- •Философия пәнінен таратылу материалдары
- •Дүниеге көзқарастың түрлері
- •Философияның негізгі әдістері
- •Философияның негізгі сұрағы
- •Филосфияның тарихи кезеңдері
- •Түрлі философиялық мектептердің тұжырымындағы философияның негізгі сұрақтары (мәселелері)
- •Философиялық танымның түрлері және ерекшеліктері
- •Философияның қоғамдық қызметтері
- •Философия әрбір адамға не ұсына алады? (философияны оқудың практикалық мәні)
- •Тақырып 2. Көне Үнді және Қытай фиолософиясы көне үнді философиясының дамуының кезеңдері
- •Үнді философиясының қалыптасуы мен дамуына негіз болған көне үнді діни және діни-философиялық әдебиеттері
- •Көне үнді философиялық мектептері
- •Көне үнді философиясының маңызды ұғымдары
- •Көне қытайда философияның қалыптасуы мен дамуына ықпал еткен діни, діни-философиялық, тарихи әдебиеттер
- •Көне қытай философиялық негізігі мектептері және қарастырған мәселелері
- •Көне қытай философиясының маңызды ұғымдары
- •Қытай философиясының мектептері және филсофиялық тұжырымдары
- •Тақырып 3. Антика философиясы
- •Антикалық философияның мектептері (көне грек және көне рим)
- •Антикалық философияның классиктері
- •Аристотель бойынша ғылымдар классификациясы
- •Тақырып 4 Орта ғасырлар философиясы орта ғасырлардағы батыс философиясының дамуының бағыттары (іі-хіү ғғ.)
- •Орта ғасырлық батыс философиясының қалыптасуының алғышарттары
- •Орта ғасырлық батыс философиясының негізгі позициялары
- •Аврелий августин және фома аквинский ілімдері
- •Орта ғасырлардығы шығыс философиясы
- •Шығыс перипатетизмі
- •Тақырып 5. Қайта өрлеу дәуірінің философиясы қайта өрлеу дәуірінің философиясы (XIV-XVI ғ.Ғ.). Қайта өрлеу дәуірінің философиясының даму кезеңдері
- •Қайта өрлеу дәуірінің философиясының ерекшеліктері
- •Қайта өрлеу дәуірінің әлеуметтік-саяси философиясы
- •Тақырып 6. Жаңа заман және ағартушылық философиясы
- •Жаңа Заман философиясының дамуының негізгі бағыттары (xүіі-хүіiIғғ)
- •Жаңа заман эмпиризмі
- •Жаңа заман рационализмі
- •Ағартушылық философиясы
- •Хүііі ғ. Француз ағартушылығы
- •Тақырып 7. Неміс классикалық философиясы (хүiіі-хіХғғ.)
- •Марксизм ілімі
- •Тақарап 8. Орыс философиясы
- •Тақарап 9. Қазақ философиясы
- •Қазақ философиясының дамуының кезеңдері
- •Орта ғасырлық қазақ философиясы
- •Қазақ ағартшылық философиясы
- •Хх ғ. Басындағы ағартушы-демократиялық философия
- •Тақырып 10. Хіх-хх ғғ. Батыс философиясы хх ғасыр Батыс философиясы
- •Позитивизм философиясы
- •Психоанализ философиясы
- •Экзистенциализм философиясы
- •Постмодернизм философиясы
- •Тақарып 11. Онтология: негізігі түсініктері мен қағидалары. Даму теориясының мәселеері
- •Субстанция туралы философиялық тұжырымдар
- •Христиандық догматтық теология бойынша болмыстың онтологиялық құрылымы
- •Г.Гегель бойынша бойынша болмыстың онтологиялық құрылымы
- •Әлем орталығы туралы тұжырымдар
- •Философиядағы материя ұғымы
- •Материяның құрылымдық деңгейлері
- •Материяның формалары
- •Кеңістік-уақыт туралы негізгі концепциялар
- •Материя қозғалысы және оның түрлері
- •Ғарыштағы материя ұйымдастырылуының деңгейлері
- •? Диалектика
- •Сананның пайда болуы туралы философиялық концепциялар
- •Тақырып 12. Гносеология: мәселелер шеңбері Гносеологияның негізгі мәселелері мен сұрақтары
- •Дүниені танып білу мүмкіндігі мәселесінің шешімдері
- •Жартылай агностисизм
- •Агностисизм гносеологиялық концепциялар
- •Сезімдік танымның формалары
- •Рационалды танымның формалары
- •Ақиқаттың түрлері
- •Ғылыми танымның өзіндік ерекшелігі
- •Тақырып 13. Философиялық антропология негіздері және аксиология Философиялық антропологияның мәселелері және сұрақтары
- •Адам мәні туралы тұжырымдар
- •Адам мәнін айқындаудағы негізіг ыңғайлар
- •Платон бойынша адамның антропологиялық құрылымы
- •Аристотель бойынша адамның антропологиялық құрылымы
- •Ортодоксальды христиан философиясы бойынша адамның антропологиялық құрылымы
- •Антропогенездің негізгі концепциялары
- •Йога және психоанализ философиясы бойынша адамның психикалық әлемінің құрылымы
- •Адам санасының қалыптасуы мен дамуына әсер ететін факторлар
- •Адам өмірінің мәні мәселесіне байланысты философиялық тұжырымдар
- •Антропологиялық биоэтиканың қазіргі заманғы мәселелері
- •Аксеология
- •Адамның қоғамдық өмірдегі негізгі реттеушілері
- •Адамзат құндылықтарының түрлері мен иерархиясы.
- •Құндылық мәселесі туралы философиялық тұжырымдар
- •Тақырып 14. Қоғам және мәдениет философиялық талдаудың негізі ретінде
- •Қоғамның негізгі сипаттары
- •Қоғам өмірінің салалары
- •Тарихи материализм (Марксизм) концепциясына сәйкес қоғам құрылымы
- •Тарихи материализм (Марксизм) концепциясына сәйкес әлеуметтік-экономикалық формация
- •Қоғам дамуының түрлері
- •Қоғам дамуы туралы теориялар
- •Қоғамдағы билік түрлері
- •Мемлекет түрлері
- •Құқықтық мемлекетегі биліктің тармақтары
- •Азаматтық қоғам
- •Мәдениет философиясы
- •Мәдениет туралы философиялық тұжырымдар
- •Мәдениеттің қоғамдық қызметтері
- •Мәдениеттің формалары мен түрлері
- •Өркениет ұғымы
- •Өркениет ұғымының мәні (ойшылдар мен зерттеушілер бойынша)
- •Хх-ххі ғғ.Мәдениет пен өркениеттің даму тенденциялары
- •Тақырып 15. Қазірігі заманғы жаһандық мәселелер қазірігі заманғы мәдениет пен философиядағы контртенденциялар
- •Қазірігі заманғы өркениет дамуының ішкі және сыртық факторлары
- •Ххі ғасыр басындағы ғаламдық мәселелер
- •Ғаламдық мәселелерді шешудің ұсынылатын жолдары
- •Ғаламдық мәселелердің жалпы себептері
- •Ғаламдық мәселелерді шешу жолындағы қажетті әлеуметтік-мәдени шарттар
- •Болашақты зерттеу
- •Болашақты зерттеудің әдістері
- •Кейбір мүмкін болатын өркениет дамуының моделдері
Постмодернизм философиясы
Постмодернизм (лат pos t- кейінгі, соңғы, модернизм-заманауи дегенді білдіреді). АҚШ пен Францияда кең тараған. Еуропалық мәдени дәстүрде постмодернизмнің пайда болуын Француздық мәдени құбылыс ретінде бағалайды. Ал, кейбір зерттеушілер АҚШ-пен байланыстырады. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін АҚШ пен Батыс Еуропа елдерінің мәдениетінің түрлі салаларында елеулі өзгерістер орын алды. Модернистік қоғам индустриалды кезеңде пайда болады. Ал постмодернистік қоғам постиндустриалды тұтыну қоғамына тән. Постмодернизм ақпараттық қоғам, жүйелік қоғам, урбандалу және жаһандану сынды ұғымдармен байланысты. |
Постмодернизмнің көрнекті өкілдері: Ролан Барт, Жак Лакан, Жак Деррида, Жорж Батай, Жиль Делез, Мишель Фуко, Ричард Рорти т.б. |
Ролан Барттың дүниетанымына маркстік ілім ықпал етті. Ролан Барт зерттеулерінде тіл және оның құрылымына ерекше мән берді. Ол тіл теориясы мен мәдениет семиотикасын зерттей отырып, әпсананы зерделеуге мән берді. Барт семиотикалық талдау әдісін мәдениетті зерттеуге бұрды. Мәдениеттің негізінде тілдің терең құрылымдық негіздері жатқандықтан, мәдениетті зерттегенде ең алдымен тіл және оның құрылымдарын талдауға назар аудару керек деп санады. Ол әпсана ұғымын зерттегенде заманауи қоғам өмірі де аңызға толы екендігін айқындайды. Қазіргі заманғы Батыс қоғамның идеологиясы бұхаралық санаға манипуляция жасайтын миф болып табылады. |
Мишель Фуконың дүниетанымына Батыс философиясының бағыттары ықпал етті. Ол білім мен таным, билік мәселелерін қарастырды. Фуко үшін білім билікке деген ырықтан пайда болып, биліктің құралына айналады. Зерттеушілер Фуконың шығармашылығын білім археологиясы және билік генеалогиясы деп екіге бөледі. Фуконың пайымдауынша әрбір дәуірдің өзіндік тарихи пайымдаулары мен пайымдау ережелері болады. Фуконың шығармалары: «Сөз және заттар», «Ақиқатқа деген ырық: білім, билік және құмарлықтың арғы жағында». |
Жиль Делез постмодернизмнің дамуына елеулі үлес қосты, Фукомен достық қарым-қатынаста болған. Делез Батыс Еуропаның көрнекті философтары және Еуропалық философияның тарихына қатысты еңбектер жазды, шығармалары «Капитализм және шизофрения», «Ницще және философия». Оның шығармашылығына Ницщенің дүниетанымы зор ықпалын тигізді. Шығармаларында қоғам тарихы мен әлем құрылымы және адам өмірінің мәні мен маңызы туралы философиялық ой-толғаныстар жасайды. Делез философиядағы тұлғалардың дүниетанымындағы айырмашылықтарға ерекше мән береді. Сондай-ақ мәдениет және оның шығу тегін зерттеуде мәдени ерекшелік (гендерлік, нәсілдік, ұлттық, жас ерекшеліктерге байланысты) ұғымына мән береді. |
Жак Деррида өз философиясының негізгі пәні ретінде тіл ұғымын алды. Ол Батыс мәдениетіндегі сөз бен хат ұғымдарының арақатынасын зерттеді. Батыс мәдениетіндегі сөз, дыбыс, дауыс ұғымдарының жазу мәдениетіннен басымдығын айқындайды. Жазу мәдениеті билік басындағылардың күш көрсету құралы ретінде, отырықшылдық қоғамындағы саяси жүйеде пайда болады. Жазу мәдениеті адамзат қоғамында билеуші топтың: абыздардың, аристократтардың, буржуазияның қолында болған. Қазіргі кезде бұхаралық ақпараттар құралдары қоғамдық пікірге ықпал етуші күш ретінде көрініп отыр. Деррида бойынша Батыс Еуропалық метафизиканың негізгі категориясы «қатысу» ұғымы болып табылады. Қатысу ұғымы арқылы философия үшін үш маңызды түсінікке көңіл аударады: 1) қатысу – болмыстың формасы ретінде; 2) қатысу – тіл формасы ретінде; 3) қатысу – уақыт формасы ретінде. Бұл ұғымдар Батыс еуропалық адам үшін тіршілік тәсілі ретінде қарастырылады. Ал тіл болса адам өмірінің іргелі өлшемі болып табылады. Жак Деррида шығармалары «Грамматология», «Әдебиет және өзгешелік». |
Жан-Франсуа Лиотар «Постмодерн шарттары» «Дискурс, фигура» шығармаларында қазіргі қоғамдағы білім және оның мәртебесін зерттейді. Лиотар үшін білім – қоғамда болып жатқан үдерістерді түсінуге мүмкіндік беретін бірден-бір шынайылық болып табылады. Білім қазіргі қоғам үшін қуатты әлеуеттік институт ретінде саясатқа, экономикаға, әскерге ықпал етеді. Мемлекет және ірі корпорациялар ғылымға орасан зор қаражаттар бөле отырып, ғылыми зерттеулердің тиімділігін талап етеді. Білім-ғылым-өндіріс байланысы қоғамдағы білімнің рөлінің өсуіне алып келеді. Білімнің құндылығы капитализм және техника дамуымен бірге қарастырылады. Білімнің коммерциализациялануы, яғни білім товарға айналып, алып-сату құралына айналады. Енді білімнің құндылығы оның пайдалылығы мен табыс әкелуімен өлшенеді. Ғылым қоғамда негізгі өндіріс күшіне айналады. Техникалық білмнің өлшемі, оның тиімділігі мен өнімнілігі болып табылады. Постмодерндік қоғамда университеттер ірі корпорациялармен бірігіп, оқу бағдарламалары мен жоспарларын құрады. Қоғамдағы ғалымдардың мәртебесі де өзгеріп, олар ірі бизнес құрылымдардың тапсырыстарын орындаушыларға айналады. Білім мәртебесінің өзгеруі студенттер мәртебесінің өзгеруін алып келеді. Компьютерлік және интернеттік дәуірдегі студент үшін дерексіз метафизикалық білімнің орнына,көзбен көзіп,қолмен ұстайтын көп ақша табуға және жайлы жұмыс орнын табуға көмектесетін практикалық білімдер қажет. Студент үшін интернеттен дайын материалдарды алу маңызды. Интернет адамзат қоғамындағы кітап оқу мәдениетін ығыстырып шығаруы әбден мүмкін. Газет журналдардың орнына олардың электронды нұсқаларын оқу тиімді деген түсініктер постмодерндік мәдениеттің белгілері..
|
Жан Бодриардың дүниетанымына маркстік ілім ықпал еткенін айта кеткен жөн. Оның алғашқы еңбектерінде саяси экономика, тұтыну және айырбас, өндіріс мәселелері қарастырылды. Кейінгі шығармаларында Бодриар маркстік көзқарастан алшақтай бастайды. Шығармалары «Тұтыну қоғамы», «Өндіріс айнасы немесе тарихи материализмнің жұтаңдығы», «Рәміздік алмасу және ажал», «Симулякрлар және симуляция». Бодриар бұхаралық қоғам, жарнама, сән, ақпарат, теледидар ұғымдарын зерттеген. Қазіргі Батыс қоғамында социо-мәдени шындық ретінде тұтыну ұғымы шығады. Тұтыну жаңа әлеуметтік тәртіп ретінде құндылықтардың жаңа жүйесін жасап, адам мінез-құлқына ықпал етеді. Бодриар бойынша гипершындық шынайы дүниенің арғы жағындағы шынайлықты бенедейді. Бұл жаңа әлемде объекті маңызды рөл атқарады. Бодриар мәдениеттің төрт типін атап көрсетеді, бұл мәдениеттердің негізінде белгіге қатысты төрт қатынас бар: 1) феодалдық мәдениетте белгілер және олардың мағынасын қасиетті күштер (құдай, ата-баба рухы т.б.) анықтайды, мұнда сыни көзқарасқа орын жоқ, белгіге түрлі түсіндірмелер беру бидғат ретінде қатаң жазаланады; 2) ренессанстағы тәртіптегі белгі – көшірме тұптұсқаға қарағанда құнды болып табылады, мұнда белгілерге қатысты түсіндірмелер пайда болады; 3) капиталистік қатынастың белгісі – өндіруші, жасаушы өндіріс болып табылады, мұнда жаңа әлеуметтік тәртіп өндіру қабілетіне, күшіне қарай өлшенеді, адам жұмыс күші ретінде қарастырылады. Капиталистік қоғамның әлеуметтік негізін тап құрайды, қоғамдық өмірдің рухани негізі ретіндегі діннің орнын негізінде әпсана жатқан идеология алмастырады, дәстүрді қастерлеу және өткенді құрметтеудің орнына, ескінің көзі ретіндегі өткенді сынау және үнемі жаңаруға ұмтылу орын алады; 4) постиндустриалды ақпараттық қоғамның белгісі – симулякр немесе симуляция болып табылады. Симулякр басқа белгіге көңіл аудару болып табылады. Индустриалды қоғамның әлеуметтік негізі таптың орнына қоғамның жаңа негізі бұқара алмастырып, постиндустриалды қоғамның бұқаралық мәдениеті салтанат құрады. Постиндустриалды қоғамдағы әлеуметтік өзгерістің көзі апат болып табылады. Бұл қоғамда пиар акциялар, ақпараттық жанжал, қарым-қатынас экстазы орын алады. Постиндустриалды қоғамда белгі белгімен ауыстырылып, референттің айқындау аясынан шығып кетеді, ал бұл симулякр болып табылады. Бодриар философиядағы диалектикалық ілімді сынайды. Диалектика және оның заңдары қазіргі қоғамға қатысы жоқ. Оның ойынша, әрбір жүйенің өзіне тән «ажал нүктесі» болады, оған жету бұл жүйе үшін апатты жағдайды тудырады. Соғыс жүйесінде ядролық соғыста жеңімпаз бен жеңілуші болмайды, бұл әлемдік апатқа алып келеді. Ақпарат жүйесіндегі «ажал нүктесі» мағына мен білімнің апатына алып келеді, эконмика жүйесінің «ажал нүктесі» тұтыну апатына алып келеді. Кез-келген жүйедегі апат бұл қарама-қарсылықтардың ең жоғарғы шиеленісуі болып табылады. Бұл шиеленіс жүйенің толық күйреуімен аяқталады. |