Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Razdatochny_material_2013.docx
Скачиваний:
889
Добавлен:
04.02.2016
Размер:
401.62 Кб
Скачать

Қайта өрлеу дәуірінің әлеуметтік-саяси философиясы

ФИЛОСОФ

ЕҢБЕГІ

ТҰЖЫРЫМДАРЫ

Томмазо Кампанелла (1568-1639 жж.)

«Күн қаласы» «Христиандық монархия туралы», «Шіркеу билігі туралы», «Испандық монархия туралы»

Ол шіркеу және зайырлы биліктің бірлігін жақтады. Оның испандықтарға қарсы ұйымдастырған бүлігі сәтсіздікке ұшырап, өмір бойына түрмеге кесіліп, 25 жыл түрмеде отырды. Күн қаласының құрылысы бірінші абыз басқаратын идеалды теократиялық жүйе болып табылады. Абыздың көмекшілері – Билік, Даналық, Махаббат – соғыс пен бейбітшілік, әскери өнер мен қолөнер, ғылым, білім беру, демография, тәрбие, медицина, егіншілік пен мал шаруашылығы мәселелерімен айналысады. Мұнда жеке меншік жоқ. Саяси, зайырлы билік шіркеулік билікпен үндеседі. Рим папасы әлемдік адамзат қауымын басқаруы тиіс. Күн қаласының азаматтарының діни сенімі табиғат философиясымен үйлеседі. Түрлі ел өкілдерінен құралған Рим Сенаты дауларды бейбіт шешуі тиіс. Күн қаласы парасатты және әділетті басқарылады.

Томос Мор (1478-1535 жж.)

«Утопия»

ол бойынша үлгілі қоғамда:

- жеке меншік жоқ;

- барлық азаматтар өндірушілер болып табылады.

Парламент мүшесі ретінде, ол король Генрих ҮІІІ қаржылық алаяқтығы мен деспотизміне қарсы шықты. «Утопияның» бірінші бөлімінде ағылшын қоғамын сынайды, екінші бөлімінде арман аралындағы өмір суреттеледі. Аралда қоғамдық меншік, қоғамдық игілікті әділетті және тең бөлуді қамтамасыз етуші мақсатты басқару тән. Барлық азаматтар еңбек етуге құқылы және міндетті

Никколо Макиавелли (1469-1522 жж.)

«Билеуші»

- Ол адам табиғатының зұлымдығын жоюға көмектесетін, қоғамға қажетті тәртіпті орнататын зайырлы мемлекетті құрудың қажеттілігін тұжырымдаған.

- күшті мемлекетті құрудың жолдарын іздестірді. Макиавелли мынандай сұрақтарды қарастырды: «Не жақсы: сүйіспеншілік тудырған жақсы ма, әлде үрей ме?», «Билеуші өз сөзінде тұрғаны дұрыс па?», «Билеуші өзіне халықты бағындыруы үшін өзін қалай ұстауы қажет?», «Билеушінің кеңесшілері кімдер болуы керек?», «Жағымпаздардан қалай құтылу керек?» және т.б..

Макиавелли идеялары күшті мемлекет құру үшін мемлекеттік билікті күшейту және өзінің саяси мақсаттарына қол жеткізу үшін тіпті антигуманды құралдарды қолдануы,билікті шексіз пайдалану,моральға бағынбау арқасында макиавеллизм деген атауға ие болды. Билеуші күшті мемлекетті құру жолында өзінде арыстан мен түлкі қасиеттеріне ие болуы қажет.Ол саясат пен діни түсініктер ара жігін ашты. Саясатты дін немесе мораль емес,өмір заңы мен адам психологиясы айқындайды.Адам өз күшіне сеніп,тағдырын жасауы тиіс.Саясат адам ерікі мен мінез ерекшелігінің жемісі.Сатқындық, өлтіру, арбау,күнә жасау, қатыгездік,уәдесін бұзу – мемлекеттік билікті нығайтуға бағыталған саясатта қолдануға болатын жағдайлар деп тұжырымдады.

Жан Боден (1530-1596 жж.)

«Мемлекет туралы алты кітап»

- күшті мемлекеттік биліктің қажеттілігі туралы ілімінде мемлекет мүддесін діни сенімнен жоғары қойды. Оның пікірінше, қоғамда ар-ождан бостандығы сақталуы тиіс, дінде мәжбүрлеу болмауы керек. –Т - -- Мемлекет отбасы мәселесін шешетін қауымдастық ретінде жеке меншікке негізделген қоғамдық мүлікті сақтауы тиіс. Қоғамда мүліктік теңсіздік табиғи қажеттілік. Мемлекет халықтың әлеуметтік мәселесіне құқықтық билік жүргізеді.Монарх –құқық пен егемендіктің абсолютті қайнар көзі. Мемлекет түрі климат жағдайына тәуелді. Қоңыржай климатты ел халқы әділетті, еңбексүйгіш болғандықтан, оларға парасатты мемлекет тән. Оңтүстік халқы жалқау болғандықтан, олар діни билікке мұқтаж. Табиғаты қатал солтүстік халқы үшін күшті мемлекеттік басқару жүйесі қажет деп есептеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]