Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1.docx
Скачиваний:
191
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
200.76 Кб
Скачать

13.3 Оқушының дүниетанымын қалыптастыру

Интеллектуалдық компоненттің негізгі оқушыларға жаңа білімнің, дағдының және ұсталықтарының беруі болып табылады. Оқушының белсенді оқу-танымдық қызметі кезінде ғылыми білімді және жалпы негізігі қызмет амалдарын менгереді. Осы арқылы білімсіздігі және ойлау білуі және әрекет ету қалыптасады.

“ Оқушылардың менгерген білім жүйесі әрдайым дамуда болады, сонымен басқа жүйелерменде байланысты. Сонымен қатар бір жүйеден басқа жүйеге көшу болады, ал пайда болған білім жүйесі күрделенеді, жаңа жүйе жасау және әр түрлі өмірлік ситуация кезінде оны пайдаланады.’’ ( В.А. Сластенин) Сонымен қатар оқушыны белсенді танымдық процесске және оқу танымдық қызметіне қызықтыру. Ол инттелектуалдық компонентін қалыптастыру және нығайтуға көмектеседі.

Эмоциялық-жігерлі компонентті қалыптастыру тұлғааралық қарым-қатынас бекіткен және оқушы қоршаған ортасының атмосферасымен тығыз байланысты. Мектепке психикалық колайлы атмосфера болуы керек. Ол оқушылардың жүріс-тұрысы, қызметін қадағалауға қолайлы.

Практикалық-пәрменді дүниетаным компоненті оқушы қызметінің практиакалық жүйесі байланысты. Оқушы әлеуметтік қатынастың, оқу танымдық және қоғамдық пайдалы еңбек істеріне араласады. Бұл істер оқушы бір-бірімен араласу тәжірибесін қалыптастыру. Ішкі жан дүниесінің қайта жаңғыруына алып келеді.

IV бөлім. Тұлғалық мәдениетті қалыптастыру.

14.1.Адамгершілік мәдениеті туралы түсінік

14.2.Саналы тәртіпке тәрбиелеу

14.3.Мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру

Негізгі түсініктер: адамгершілік, мораль, адамгершілік мәдениеті, гуманизм, жүріс-тұрыс мәдениеті.

14.1.Адамгершілік мәдениеті туралы түсінік

Адамның адамдар арасындағы өзін-өзі ұстауы кейбір көпшілік мойындаған қағидаға сәйкестігімен бағаланады.Қағида-бұл талап ету, орналастыру, адамның сол немесе басқа жағдайда не істеу керек екенін анықтайтын ереже.Қағида адамның басқа адаммен, қоғаммен, ұжыммен қарым-қатынасының тәртібін білдіреді. Сол қағидалар, жалпы болып табылатын соның себебінен тарайтын көптеген іс-әрекеттерді адамгершілік қағидалары деп атайды.Бұл қағидалар адамгершілік қағидаттарынан шығады, олар адамдар арасындағы қарым-қатынасын ереже мен тәуелділікті талап етуді біріктіреді.Мысалы:кәсіби қарым-қатынаста қадірлесу, өзара жәрдем беру, бір-біріне демеу және т.б қағидалар әрекет етеді.Адамгершілік идеалы дегеніміз адамгершілік мінез-құлқының нұсқасы,адам өзін адамгершілік дамуымен, керекті және жақсы деп оны мойындап оған ұмтылуы.

Адамгершілік қағидалары, қағидаттары,идеалы адамның мінез-құлқын реттейді.Көрсетілген категориялардың жиынтығын мораль (лат.адамгершілік) түсінігімен біріктіруге болады. Мораль қоғамдық түсініктің нысаны және жеке адамның адамгершілік нысанына кіреді.Мораль адамның мінез-құлқын нормативті реттеудің негізгі түрінің санына кіреді. Ол адамның мінез-құлқын сана-сезімін барлық қоғамдық өмірде,ортада реттейді. Моральда жеке сендірулер, мотивтер, өзін-өзі бағалау үлкен рөл ойнайды, яғни адамның өзінің сана-сезімі. Ол адамның өзін бақылауға, өзінің іс-әрекетін және қимылын іштей негіздеуге, оларға дәлелдеме және баға беру, қоғамда жүріс-тұрысының жолын өндіру. Басқалай айтқанда сана-сезім адамның өзін-өзі моральдық реттеуі болып табылады.Адамның моральды қабылдауы және оны іс-әрекетінде көрсетуі,оның адагершілігін жоруға болады. Сонымен адамгершілік деп адамның жеке мінез-құлқын айтады,мынандай қасиеттер мен ерекшеліктерді біріктіреді:мейрімділік, инабаттылық, адалдық, шынайылық, әділеттілік, еңбекқорлық, ұжымдылық, гуманизм, тәртіпке салу және т.болар адамның мінез-құлқын реттейді.