Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тастайбеков Темирлан СЖ.docx
Скачиваний:
21
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
262.06 Кб
Скачать

ҚР өндірістік салалары

Қазақстанның экономикасы дағдарыс кезеңінен кейін дағдарыстан кейінгі даму кезеңіне өтті. Бұл кезең өсімді қалпына келтіру, экономиканың сапалы және үйлесімді өсімінің кезеңі болмақ.

ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің деректері бойынша қаңтар-мамыр айларында тау-кен өнеркәсібі және кеніш зерттеу өндірісінде көлемі 4 123,8 млрд.теңгені құрайтын. ФКИ 2010 жылдың қаңтар-мамыр айларымен салыстырғанда 2011 жылы 104,0% құрады.

Дайын метал өнімдері, машина мен жабдық өнімдерін қоспағанда 41,2 млрд. теңге (ФКИ – 127,9%) құрады.

Қазақстандық экономиканың дамуының ағымдағы жағдайын, сондай­ақ, халықаралық сарапшылардың әлемдік экономиканың дамуына қатысты болжамдарын ескере отырып, Қазақстан экономикасының өсімді қалпына келтіру кезеңі 2012 жылға қарай аяқталуы керек. Бағалаулар бойынша, 2012 жылға қарай ЖІӨ кісі басына 2008 жылғы деңгейге жетеді, яғни өткен жылдардағы ең жоғары деңгейге тең болады. Әлемдік экономика жанданған сайын және Қазақстанның экспорттық өніміне сыртқы сұраныс өскен сайын резервтік қуаттарды іске қосу есебінен өнеркәсіптік өндірістің өсімі қалпына келе бастайды. Осылайша, металлургия саласында және тау­кен өнеркәсібінің ілеспелі салаларында белсенділік арта түседі.

2011 жылдың қаңтар­мамыр аралығында Қазақстан Республикасының әлеуметтік­экономикалық дамуында оң көрсеткішті динамика байқалды. 2011 ж. қаңтар­мамыр айларындағы өнеркәсіптік өндірістің көлемі қолданыстағы бағамен 6363,1 млрд. теңгені құрады. Бұл 2010 ж. қаңтар­мамыр аралығымен салыстырғанда 5,8% артық. Тау-кен өнеркәсібінде және кен шығару салаларындағы өндіріс 4% өскен, өңдеу өнеркәсібінде – 8,7%.

«Қолданбалы экономиканы зерттеу орталығы» жеке меншік мекемесі таулы-металлургиялық өнеркәсіптің, машина жасаудың, химия өнеркәсібінің, фармацевтика өнеркәсібінің, құрылыс материалдары өндірісінің, ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсібінің, целлюлоза-қағаз өнеркәсібінің, жеңіл өнеркәсіптің өндірісінің негізінде есептеген негізгі қысқамерзімді индикаторы 2010 жылдың қаңтар-мамыр айларымен салыстырғанда 2011 жылдың қаңтар-мамыр айларында 111,9% өскен.

1 Сурет. Сарапталушы салалардың өткен жылдың сәйкесінше кезеңі бойынша фки , % өлшеммен

    1. Тау-кен металлургия өнеркәсібі

Тау-кен, металлургия және көмір өнеркәсіптері жағдайының сараптамасы көмір мен мұнайды тұтыну мөлшерімен қатар, таулы-металлургия кешенінің де өнімін тұтыну мөлшерінің өсу қарқынын көрсетті.

2011 жылдың қаңтар-мамыр айларында металл кенін қазу көлемі 327 594 млн.теңгені немесе 2010 жылдың сәйкесінше мерзіміне қатысты 102,3% құрады, металлургиялық өнеркәсіп өндірісінің көлемі – 812 199 млн.теңге, бұл 2010 ж. қаңтар-мамыр айларынан 112,7% көбірек.

Айларға бөліп қарағанда метал кенін қазу және металлургия өнеркәсібінің өндірісі әркелкі қалып көрсетеді. Дегенмен, метал кенін қазу және металлургия өнеркәсібі өндірісінің ай сайынғы өсу қарқыны бүтіндей өнеркәсіптің қарқынынан жоғары болып отыр. Ағымдағы жылдың мамырында осы жылдың сәуір айымен салыстырғанда 3,4% көп металл кені қазылған, ал металлургия өнеркәсібінің өндірісі – 3,1% көбірек.

2 Сурет. Өнеркәсіптің, металл кенін қазудың және металлургияның нки (өткен жылдың сәйкесінше айына қатысты % өлшеммен)

Қазақстанда мұнай және табиғи газ шығару салаларындағы белсенділік мұнай шығару көлемінің жоғарлануынан байқалады.

Тау-кен, металлургия өндірісі жағдайының сараптамасы ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің 2011 ж. мамыр айындағы мәліметтері бойынша темір кенін қазу алдыңғы аймен салыстырғанда 32,4 мың тоннаға, мыс кенін қазу 198,7 мың тоннаға, айырылмаған болат 25,9 мың тоннаға, ферроқорытпа өндірісі 9,3 мың тоннаға көбейгені байқалды.

3 Сурет. Өнімнің кейбір түрлерін қазу және өндіру көлемі (мың тонна)

Ағымдағы жылдың 1 маусымында 1 837 ірі және орта өнеркәсіп мекемелері мен өндірістер тіркелген, олардың ішіндегі 286 мекеме таулы-металлургия өнеркәсібіне жатады. Таулы-металлургиялық өнеркәсіп көп капиталды қажет ететін салалардың бірінен саналады, мұнда мекемелер аз шоғырланған, көбіне ірі және орта мекемелер қызмет етеді. 1.06.2011 ж. қарай көмір мен лигнит шығару саласында – 33, металл кендерін шығаруда 71 ірі және орта мекемелер қызмет етуде, өңдеуші өнеркәсіпте – 1 112, металлургияда – 62.

2011 жылдың 1 мамырына қарай жалпы өнеркәсіп бойынша орта айлық нақты еңбекақының 15,5% көбейгені байқалады. Дегенмен, тау-кен өнеркәсібі мен кен шығаруда 2011 ж. сәуір айындағы еңбекақының мөлшері 155624 теңгені құрады, наурыз айымен салыстырғанда 78% көп. Өңдеуші өнеркәсіптегі еңбекақы 4,0% төмендеген, ал металлургия өнеркәсібінде 10,0% төмендегені байқалды.

4 Сурет. Бір жұмыскердің орта айлық нақты еңбекақысы, теңгемен

Ағымдағы жылдың наурыз айымен салыстырғанда 2011 жылдың сәуірінде жалдамалы жұмыскерлердің саны өнеркәсіптің барлық салалары бойынша дерлік аздап көбейген. Тау-кен өнеркәсібі мен кен шығару саласында 184959 адамнан 185609 адамға дейін, өңдеуші өнеркәсіпте 385277 адамнан 386572 адамға дейін көбейген, ал металлургия өнеркәсібінде ­ 122599 адамнан 122882 адамға дейін. Тау-кен өнеркәсібі мен кен шығару саласында қызмет ететіндердің саны 1% жоғарлаған.

Таулы-металлургия өнеркәсібі өндірісінің ұлғаюы қарқынына жаңа зауыттардың салынуы немесе бар зауыттардың қуатталығын арттыру немесе олардың қайта құру ықпал етеді. 2011 ж. қаңтар-мамыр айларында тау-кен өнеркәсібі мен кен шығару саласында негізгі капиталға құйылған инвестиция 554 512,1 млн.теңгені құрады, металл кенін қазуда – 56 219,1 млн.теңгені, бұл өткен жылдың сәйкесінше мерзіміндегі нақты қарқынның деңгейінен 24,3% көп, металлургиялық өнеркәсіпте негізгі капиталға құйылған инвестициялардың көлемі – 59 751,5 немесе 6,6% өскен. Бұл өсім қарқыны өнеркәсіпке (0,8% төмендеген), тау-кен өнеркәсібі мен кен шығару саласына (7,5% төмендеген) құйылған инвестициялар өсімінің қарқынынан жоғары болып отыр, бірақ өңдеу өнеркәсібінің деңгейінен төмен (15,5%).

Өңдеуші өнеркәсіпте негізгі капиталға инвестицияларды қаржыландыру көзі негізінен инвесторлардың меншікті қаражаты болып отыр ­ инвестициялардың жалпы көлемінің 79,8%, 18,9% – заем қаражаты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]