- •Алматы 2013
- •§ 1. Халықаралық жеке құқық түсiнiгi және атауы
- •§ 2. Халықаралық жеке құқықтың мазмұны мен мәнi
- •3 Жағдай ажыратылады.
- •§ 3. Халықаралық жеке құқықтың құқық саласы ретiндегi мәнi
- •§ 4. Халықаралық жеке құқықтың құқық жүйесiнде алатын орны
- •§5 Халықаралық жеке құқықтың қайнар көздері.
- •§ 1. Коллизиялық ереженiң (норманың) түсiнiгi және маңызы
- •§ 2. Коллизиялық ереженiң құрылымы және оның түрлерi
- •§ 1. Шетел құқығының қолдануының жалпы түсінігі
- •§ 2. Шетел құқығы нормаларының мазмұнын анықтау.
- •§ 3. Өзара түсіністік
- •§ 4. Кері сілтеме жасау және үшінші елдің құқығына сілтеме жасау
- •1879 Жылға дейінгі Renvoi тарихы
- •5 Заңында бұл мәселе мүлде қарастырылмаған елдер
- •§ 5. Жария тәртіп туралы ескерту
- •§ 6. Императивтік нормаларды қолдану
- •§7 Көп құқықтық жүйелері бар елдің құқығын қолдану
- •§ 1. Халықаралық-құқықтық реттеудегі «жеке тұлға» түсінігі
- •§ 2. Халықаралық жеке құқықтағы жеке тұлғалардың классификациясы.
- •§ 3. Жеке тұлғаның жеке заңы
- •§ 1. Заңды тұлғалардың ұлты мен статуты
- •§ 2. Қазақстан Республикасындағы шетелдік заңды тұлғалардың құқықтық жағдайы
- •§ 3. Қазақстандық заңды тұлғалардың шетелдегі қызметі (тарихи шолу)
- •§ 4. Халықаралық заңды тұлғалар
- •§1 Мемлекеттің халықаралық-құқықтық иммунитетінің негізі.
- •§2 Мемлекет иммунитетiнiң түсiнiгi мен элементтерi.
- •§3. Халықаралық жеке құқықта мемлекет иммунитетiнiң теориясы.
- •§4 Мемлекеттік заңды тұлғалардың құқықтық мәртебесі.
- •§5 Сот тәжірибиесіндегі мемлекет иммунитетінің қағидасы.
- •§6 Mемлекеттердің иммунитеті және меншігі туралы ұлттық заңнамалар
- •§1 Меншік құқығының түсінігі
- •§2 Меншік құқығындағы коллизиялық мәселелері
- •§3 Меншік құқығындағы Ұлттандыру мәселесі
- •§4 Шетел инвестициясын реттеу мәселесі
- •Қазақстан Республикасында шетелдік инвестицияларды аймақтық және көп жақты реттеу
- •§8. Сыртқы экономикалық мәмілелерді құқықтық реттеу сипаты.
- •§1 Халықаралық сипаттағы шарттық міндеттемелердің түсінігі
- •§2 Сыртқы экономикалық мәмілелерді құқықтық реттеу сипаты және орны
- •§3 Міндеттемелік статут
- •§4. Қолданылатын құқықтың түсінігі.
- •§5Тараптардың еркі
- •§6 Аса тығыз байланыс заңы – proper law және басқа коллизиялық ережелер
- •§7Қазақстан Республикасындағы сыртқы экономикалық мәмлілердің жаңа түрлері.
- •Лизинг операциясының техникасы (1 схема)
- •Лизинг операциясының техникасы (2 схема).
- •Факторинг компания
- •Факторингтік операциялар (Схема 4)
- •Факторингктік операциялар
- •Форфейтор мәмілесінің техникасы (5 схема)
- •Экспортер
- •Импортер
- •Форфейтор - банк
- •Халықаралық жеке құқықтағы есеп айырысу қатынастары
- •§1 Халықаралық есеп айырысу қатынастарының түсінігі мен мазмұны.
- •§2 Халықаралық есеп айырысу саласындағы халықаралық әдеп-ғұрыптардың унификациялануы.
- •§3 Халықаралық коммерциялық операциялардағы есеп-айырысулардың нысандары.
- •§4 Валюталық тәуекелді сақтандыру шаралары ретінде – валюталық ескертпелер.
- •§5 Халықаралық есеп айырысу қатынастарына банктердің қатысуы.
- •Халықаралық тасымалдау
- •§1 Халықаралық тасмалдаудың түсінігі және тасымалдау шартының халықаралық сипаттамасы
- •§2 Теміржол тасымалы.
- •§3 Халықаралық әуе тасымалы
- •§4 Халықаралық теңіз тасымалын материалды-құқықтық және коллизиялық-құқықтық реттеу
- •§1 Халықаралық жеке құқықтағы еңбек қатынастарының жалпы сипаттамасы
- •§2 Халықаралық жеке құқықтағы еңбек қатынастардағы коллизиялық байламдар
- •§3 Халықаралық жеке құқықтағы еңбек қатынастарын халықаралық шарттарда және Қазақстан Республикасы заңнамаларында құқықтық реттеу тәсілдері
- •12 Тарау Халықаралық жеке құқықтағы деликт мәселесі
- •§1 Деликт түсінігі
- •§2 Зиян келтіруден туындайтын міндеттемелердің коллизиялық құқықтық мәселесі
- •§3 Қазақстан Республикасындағы деликт мәселесі
- •§3 Шетелдегі деликт мәселесі
- •§1 Авторлық құқықты халықаралық
- •А) «Берн» одағы.
- •1896 Жылғы Париж конференциясы.
- •1908 Жылғы Берлин конференциясы.
- •1914 Жылғы Қосымша Берн хаттамасы.
- •1928 Жылғы Рим конференциясы.
- •1948 Жылғы Брюссель конференциясы.
- •1967 Жылғы Стокгольм конференциясы.
- •Ә) «Американаралық конвенциялар»
- •Б) «Авторлық құқықты қорғау туралы Дүниежүзілік конвенция»
- •§2. Қазақстан Республикасының авторлық құқықты қорғау жүйесінің дамуы.
- •А) Қазақстан Республикасының авторлық құқығындағы жалпы ережелер. Авторлық құқық нормаларының әрекет етуі.
- •Авторлық құқық объектілері.
- •Авторлыққа байланысты негізгі ережелер.
- •Б) Қазақстан Республикасының авторлық құқық заңдылығындағы қиыншылықтар туғызатын мәселелер.
- •Патенттiк құҚыҚ жӘне ҚазаҚстан Республикасынан тыс жерде тауар таҢбаларын ҚорҒау
- •§ 1. Патент құқығының түсiнiгi мен мазмұны
- •§ 2. Патент берiлетiн интеллектуалдық меншiктiң негiзгi объектiлерi
- •§ 3. Қазақстан Республикасының аумағында интеллектуалдық меншiк бойынша әрекет ететiн халықаралық конвенциялар
- •§ 4. Патент жүйесiн қалыптастыратын халықаралық құқық органдары
- •§ 5. Қазақстан Республикасында патент қатынастарын реттейтiн ұлттық заңнама
- •§ 6. Қазақстан Республикасында патент қатынастарын жүзеге асыратын органдар
- •ХалыҚаралыҚ жеке құҚыҚтаҒы отбасы құҚыҒы
- •§ 1. Отбасы құқығы саласындағы коллизиялық мәселе
- •§ 2. Некеге отыру және некенi тоқтату
- •§ 3. Ерлi-зайыптылар арасындағы және ата-ана мен
- •§ 4. Халықаралық жеке құқықтағы бала асырап алу, қамқоршылық пен қорғаншылық институттары
- •§ 6. Шетелдік асырап алу қатынастарына байланысты балаларды қорғау және ынтымақтастық туралы Конвенция аясында реттеу (29.05.1993ж)
- •1.Халықаралық жеке құқықтағы мұрагерліктің түсінігі және жалпы сипаттамасы.
- •2.Өсиеттің негізі.
- •3.Өсиет нысаны.
- •4.Шетел мемлекеттерінің заңнамалары.
- •5.Мүліктің иесіз қалғандығының ұғымы және тану жағдайлары
- •6. Иесіз қалған мүліктің мемлекетке өтуі және заңи негізгі өтуі.
- •1.Халықаралық коммерциялық арбитраждың түсінігі мен түрлері
- •1) Реттеу пәні бойынша:
- •2) Әрекет ету мерзімі бойынша:
- •3) Құзырет шеңберінде:
- •Пайдаланған әдебиттер: Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Мазмұны
§1 Авторлық құқықты халықаралық
қорғау жүйесінің дамуы
Азаматтардың шығармашылық интеллектуалдық әрекеттерінің нәтижесі болып табылатын рухани өмір - әрбір қоғам үшін маңызды болып келеді.
Азаматтардың шығармашылық еңбегінің жемістілігі тікелей қоғам дамуына әсер етеді және де көптеген факторларға байланысты болады. Олардың маңыздыларының бірі – шығармашылық нәтижелері иелерінің құқықтарының қорғалуы дәрежесі болып табылады. Қазіргі таңда интеллектуалдық меншік иелерінің құқықтарын қорғау мәселесі бір мемлекет шеңберінде ғана емес, халықаралық деңгейде қарастырылып жатыр.
Соңғы уақытта отандық және шетелдік баспасөздерде интеллектуалдық меншіктік құқық бұзушылықтар жөніндегі мақалалар жиі шығып жатыр. Көбінесе «Пираттық» аудио және видео нарығы, плагиат және басқа да авторлық құқықты бұзушылықтар жөнінде сөз қозғалуда.
Кезекті видео фильм көру немесе жаңа ән тыңдау барысында, автордың аты көрсетілетін титр немесе аннотацияларға көңіл бөлетіндер біздің арамызда аз-ақ. Ал шын мәнінде, кез келген музыкалық немесе әдеби туынды - бұл автордың ұзақ, жігерлі еңбегінің нәтижесі, және де ол, сөзсіз, сыйлы болуы тиіс. Бірақ, өкінішке орай, туынды авторларының түксіз қалуы да аз емес, ал оған тиесілі сыйақысын оған ешқандай қатысы жоқ адамдар алып жатуда.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында бұл мәселе өте өзекті мәселелер қатарына жатқызылып жатыр. 2003 жылы қазан айында Астана қаласында өткен «Қазақстанның ақпараттық технология индустриясындағы интеллектуалдық меншік құқығы» атты республикалық акция отырысында Қазақстандағы пираттық деңгейі 78%-ға жеткені және де бұл көрсеткіш тек Қытайға ғана орын беріп жатқаны жөнінде айтып кетілген.
Қазақстанның көптеген қалаларының аудио және видео нарығы лицензияланбаған таспа, компакт диск және басқа да ақпарат сақтаушыларымен толып жатыр. Сапасы төмен болғанымен, бағасы да өте арзан. Қаламыздың кез келген базарында бейне таспаны 400 теңгеге, ал аудио таспаны 150-ақ теңгеге алуға болатыны бәрімізге белгілі, ал олардың түп нұсқалары өз кезегінде 3-4 есе қымбат. Егер санайтын болсақ осылардың нақты авторлық құқығының иелері «пираттар» кесірінен миллиондаған долларлар көлемінде зиян көреді.
Мұндай құқықбұзушылықтың өзгешелігі – мемлекеттің ішкі заңнамасының шеңберінен шығуда болып табылады. Және де мұндай мәселелерді шешкенде соттар тек мемлекеттің ішкі азаматтық құқықтың нормаларына ғана емес, сонымен қатар халықаралық құқық нормаларына сүйенуі тиіс.
Авторлық құқықты қорғаудың халықаралық жүйесі – күрделі механизм болып табылады, және де оның негізінде «әдеби және көркем шығармаларды қорғау туралы» Берн конвенциясы жатыр.
ХІХ ғасырдың ортасына дейін «авторлық құқық» деген түсінік мүлдем болмаған, меншік құқығы тек нақты зат түріндегі өнер туындыларына таралған.
Ал ХІХ ғасырдың ортасынан бастап авторлық құқық меншіктің жекелеген нысанына айналды. Университеттердің, кітапханалардың құрылуы, кітап саудасының дамуы, шетел тілдерін үйрену, кітаптар айналымының өсуі – бұның бәрі капитал орналастырудың пайдалы және қолайлы орнына айналған баспа ісіне жаңа шарттар енгізді, ал интеллектуалдық еңбектің нәтижелері – туындылар тауардың барлық белгілеріне ие болды.
«Жазушы идеаларды шығарғаны үшін емес, оның шығармаларын өңдейтін, яғни, кітап жасаушыны байытқаны үшін өндіргіш жұмыскер болып табылады, яғни белгілі бір капиталисттің жалдамалы жұмыскері болып табылады.» К. Маркс.22