Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тастайбеков Темирлан СЖ.docx
Скачиваний:
21
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
262.06 Кб
Скачать

5 Сурет. Өнеркәсіптің салалары бойынша негізгі капиталға құйылған инвестицияларды айларға бөліп қарағанда

2011 жылдың қаңтар-сәуір айларында тас көмірдің, брикеттердің, тас көмірден алынған түйіртпектер экспорты 80,2 млн. АҚШ долларын құрады, шикі мұнай мен газ конденсатының экспорты – 16 820,9 млн. АҚШ долларын. Қаңтар-сәуір айларында құны бойынша көмір экспортының көлемі 2010 ж. қаңтар-сәуір айларымен салыстырғанда 39,4% көбейді. Сонымен қатар, 2010ж. қаңтар-сәуір айларымен салыстырғанда газ конденсатының құндық мәндегі экспорты 170,2 % өскені байқалды. 2011 жылдың қаңтар-сәуір айларында тас көмір, брикеттер, түйіртпектер және тас көмірден алынатын басқа да қатты отын түрлерінің импорты 63,3 мың АҚШ долларын немесе 2010 ж. қаңтар-сәуір айларындағы көрсеткіштің 1,3% құрады.

1 Кесте. Қазақстан Республикасының сэқ тн 4 белгісі бойынша кейбір тауар түрлерінің экспорты және импорты

Көрсеткіштің атауы

2011ж. қаңтар-сәуір айлары

Экспорт

Импорт

саны (мың тонна)

мың АҚШ доллары

саны (мың тонна)

мың АҚШ доллары

Тас көмір, биркеттер, тас көмірден алынған түйіртпектер

1195,2

80 185,3

0,2

63,3

Шикі мұнай және газ конденсаты

24 258,7

16 820,9

-

-

Ферроқорытпалар

413,9

782 422,6

0,9

10 146,3

Кендер және темір концентраттары, оның ішінде күйдірілген пирит

1 263,8

187 709,0

-

-

Кендер және марганец концентраттары

22,0

3 270,2

-

-

Кендер және мырыш концентраттары

99,5

55 383,7

-

-

    1. Машина жасау

Қазақстанда өндірілген машина жасау саласы өнімдерінің осы сияқты шетелдік өнімдермен бәсекеге қабілетсіздігінің негізгі себептері ­ республиканың кәсіпорындарының көпшілігінде ескі өндіріс технологияларын қолданатынын, импортталатын құрамдас бөлшектерді, қуат көздеріне құны жоғары материалдарды шамадан тыс көп пайдаланудың салдарынан болған олардың анағұрлым жоғары құны мен төмен сапасы.

Дегенмен машина жасау кәсіпорындарының қазіргі жағдайының сараптамасы өндіріс көлемінің ұлғайғанын көрсетті, осылайша ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің деректері бойынша 2011 ж. қаңтар-мамыр айларында машина жасау өндірісінде көлемі 171 974 млн.теңгені құрайтын немесе 2010 ж. сәйкесінше мерзіміндегі өндіріс көлемінен 29,0% артық өнім шығарылды, ал жалпы өнеркәсіп тек 5,8% ұлғайды. 2011 ж. мамыр айында машина жасау өндірісінің көлемі төмендеп 39 250 млн.теңгені құрады, ал 2010 жылдың сәйкесінше мерзіміне қарай ФКИ 129,0%, құрады.

Айларға бөліп қарағанда көлемнің ең көп өсуі автокөліктер, трейлерлер және жартылай тіркемелі көліктер өндірісінен байқлады, мұнда 2010 жылдың мамыр айымен салыстырғанда 2011 жылдың мамырында НКИ 226,9% құрады, компьютерлер, электронды және оптикалық өнімдер өндірісінде сәйкесінше 64,6% құрады.

6 Сурет. Өнеркәсіптің, өңдеуші өнеркәсіптің және машина жасау түрлерінің нки айлар бойынша (өткен жылдың сәйкесінше айына қарай % өлшеммен)

Жеңіл жолаушы автокөліктерінің өндірісі үлкен өсім көрсетті, сөйтіп, 2011 ж. қаңтар-мамыр айларындағы көлемі 2 487 дананы құрады, бұл өткен жылдың сәйкесінше мерзімінің көрсеткішінен 352,8% жоғары, ағымдағы жылдың мамыр айында көлемі 485 дананы құрады, бұл өткен жылдың сәйкесінше мерзіміндегі көлемнен 141,8% жоғары болып табылады, сонымен қатар ағымдағы жылдың сәуір айымен салыстырғанда 36,3% төмендеу байқалды. 2011 ж. қаңтар-мамыр айларында 99 666 дана, немесе өткен жылдың сәйкесінше мерзімінің 77,0% көлемінде радиохабар тарататын қабылдағыштармен бірлескен немесе бірлеспеген телевизиялық қабылдағыштар, дыбыс-, бейнежазушы немесе жаңғыртатын қабылдағыштар өндірілді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]