Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1.docx
Скачиваний:
191
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
200.76 Кб
Скачать

11.2.Көпмәдениетті компетенттілік

Ұлтаралық тілдесуде тұлғаның көпмәдениетті компетенттілігі маңызды орын алады.Оны жалпы адамзаттық құндылықтар туралы білімдердің, сондай-ақ көпұлтты ортада саналы тіршілік пен өзін-өзі ұстауды іске асыру әдістерін меңгеру сынды туған халқыңның және басқа халықтардың құндылықтары туралы білімдердің жиынтығы ретінде түсінген дұрыс.Осыған орай, көпмәдениетті компетенттілік белгілі бір этникалық топтың өкілі ретіндегі тұлғаның өзін-өзі анықтауын; өз еліндегі әрі бүкіл жаһандағы жалпы мәдени кеңістікке интеграциялануға адамның ұмтылысын; өзге халықтардың мәдениетінің өзіндік бағасын ұғына білуді түсіндіреді.Ол халық мәдениетінің дамуына, әр алуан ұлттар мәдениетінің баюына септігін тигізеді.

Көпмәдениетті компетенттілікті қалыптастыру оқу пәндерінің және тәрбие шараларының бар болу мүмкіндіктерін мақсатты пайдаланатын, мектептегі қызметті ұйымдастыруды талап етеді.Негізделген патриоттық және интернационалдық тәрбие келтірілген компетенттіліктің сәтті қалыптасуына көмегін тигізеді.Бұған қоса, ҚР-ғы мектептерде әдеттегі құбылыс болып көрінетін оқу сыныптарының көпұлтты құрамы, педагог маманға келтірілген жұмысты ұйымдастыруға ыңғайлы жағдайлар жасайды.

Тұлғаның көпмәдениетті компетенттілігін төмендегі компетенциялардың құрамында қарастыруға болады (М.А.Абсатова):

1.Ұлттық-мәдени сәйкестілікті өзара мойындау процессінде болатын ақпараттың білімге айналуындағы компетенция.

2.Жылдам өзгеретін көпмәдениетті ақпарат кеңістігіндегі қызметті атқару компетенциясы.

3.Жаңа ұлттық мәдениетті игерудегі білімдерді, біліктерді, тәжірибені, тұлғалық қасиеттерді жүзеге асыру.

4.Әр түрлі ұлттық мәдениеттер ерекшеліктерін ұғыну мен қабылдаудағы компетенция.

5.Ана тілді, мемлекеттік тілді және шет тілдерді меңгеру компетенциясы.

6.Көпмәдениетті ортада мәдени іскерліктің барлық кешендерінің әмбебап әдістерін меңгеру компетенциясы.

7.Басқа халықтардың мәдениетін құрметтеу негізінде құрылған өзара түсіністік пен өзара әрекеттестік жағдайларында өмір сүру ерекшеліктерін және салтын игеру компетенциясы.

8.Жалпы адамзаттық құндылықтардың туған халықтың және елдегі өзге этностардың құндылықтарымен тең дәрежеде үйлесуін қамтамасыз ету компетенциясы.

11.3.Азаматтық бірлікті қалыптастыру

Ұлтаралық тілдесу мәдениетін қалыптастыру, көпмәдениетті компетенттілік, жауапкершілік және парыз сезімі қазіргі заманғы көпұлтты мемлекеттің ең маңызды проблемасының бірі – ол елдегі ұлтық бірлікті қалыптастыру. Азаматтық тәрбие осы мәселені шешуде шынымен тиімді құрал ретінде көрінеді.Бұл жұмысты төмендегідей, Қазақстанның ұлттық бірлігі Доктринасында келтірілген базалық қағидаларға сүйене отырып ұйымдастырған жөн.

1.Бір ел – бір тағдыр.Бұл қағиданы орындау бағытталған:

-бүкіл ел азаматтарының өзінің бірлігін және Отанмен терең байланысын түсінуіне;

-ел халқының ауызбірлігін бұзатын кез-келген ықпалға белсенді қарсы тұруға;

-елдің экономикалық және саяси қауіпсіздігін, оның рухани азаттығын нығайтуға;

-халықаралық ынтымақтастық саласында елдің ұлттық мүдделерінің басымдылығына және т.б.

2.Тегі басқа – теңдігі бір.Бұл қағида қамтамасыз етуді қарастырады:

-нәсіліне, ұлтына, тіліне, дініне және т.б. қарамастан, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының теңдігін;

-қоғамдағы этникаралық және конфессияаралық араздықты болдырмауды;

-азаматтық теңдікті жүзеге асыруды;

-заң алдында барлық азаматтардың теңдей жауапкершілігін және құқықтарының сақталуын қадағалауды және т.б.

3.Ұлттық рухты дамыту.Бұл қағида қамтамасыз етуге бағытталған:

-ұлттық рухты, оның әр азаматтың өмірлік бағыттарына ықпалын дамыту және нығайту;

-ұлттық бірлікті нығайтудың маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілді дамытудың басымдылығын;

-ел этностарының мәдениетін,салт-дәстүрін,әдет-ғұрпын,тілін дамытуға жағдайлар жасауды;

-бүкіл халықты, елді, мемлекетті, отбасыны біріктіруге бағытталған дәстүрлерді, рухани және адамгершілік құндылықтарды, дүниетанымдық ойларды сақтауды және нығайтуды;

-ұлттық құндылықтар мен игіліктерге қамқорлықты;

-өзара сыйластық рухын, патриотизмді, Отанға және халыққа адал қызмет етуді қалыптастыруды;

-әр адамның өз білімін, білігін, кәсібилігін, бәсекеге қабілеттілігін үнемі шыңдауын;