеңестің қазіргі «бас ауруы» – «құқықтық мәртебе. Басқаша айтқанда теңіз шекарасын әділ жолмен бөліске салу. Теңізді бөлісе алмаған елдер арасындағы пікір қайшылықтары кейде түрлі қақтығыстарға әкеп соғуы мүмкін. Каспийлік шекара бөлісінде қазақтар мен түркмендер белсенділік танытуда. Себебі, табиғи байлықтың басым бөлігі осы екеуіне тиесілі. Кейбір деректер түркмендер жеріндегі табиғи газдың қорын 2,9 триллион шаршы метрге теңесе, кейбір деректер 20 триллионға дейін жетеді. Еуропалықтардың Түркменстанды Орталық Азиядағы «көгілдір отынды» Батысқа жеткізетін Ресейге балама ретінде қарастыруы тегін емес. Бірақ елдегі өндірілетін газ бүгінде сыртқа Кремль бақылауындағы құбырлар арқылы экспортталуда. 2003 жылы алдағы 25 жылда ішкі нарықтағы тұтынатын газды түркмендер газының есебінен қамтамасыз етуге құқық алды. Әрине, бұл Ашхабад үшін тиімсіз. Ашхабад энергоқорын Ресейді айналып өтетін Транскаспийлік газ құбыры (ТГҚ) арқылы тасымалдауға мүдделі.

Қазақтар мол көлемдегі «қара алтынды» Баку-Тбилиси-ДЖейхан құбыры арқылы жөнелтеді. Қап тауындағы елдерді жағалай отырып, қазақ «қара алтыны» Түркияға, одан әрі еуропалық нарыққа осылайша жеткізілуде. Алайда, Транскаспийлік газ құбыры (ТГҚ) жоспарын іске асыруға қаржылық қиындықтармен бірге теңіз жағалауындағы 5 мемлекеттің «құқықтық мәртебе» мәселесін біржақты ете алмауы кедергі келтіруде. Егер аталған мәселе шешімін тапса, ТГҚ жобасын қолға алуға мүмкіндік ұлғая түседі. Әрине, газды Иран арқылы да жеткізуге болады. Бірақ кейінгі кездегі әлемдік саяси сахнадағы Тегеранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі туындаған даудың кесірінен көптеген елдер ирандықтарға санкция енгізіп жатыр. Демек, мұндай жобаны қолға алуға кез-келген ел тәуекел ете алмайды. Сарапшылардың пікірінше, ірі энергетикалық тасымал мемлекетіне айналуға жанталасып жатқан әзірбайжандар газды өз мемлекеті арқылы тасымалдауға түркмендерді көндірсе, онда Каспий төңірегінде орын алған мүдделер қақтығысы оңай шешілмек. Бірақ Тегеран мұндай жоспарды қолдамайды. Бұл жағдайда Тегеран барлық пайдадан қағылмақ. Барлық энергетикалық ағын Иран жерін айналып өтіп, АҚШ пен Батыстың орталық азиялық аймақтағы ықпалы артпақ. Тегерандағы басқосуда В.В. Путин: «Мұнай мен газға қатысты кез келген жоба тек 5 мемлекеттің келісімі бойынша жүзеге асуы тиіс» деуі осыған қатысты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]