Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Razdatochny_material_2013.docx
Скачиваний:
889
Добавлен:
04.02.2016
Размер:
401.62 Кб
Скачать

Позитивизм философиясы

Позитивизм ілімін және ағымдары

Позитивизм ілімінде шынайы позитивті білім – арнайы ғылымдар мен олардың бірігуі нәтижесінде ғана мүмкін екендігіне негізделеді.

Философия жеке ғылым ретінде өмір сүруге құқылы емес деп санайды.

Позитивизм ХІХ ғасырдың 30 жылдарында пайда болды. Позитивизмнің негізін қалаушы Огюст Конт (1798-1857 жж.). Еңбектері: «Позитивті философияның курсы», «Позитивті саясаттың жүйесі».

Конт позитивизмді эмпиризм және мистицизм арасындағы ілім деп есептеді. Конт бойынша, ғылым табиғаттың мәнін емес, тек құбылыстарды ғана тануы керек. Конт адамзаттың даму тарихын үш кезеңге бөледі: 1) теологиялық; 2) метафизикалық; 3) позитивті (ғылыми). Позитивизмнің алғашқы буын өкілдері: Э. Литтре, П. Лаффит, Ж. Ренан, Г. Спенсер.

Непозитивизм – философияның теориялық таным ретіндегі мүмкіндігін жоққа шығарады. Ғылымды философияға қарсы қоя отырып, бұл бағыттың өкілдері бірден-бір білім көзі ретінде, тек арнайы ғылыми білімді мойындайды.

Бұл бағыттың өкілдері 1922 ж. Вена үйірмесін құрды, олар: М. Шлик (үйірмені құрушы), Р. Карнап, О. Нейрат, Ф. Вайсман, Ф. Кауфман.

Осы мектеп негізінде логикалық позитивизм құрылған. 1950 ж. бастап неопозитивизм ұғымын аналитикалық философия ұғымы ығыстырды. Аналитикалық философияның негізгі ұстанымдарының қалыптасуына Л. Витгенштейннің «Логикалық философиялық трактаты», «Философиялық зертеулері» ықпал етті.

Людвиг Витгенштейн (1889-1951 жж.) австриялық философ, Кембридж университетінің профессоры. Оның пікірінше, философия ақиқатқа емес, тілдің мәнін айқындайтын аналитикалық қызмет атқарады. Философия белгілеудегі айқынсыздықты жоюы тиіс. Дұрыс логикалық белгілер тілдің құрылымын және белгілерді қолдану тәсілін көрсетуі тиіс.

1960-1970 ж.ж. Батыс философиясында постпозитивистік ағым қалыптаса бастады. Бұл бағыттың негізгі ұстанымдарына К. Поппердің сыни рационализмі, П. Фейерабендтің концепциясы жатады.

Карл Раймунд Поппер (1902-1994 жж.) – ағылшын философы, әлеуметтанушы. Еңбегі «Ашық қоғам және оның жаулары». Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебінің профессоры. Сыни рационализм, ғылыми білімнің өсуі теориясын ұсынды. Ғылыми білімнің өсуі батыл болжам ұсыну және іске асыруда, ол философияның негізгі міндетінің бірі – ғылыми білімнің ғылыми емес білімнен ара жігін ашу деп демаркация қағидатын ғылымға қатысты кез келген тұжырымды бекерге шығаруды (фальсификацияны) ұсынды. Сондай-ақ, ол табиғи, ментальды, объективтік әлемнің бар екендігін қарастырды.

Томас Кун(1922-1996 жж.) – американдық ғылым философы және тарихшысы. Еңбегі «Ғылыми революция құрылымы». Ғылымның тарихи эволюциялық моделі неопозитивистер мен сыни рационалистердің ұстанымдарына қарсы бағытталды. Ғылым тарихы түрлі ғылыми қауымдар арасындағы бәсекелестік күрестердің нәтижесі болып табылады. Мұндай қауымдардың қалыптасуының негізі – нақты қызмет моделін қабылдау, яғни дүниетанымдық құндылықтық әдістемелік нормалар мен теориялық стандарттарды ұстануды көрсетеді. Ол ұсынған парадигма ұғымы – ғылыми қауымдастық ұсынған, нақты бір уақытта мәселені қою және оны шешудің моделі, бәрі мойындаған ғылыми жетістіктер болып табылады. Парадигманың ауысуы – ғылыми революцияны айқындайды.

Имре Лакатос (1922-1974 ж.) – ағылшындық ғылым тарихшысы. Ғылыми білімнің даму заңдылықтарын зерттеді. Ол өз зерттеулерінде білім үдерістерінің өзгеруінің логикалық реконструкциясын және ғылымның эмпирикалық тарихын зерттеу негізінде ғылыми теориялардың даму жолдарын зерттеді. Сондай-ақ, ғылыми зерттеу бағдарламаларының методологиясына қатысты ұсыныстар жасады

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]