Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ха жеке ккукык.doc
Скачиваний:
833
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
2.71 Mб
Скачать

§4 Валюталық тәуекелді сақтандыру шаралары ретінде – валюталық ескертпелер.

Валюталық ескертпе – халықаралық шарттың валюталық төлем курсын өзгерту кезінде төлем аясын қайта қарастыру қажеттілігін және ол валюта бағамының ұлғаюы немесе кемуіне пропорционалды өзгертілу тиістілігі туралы мәтінді қамтиды.

Валюталық ескертпенің шартқа енгізу мақсаты болып – сыртқыэкономикалық мәмілелердің әр түрлерін жүзеге асыруда шығынға түсудің алдын алу шарасы табылады. Валюталық ескертпе валюталық бағам өзгеруінің төлем аясын ескеру қағидатына негізделген. Валюталық ескертпенің енгізілуі сыртқыэкономикалық мәміле тараптарының арасында валюталық тәуекел ауыртпалығын бөлісуді қамтамасыз етеді. Бір тараптың (не сатушы не сатып алушы) тәуекел сақтандыруы – бір жақты ескертпелер; ал сатушы мен сатып алушының сақтандыруы екіжақты ескертпе болып табылады.

16Валюталық ескертпенің бірнеше түрін ажыратады. Оларға:

  • Жанама валюталық ескертпе – тауар бағасы көп тараған халықаралық есеп айырысу валюталарымен айқындалатын қағида қолданылады (АҚШ доллары, Батысгермандық марка, жапондық йена, швейцариялық франк және т.б.). Ал төлем көбінесе сатып алушының ұлттық валютасымен анықталады. Мысалы: Тауар бағасы ағылшын фунт стерлингінде; төлем итальяндық лирада көрсетілуі мүмкін. Егер фунт стерлингтің курсы лираға қарағанда шарт жасау уақытына қарағанда өзгеретін болса, тауардың бағасы мен төлем аясы де өзгереді.

  • Тікелей валюталық ескертпе – тауар валютасы мен төлем валюталары сәйкес келгенде, ал төлем аясының көлемі тұрақты валютаға қарағанда өзгертілуін тәуелді ету. Мысалы: Тауар бағасы мен төлем АҚШ долларында жүзеге асырылады. Егер төлем күніне доллар Нью-Йорк рыногында ГФР маркасына қарағанда шартта көрсетілген бағамнан төмен болатын болса, сәйкесінше тауар бағасы мен төлем аясы көтеріледі.

Контрактіде қандай валютаға сілтеме жасалуына қарай, ескертпе «долларлық», «стерлингтік» т.б. аталады.

70 жылдар ортасында ескертпенің жаңа түрі – мультивалюталық ескертпе пайда болды. Оның мәнісі – кез-келген валютада көрініс тапқан тауар бір валютаға емес, 3 не одан да көп валюталардан тұратын «валюталық себетке» байланды.

Валюталық ескертпелер, әдетте, контрактте курстың өзгеруіне қарай табыс пен шығындардың теңдей бөлінетіндігі туралы ережелермен толықтырылады.

§5 Халықаралық есеп айырысу қатынастарына банктердің қатысуы.

Банктік жүйенің негізгі мақсаттарының бірі болып – шаруашылық субъектісіне қызмет түрлерін көрсету арқылы сыртқыэкономикалық қызметті қамтамасыз ету табылады. Оның ішінде: валюталық реттеуді қамтамасыз ету (шетел валютасын сату мен сатып алу операцияларын қосқанда); несие беру; банк кепілдіктерін беру; тараптардың есеп айырысу бойынша операцияларды жүргізу; аталған қызметтерді орындай отырып, халықаралық есеп айырысудағы сыртқыэкономикалық мәміленің тараптарына көмек көрсетеді.

Түрлі қызметтерді жүзеге асыра отырып, банк тек мәміледе тарап ретінде ғана қатысып қана қоймай, (мысалы, шотты ашуда шарт тарабы болады) құқықтық қатынастарының белгілі шеңберін бақылайтын әкімшілік-биліктік орган ретінде қатысуы мүмкін (мысалы, жүзеге асырылатын валюталық операцияларға бақылау жүргізеді).

Алғашында шетел элементімен күрделенген азаматтық-құқықтық қатынастарда банк қатысуында реттеу халықаралық жеке құқық нормалары арқылы жүзеге асырылады. Екінші жағдайда - банктің әкімшілік-құқықтық қатынастарының қатысуында ұлттық заңнамаға сәйкес әкімшілік-құқықтық нормалар қолданылады.

Халықаралық жеке құқық тарапынан банктің азаматтық-құқықтық қатынастарда банктік кепілдік сияқты мәмілеге тоқтала кеткен жөн.

Банктік кепілдік – ол банк (гарант) пен принципал (борышқор) арасында, банктің міндеттері – белгіленген ақшалай сомаларды келісілген шартта көрсетілгендей кредитордың (бенефициар) талабы бойынша төлеу.

Өзінің заңи күші бойынша банктік кепілдік өз алдына жеке мәмілені береді (сыртқыэкономикалық мәміледен тәуелсіз) және міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ететін шаралардың бір түрі болып табылады. Әдетте, бұндай мәміле кепілдіктің төлену мемлекетінің заңына бағынады, алайда «ерік автономиясы» бойынша тараптар кез-келген коллизиялық байламды қолдана отырып, өздеріне қолайлы заңнаманы таңдауы мүмкін.

Халықаралық тәжірибеде банк кепілдігінің бірнеше түрлері қолданылады: тендерлік, талап бойынша шарттық, контрактінің дұрыс орындалуын қамтамасыз ететін кепілдік және т.б.

17Халықаралық сауда палатысымен барлық кепілдіктерге қарай, сонымен қатар тек шарттық кепілдіктерге (мысалы, тендерлік,орындаудың кепілдіктері мен төлемді қайтару кепілдіктері) қолданылатын құқықтық әдеп-ғұрыптар жүйелендірілген болатын. 1978 жылы Шарттық кепілдіктер бойынша унификацияланған Ережелер, ал 1992 жылы Бірінші талап бойынша кепілдіктердің унификацияланған Ережелері қабылданды.

1992 жылғы унификацияланған Ережелер 1978 жылғы Ережеге қарағанда тек қана шарттық кепілдіктерді реттейді: Ережеде көрсетілген кепілдіктер түрлерінің анықтамалары беріліп, бұл алдағы уақыттағы квалификацияның мәселесін шешеді. Сонымен қатар 1992 жылға ережеде бенефициардың бірінші талабы бойынша төленуге тиісті кепілдік сомасы реттелген. Бұл Ережеде берілетін кепілдіктердің реквизиттерін, төлем талаптарының мазмұны мен бенефициар алдындағы гаранттың міндеттірін реттеуші нормалары берілген.

Екі құжат та тараптарға барлық шарттарды сипаттауда үлкен жеңілдік жасайды. 1978 және 1992 жылғы Ережелердің қолданылуын тараптар шарт мәтінінде көрсетуі тиіс болып табылады.

1978 және 1992 жылғы Ережелерде кепілдікпен байланысты дауды қарастыруда құқықтың таңдалу мәселесі мазмұндалады. Екеуінде де «ерік автономиясы» қағидасы көрсетілген болатын. Егер тараптар еркі шартта көрініс таппаған болса, онда 1978 жылғы Ереже бойынша - гаранттың мекенжай құқығы қолданылады, ал 1992 жылғы Ережелері бойынша гаранттың ресми активтілік орталығының заңнамасы қолданылады.

Дәстүрлі түрде халықаралық есеп айырысу қатынастарында банктердің қызметі ұлттық валюталық және банктік заңнамада көрініс табады. ҚР есеп айырысулар жоғарыда аталған «Банктік қызметті реттеу туралы»,«2007ж Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру Ережесінде», «Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы», «1997ж ҚР 1995ж Ұлттық банк туралы» заңдарымен қарастырылып реттеледі.

Қорытындылай келе, халықаралық есеп айырысу халықаралық жеке құқықтың кешенді әрі күрделі салаларының бірі екендігін айтуға болады. Себебі, оны тек қана құқықтық жағынан қарастырып қана қоймай, экономикалық салалардан да қарастырған жөн. Халықаралық есеп айырысу толықтай мемлекеттің экономикалық саясатына тәуелді болып келеді және оған сәйкес жүзеге асырылады. Бүгінгі таңдағы мемлекеттердің өзара көп салалы байланыстарға түсу салдарынан халықаралық есеп айырысудың ролі артып, оның бірыңғай жүйеге келтіріліп, оңтайлануы қаржылық қатынастардың тез әрі тиімді жүруіне жәрдем береді. Алайда әр мемлекеттің саясаты мен ұлттық заңнамасына байланысты есеп айырысуды толықтай бірыңғай жүйеге келтіру қиынға түседі.

Пысықтау сауалдары:

  1. Халықаралық есеп айырысуда банктердің қызметі? ҚР заңнамасында бұл мәселе қалай реттелген?

  2. Банктік кепілдік түсінігі мен түрлері?

  3. Халықаралық есеп айырысу түсінігі мен классификациясы?

  4. Халықаралық есеп айырысуды реттеуші халықаралық құқықтық актілер?

10-тарау