Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
география сабак жоспары / 11 сын к-г.б. с.ж..doc
Скачиваний:
147
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
978.94 Кб
Скачать

Канаданың ауыл шаруашылығы

Мал шаруашылығы

Сеңгір таулар маңында қой өсіріледі. Калгари қаласы мал шаруашылығы ауданының орталығы. Мүйізді ірі қара мен құс өсіру Ұлы көлдер маңында дамыған.

Өсімдік шаруашылығы

Басты дақылы-бидай. Одан басқа сұлы, арпа, зығыр, темекі өсіріледі. Принц Эдуард аралында жергілікті фермерлер алма, шабдалы, өрік, таңқурай, құлпынай, картоп өсіріледі.

4. Топтастыру.

Топтастыру арқылы Италия мен Канаданың көлігін түсіндіру.

Қорытындылау.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Б.Ү.Ү. кестесі.

Білгенім

Үйренгенім

Үйренгім келеді

V. Қорытындылау, бағалау.

Vі. Үйге тапсырма беру.

Үйге: Италия мен Канада.

Сабақ№________ Сыныбы_________ Күні_________

Тақырыбы: Еуропаның дамыған елдеріне жалпы сипаттама.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Еуропаның халқы, саяси картасы мен құрылымы, табиғат жағдайлары мен табиғат ресурстары жөнінде түсіндіру.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

Болжамдап отырған нәтиже: Еуропаның саяси картасымен танысқан тұлға.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап. 4. Тірек-сызбамен жұмыс.

2. Әңгіме-дәріс. 5. Кестемен жұмыс.

3. Топтастыру.

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

2. Тірек-сызбамен жұмыс.

3. Кестемен жұмыс.

4. Топтастыру.

Қорытындылау.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Сұрақ-жауап.

V. Қорытындылау, бағалау.

Vі. Үйге тапсырма беру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

1. Италия мен Канаданың өнеркәсібі?

2. Италия мен Канаданың ауыл шаруашылығы?

3. Италия мен Канаданың көлік жүйесі?

4. Италия мен Канаданың халқы?

5. Италия мен Канаданың экономикалық-географиялық жағдайы?

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.

2. Тірек-сызбамен жұмыс.

Тірек-сызба арқылы Еуропаның экономикалық-географиялық жағдайы түсіндіру.

Еуропаның экономикалық-географиялық жағдайы.

Елдер өзара тығыз көршілік қарым-қатынаста.

Елдердің басым көпшілігі теңіз жағалауында шоғырланған.

Жағалық сызығы өте күшті тілімденген, ол теңіз жолын барынша дамытуға мүмкіндік береді.

Кестемен жұмыс.

Кесте арқылы Еуропаның табиғат жағдайлары мен табиғат ресурстарын түсіндіру.

Пайдалы қазбалары

Балтық қалқанында рудалы пайдалы қазбалар, ежелгі платформаның қалың шөгінділерінде жанғыш тақтатастар, тас көмір кен орындары Донец, Рур, Жоғарғы Силезия, Саар, Йоркшир, Уэльс. Қоңыр көмір Орта Еуропа жазығының шөгінді жыныстары мен Мәскеу маңы алабында кездеседі. Мұнай мен табиғи газ Солтүстік теңіз бен Каспий теңізі қайраңдары мен Карпат, Пиреней алды шеткі иіндерінен өндіріледі.

Агроклиматтық ресурстар

Еуропаның қиыр солтүстіктегі аралдардан басқа бөлігіндегі агроклиматтық ресурстар аыл шаруашылығының барлық салаларын дамытуға мүмкіндік береді.

Су ресурстары

Тұщы су қоры аз елдерге Бельгия мен Нидерланд жатады, Скандинавияның батысында гидроэнергетикалық қор жеткілікті.

Жер ресурсы

Жер қорының 30%-дан астамы жыртылған жерлер, 18%-ы жайылымдар мен шабындықтар, 33%-ға жуығы ормандар, 19%-ы елді-мекендер, көлік жолдары, кеніштер мен жарамсыз жерлер үлесіне тиеді.

Рекреациялық ресурстар

Климаты қолайлы жағажайлар мен әсем табиғатты тау баурайларында дамытылған.

3. Топтастыру.

Топтастыру арқылы Еуропа халқының діни құрамын түсіндіру.

Қорытындылау.