Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тастайбеков Темирлан СЖ.docx
Скачиваний:
21
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
262.06 Кб
Скачать

7 Сурет. Машина жасау өнімінің өндірісі заттай мәнінде

ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтері бойынша 1.06.2011 ж. қарай 253 ірі және орта машина жасау мекемелері тіркелген, оның ішінде компьютер, электронды және оптикалық өнім өндірушілері – 8, электр құрал-жабдығын өндіретіндері – 19, машиналар мен құрал-жабдықтарды жөндеу және орнатумен, басқа көлік құралдарын өндірумен айналысатындары – 156, автокөлік құралдарын, трейлерлер мен жартылай тіркемелі көліктерді өндіретіндері – 6, басқа көлік құралдарын өндірушілері – 17.

8 Сурет. Мекемелер мен өндірістердің саны (ірі және орта)

2011 жылдың сәуірінде ең жоғары еңбекақы компьютерлер, электронды және оптикалық өнімдер өндірісінде байқалды және 118 421 теңгені құрады, бұл ағымдағы жылдың қаңтарындағы мөлшерден 31% жоғары.

9 Сурет. Бір жұмыскердің орташа айлық еңбекақысы (теңгемен)

2011 жылдың наурызында өткен жылдың наурызымен салыстырғанда компьютерлер, электронды және оптикалық өнімдер өндірісіндегі жалдамалы жұмыскерлердің саны 2648 адамнан 1 386 дейін немесе 47,7% қысқарды, басқа санаттарға қосылмаған машиналар мен құрал-жабдықтар өндірісінде олардың саны 16990 адамнан 18 092 адамға дейін, немесе 6,5% өсті. Жұмыс істейтіндердің саны бойынша компьютерлер, электронды және оптикалық өнімдер өндірісі 2011 жылдың сәуірінде 2010 жылдағы 2 400 көрсеткішінен 1 312 дейін, немесе 45,3% төмендеді, басқа санаттарға қосылмаған машиналар мен құрал-жабдықтардың өндірісі 16 114 көрсеткішінен 17 159 дейін, немесе 6,5% көбейді.

Нақты инвестициялар мен инновациялардың болмауы (негізінен меншікті қаражат есебінен) сала мекемелерінің артта қалуына және шетелдік анаоогтарымен салыстырғанда шығаратын өнімдерінің бәсекеге қабілетсіздігіне алып келеді.

Ағымдағы кезең ішінде машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату 82 827 млн. теңге сомаға жүргізілді, нақты көлем индексі - 129,8% құрады.

Басқа санаттарға кіргізілмеген машиналар мен жабдықтар жасау өндірісінде 25 749 млн. теңге сомаға өнім өндірілді, нақты көлем индексі - 124,3% құрады

Электр жабдықтарын жасау өндірісінде 20 100 млн. теңге сомаға өнім өндірілген, нақты көлем индексі - 93,6% құрады.

10 Сурет. Машина жасау түрлері бойынша негізгі инвестициялар айлар бойынша (млн.Теңге)

2011 жылдың қаңтар­сәуір айларында жер үсті көліктерінің, ұшқыш аппараттардың, жүзгіш құралдардың және көлікке жататын құрылғылар мен құрал-жабдықтардың экспорты 33 894,3 мың. АҚШ долл., өткен жылдың сәйкесінше мерзімімен салыстырғанда өсім 198,8% құрады. 2011 ж. қаңтар-сәуір айларында ақпаратты автоматты түрде өңдеу машиналары, олардың блоктары; санағыш құрылғылар, ақпаратты кодталған үлгіде тасымалдаушыларға мәліметтерді ауыстыру машиналары бойынша импорт 1 038,0 дананы құрап, 204,7% көбейді, жеңіл автокөліктер бойынша ­ 6 968,0 дананы құрап, 110,0% көбейді, қоғамдық көлік құралдары, іштей жанатын піспек қозғалтқышты моторлы жолаушылар көліктері бойынша өсім өткен жылдың сәйкесінше кезеңімен салыстырғанда 259,6% құрады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]