Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1.docx
Скачиваний:
191
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
200.76 Кб
Скачать

Тәрбие берудің қағидасы мен тәжірибесі

І тарау. Жеке тұлғаны тәрбиелеудің теориялық негіздері

1. Тұлғаның дамуы

2. Тәрбиелеу болмысы

3. Қазіргі тәрбиенің мақсаты

4. Тәрбиелеу заңдылығы мен ұстанымдары.

5. Жеке тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуі.

ІІ тарау. Гуманизмді тәрбиелеу

6. Адамгершілікті(гуманды) тұлғаның сипаттамасы

7. Гуманды тұлғаның құралуы

8. Гуманды(адамгершілікке) тәрбиелеу

9. Отбасылық тәрбие гуманизмі

ІІІ тарау. Азаматтық тәрбие

10. Азаматтық тәрбие және азаматшылық

11. Көпұлтты ортадағы өзара әрекет мәдениетінің құралуы

12. Жауапкершілік және міндеттілік сезімін тәрбиелеу

IV тарау. Жеке тұлғаның базалық мәдениетінің құралуы

13. Дүниеге көзқарастың құралуы

14. Мектеп оқушысының өнегелі мәдениетінің құрылуы

15. Өнегелі тәрбиенің критерийлері

16. Еңбектену тәрбиесі

17. Эстетикалық мәдениеттің құралуы

18. Физикалық мәдениеттің құралуы

V тарау. Жеке тұлға тәрбиесі мен әлеуметтенуі

19. Жеке тұлғаның әлеуметтенуі

20. Жеке тұлғаның қоғам меншігіне айналуы

21. Жеке тұлғаның өзін-өзі билеуі

22. Мектеп оқушысының профессионалды бағдарлануы

VI тарау. Тәрбиеленушінің айрықша ерекшеліктері

23. Индивидуалды және жас ерекшеліктері

24. Мектеп оқушыларының жыныстық айырмашылықтары

25. Дарынды балалардың ерекшелі

VII тарау. Мектепте тәрбиелеудің әдістері мен формалары

27. Методы воспитания в школе

27. Мектептегі тәрбиелеудің әдістері

28. Мектептегі тәрбие жұмыстарының формалары

29. Ұжымдағы және ұжым арқылы тәрбиелеу

30. Сыныптағы тәрбиелеу жұмысы

І тарау. Жеке тұлғаны тәрбиелеудің теориялық негіздері

  1. Жеке тұлғаның дамуы

1.1.Жеке тұлға түсінігі

1.2. Тұлғаның даму факторлары

1.3.Тұлға дамуының қозғалыс күші ретіндегі үйлеспеушілік

Негізге түсініктер: индивид, индивидуалдылық, жеке тұлға, даму факторлары, дамудың қозғалысты күштері

1.1.Жеке тұлға түсінігі

«Жеке тұлға» термині ғылыми саладағы айтарлықтай санының маңызды ұғымы болып табылады, сонымен қатар ол педагогикалық ғылымда айрықша орынға ие. Әдетте оны «адам», «индивид» сияқты ұқсас ұғымдарымен бірге қолданады. Көрсетілген ұғымдар мазмұны олардың айырмашылықтары көңіл аударылатын әр түрлі трактовкаларда түсіндіріледі. «Адам» ұғымы – «саналы адам» барлық адамзатқа тән қасиеттері мен қабілеттілігінің жалпы түрдегі сипаттамасын білдіреді. Бұл ұғым адамзат тегі, барлық басқа материалды жүйелерден тек тіршілік іс-әрекеті тән қабілеттілігімен ерекшеленетін адамзаттық сияқты ерекше тарихи дамып келе жатқан жалпылықтың(бірліктің) барын білдіреді. Осындай тіршілік іс-әрекет қабілеттілігінің арқасында адамзат барлық тарихи даму сатыларында да, жер шарының барлық нүктесінде де өз-өзіне ұқсас болып қалады, меншікті мәртебесін сақтайды.

Демек, адамзат өзіндік материалды шынайылық ретінде бар болады(өмір сүреді). Бірақ адамзат бұл сияқты өз бетімен тіршілік етпейді. Нақты адамдар өмір сүріп, әрекет етеді. Адамзаттың жеке өкілдерінің тіршілік етуі «индивид(пенде, жеке адам)» ұғымымен көрсетіледі. Индивид – бұл адамзат тегінің дара өкілі, жекеше өзіндік келбетінің, қабілетінің, бейімділігінің, қажеттілігі мен қызығушылықтарының нақты таратушысы.

«Индивидуалдылық»(даралық) дара индивидтің қайталанбас ерекшелігі, тек өзіне тән қасиеттерінің жиынтығы деп түсіндіріледі. Бұл жағдайда «индивид» ұғымы «нақты адам» мағынасында қолданылады. Бұндай сұрақтың қойылымында әр түрлі биологиялық факторлардың (жас ерекшелігі, жынысы, темпераменті) әрекет ерекшеліктері, сондай-ақ адамзат тіршілік әрекетінің әлеуметтік шарттары айырмашылықтары қарастырылмайды. Алайда, бұл факторлар әрекеттерінен толық абстракциялау мүмкін емес. Нәресте тіршілігі мен ересек адамның арасындағы, алғашқы қоғам мен едәуір дамыған тарихи заман адамы арасындағы үлкен айырмашылық болатыны анық.

Биологиялық және әлеуметтік факторлардың тұлғаның құралымына әсері шиеленіскені соншалық, тіпті «тұлға» ұғымы екі бөлек авторлармен бірдей түсіндіріледі. Тұлғаның осындай немесе басқа да барлық анықтамалары екі қарама-қайшы көзқарастармен оның дамуына себепші болады. Біреулердің көзқарасы боцынша әрбір тұлға өзінің туа біткен қасиеттері мен қабілеттіліктерімен сәйкес құралып, дамиды, ал әлеуметтік орта бұл ретте болар-болмас роль ойнайды. Басқа көзқарас өкілдері туа біткен ішкі болмысын және де тұлға қабілеттіліктерін, тұлға – бұл әлеуметтік тәжірибе жолында құрылатын біраз өнім деп есептей келе, толықтай жоққа шығарады. Тұлға құралу процесінлегі ақырғы көзқарастар осындай.

Берілген кітап шеңберінде келесі ұйғарыммен мақсатты пайдалау керек: тұлға – бұл әлеуметтік арақатынас ішінде болуы деп анықталатын және бірлескен қызмет пен қарым-қатынас неізінде құралатын жүйелік қасиеттеріне ие индивид. Бұл көзқарасқа сәйкес тұлға биологиялық организмнен бірыңғай әр түрлі әлеуметтік және мәдени тәжірибе арқасында дамиды. Сонымен қатар ондағы бар туа біткен қабілеті, темпераменті және тұлға болмысы құралу процесіне айтарлықтай әсер ететін бейімділігі жоққа шығарылмайды.