Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
география сабак жоспары / 11 сын к-г.б. с.ж..doc
Скачиваний:
147
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
978.94 Кб
Скачать

Түркияның ауыл шаруашылығы

Мал шаруашылығы

Басты саласы қой өсіру. Қой саны 50 млн, Анадолы таулы аймағында ангор ешкісі өсіріледі. Оның саны 15 млн. Мүйізді ірі қара саны 17 млн. Елдің оңтүстігінде түйе, жылқы, қашыр өсіріледі. Құс шаруашылығы соңғы жылдары ғана қолға алына бастады. Балық шаруашылығы жоқтың қасы.

Өсімдік шаруашылығы

Бидайдан Азияда 2-ші орында, қант қызылшасы, арпа, сұлы, күнбағыстан 1-ші орында. Зәйтүн, жүзім, інжірден д.ж. алдыңғы орындарда. Мақта, темекі, інжірді экспортқа шығарады. Диярбақыр өңірінде бау-бақша өркендеген. Анадлының оңтүстігі арахис пен күнжіт егуге маманданған..

4. Топтастыру.

Топтастыру арқылы Қытай мен Түркияның көлігін түсіндіру.

Қорытындылау.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Сұрақ-жауап.

1. Қытай мен Түркияның өнеркәсібі?

2. Қытай мен Түркияның ауыл шаруашылығы?

3. Қытай мен Түркияның көлік жүйесі?

4. Қытай мен Түркияның халқы?

5. Қытай мен Түркияның ішкі айырмашылықтары?

V. Қорытындылау, бағалау.

Vі. Үйге тапсырма беру.

Үйге: Қытай мен Түркия.

Сабақ№________ Сыныбы_________ Күні_________

Тақырыбы: Жаңа индустриялы елдер. Корея Республикасы.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Жаңа индустриялы елдер, Корея Республикасының өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, көлігі, салалары, таралуы жөнінде түсіндіру.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

Болжамдап отырған нәтиже: Жаңа индустриялы елдер, Корея Республикасымен танысқан тұлға.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап. 4. Б.Ү.Ү. кестесі.

2. Әңгіме-дәріс.

3. Кестемен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

2. Кестемен жұмыс.

Қорытындылау.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Б.Ү.Ү. кестесімен жұмыс.

V. Қорытындылау, бағалау.

Vі. Үйге тапсырма беру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

1. Қытай мен Түркияның өнеркәсібі?

2. Қытай мен Түркияның ауыл шаруашылығы?

3. Қытай мен Түркияның көлік жүйесі?

4. Қытай мен Түркияның халқы?

5. Қытай мен Түркияның ішкі айырмашылықтары?

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.

2. Кестемен жұмыс.

Кесте арқылы Корея Республикасын толық түсіндіру.

Географиялық орны

Корея түбегінің оңтүстігінде орналасқан. Құрамын Жапон және Сары теңіздегі 3 мыңдай ұсақ аралдар енеді. Ең ірісі-Чеджудо аралы.

Табиғаты және табиғат ресурстары

Ел аумағының 70%-ға жуығын аласа таулар алып жатыр. Ел аумағына ылғалды шығыс азиялық муссондық климат тән. Жері пайдалы қазбаларға кедей; тек вольфрам кенінің д.ж. маңызы бар. Сонымен қатар кварц, каолин, алтын, темір, мырыштың шағын кен орындары кездеседі. Өзендері қысқа болғанымен мол сулы, жазғы муссондар кезінде тасиды.

Халқы

Халқы 48,3 млн адам. Бір ұлтты ел. Халқының 99%-ы корейлер. Халықтың орташа тығыздығы 1 км2 – 484 адамнан келеді.Адамдардың өмір жасының орташа ұзақтығы ерлерде-72 жас, әйелдерде-79 жас. Халықтың 79%-ы қалаларда тұрады.

Экономикасы

Кеме жасау ел өнеркәсібінің жетекші саласы. Елдегі басты кеме жасау орталығы Пусан болып табылады. Жеңіл автомобиль жасаудан д.ж. 1-ші орында. Жылына 2,2 млн жеңіл автомобиль шығарады. Аса ірі автомобиль компаниялары – «Хундай», «Дэу», «Киа». Металлургия саласы д.ж. 6-шы орында. Д.ж. өндірілетін болаттың 4%-ын береді, электролиттік мыс, мырыш, қорғасын және құйма алюминий өндіруден де көзге түседі. Бұл салада аса ірі концерні ПОСКО. Қазіргі кезде ел д.ж. мұнай химиясы өнімдерінің 5%-ға жуығын береді. Соңғы онжылдықта ғылымды көп қажет ететін өнеркәсіп салалары дами бастады. Ғарыштық күрделі техника жасау игеріле бастады; 2003 жылы елде 8 ғарыштық серік жұмыс істеді. Бұл салада бірнеше ғылыми-зерттеу орталықтары мен тәжірибелік зауыттарды біріктіретін «Корея Аэроспейс Индастриз» компаниясы жетекші орын алады.

Сыртқа экономикалық байланыстары

Халықаралық экономикалық ынтымақтастық аясында Корея Республикасы 1989 жылы құрылып, 24 елді біріктірген аса ірі Азиялық-Тынық мұхиттық еркін сауда аймағына енеді.

Қорытындылау.