Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Razdatochny_material_2013.docx
Скачиваний:
889
Добавлен:
04.02.2016
Размер:
401.62 Кб
Скачать

Орта ғасырлардығы шығыс философиясы

Араб философиясының қалыптасуының негізгі бағыттары:

  • Мутакаллимдер мектебі – Исламның діни қағидаларын негіздеу;

  • Мутазилиттер мектебі – әлемнің, адамның жаратылуы туралы, тағдыр туралы Ислам қағидаларынан бас тарты, Құдай туралы антроморфты бейнелерден бас тартып, адам ақылы мен күшіне сенді;

  • суфизм – қоршаған дүниеге қайырымды қарым-қатынас адамның жоғарғы міндеті, аскетизм, өзімен-өзі болу.

  • Шығыс перипатетизмі – Аристотель ілімін Шығыста таратушылар мен жалғастырушылар.

Шығыс перипатетизмі

Шығыс перипатетика өкілі

Шығармалары

Философиялық тұжырымы

Абу Юсуф Якуб ибн Исхак әл-Кинди (800-879)

-

- Құдай, ақыл мәселелеріне тоқталып, философия мәнін, ғылымды классификациялауға тырысты.

- Адам ақыл иесі, ол Өзіндік ғана емес, қоршаған дүниені, заттар мен құбылыстар себебін, мәнін түсіне алады. ақылды төрт түрін көрсетті: 1-ші – белсенді; 2-ші – енжар; 3-ші - жүре пайда болған; 4-ші – көрер көзге ғана арналған ақыл.

- Танымның 3 түрлі деңгейін: 1-ші – логикалық-математикалық; 2-ші – табиғи-ғылыми, 3-ші – метафизикалық (философиялық) деп бөлді.

Әбу Насыр Мұхамет ибн Мұхамет ибн Ұзлағ ибн Тархан әл-Фараби (870-950)

«Бақытқа бастайтын жол» «Азаматтық саясат», «Мемлекет қайраткерінің көзқарастары», «Қайырымды қала тұрғындары» және т.б.

- философия мен дін болмыстың шекті негіздері мен адам тіршілігінің түпкі мәні мен мақсаттарын танып, білуге ұмтылады. Философия танымының ғылыми әдістерімен және ақыл-парасат қуатымен байланысты болса, ал дін дүниені «қиял мен сенім көмегімен ой жүгіртуге үйретеді деп есептеді. «мақсатты әсемдікті тану болатын өнер – бұл философия (даналық)» деп аталады.

- Философия діннің білімге негізделген формасы, ізгі билеушінің, ізгі қала мен оның тұрғындарының негізі ретінде көрінеді. Әл-Фараби ізгі дінді дүниенің шығуы мен қаланың барлық тұрғындары үшін «түпкі бақыт ұғымын», өмір салтын философиялық тұрғыдан түсіндіру мақсатына сәйкестендіреді.

- ізгілік, қайырымдылық, жомарттық, игілік көздерін іздеп, адамзаттың бақыты мен игілігінің адам өмірінде негізі екендігін атап көрсетеді. Әл-Фараби адамзат үшін игілік пен мейірімділік мұраттарын насихаттаушы қайырымды қала тұрғындарының ар ілімі және рухани әлемін қалыптастыру мен тәрбиелеуде елеулі орын алады.

Ибн-Сина (Авиценна) (980-1037)

- ғылымдарды классификациялаған. Философиялық білімді 2-ге бөлді: практикалық және теориялық.

Теориялық – ақиқатқа жетуге бағытталған ғылымдар, олар: физика, математика, метафизика.

Практикалық – саясат, экономика, этика. Бәрі логиканы пайдаланады, логика – ғылымның құралы, бәріне таным әдістерін ұсынады.

Абу Уалид Ибн-Рушд (лат. Аверроэс) (1126-1198)

«Терістеуді терістеу»

- материалды дүние мәңгілік, бірақ кеңістікте шекті, Құдай мәңгілік, табиғат та мәңгілік.

- толық ақиқат біреу ғана ол – философиялық ақиқат. Діндегі ақиқат қарапайым адамдарға арналған, ал философтар түсіндірмесіндегі діни түсініктер парасатты адамдарға арналған.

- жанның мәңгілігін теріске шығарды. Индивидтің жаны тәнімен бірге өледі, яғни тән өлгенде оның сезімі, есі тарап жоғалады. Адам әрекеті келесі өмірде шартты түрде, адам өзі жақсылықтар жасауы керек.

- «Қос ақиқат» теориясы теологиялық және философиялық ақиқаттарды және олардың арасында қайшылықтардың бар екендігі айтылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]