Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Razdatochny_material_2013.docx
Скачиваний:
889
Добавлен:
04.02.2016
Размер:
401.62 Кб
Скачать

Психоанализ философиясы

Психоанализ – адам өмірі мен қоғамдағы бейсаналықтың рөлін, психикалық процестерді түсіндіретін ілім.

Психоанализдің негізін салушы австриялық ғалым психиатр Зигмунд Фрейд (1856-1939 жж.) болды. Өкілдері: Альфред Адлер, Вильгельм Райх, Карл Густав Юнг, Эрих Фромм.

Психоанализдің негізін салушы австриялық ғалым психиатр Зигмунд Фрейд (1856-1939 жж.) болды. Психоанализдің бастамасы Фрейд ашқан 2 жаңалық болды, олар:

бейсаналық санамен қатар, тіршілік ететін және белгілі жағдайда сананы бақылайтын, әрбір адамға тән айрықша психикалық реалдылық;

ығыстыру реакциясыжағымсыз эмоция, теріс тәжірбие т.б. адамның психикалық саулығы мен теп-теңдігін бұзатынның бәрінің психикалық қорғаныш тәсілі ретінде санадан ығыстыру. Ол ерте ме, кеш пе «кездейсоқ» әрекет, қылық, түсініксіз мінез түрінде белгі береді.

Бейсаналықтың ерекше формасы – түс. Түс – шын өмірде іске аспаған тілек пен ұмтылыстың орындалуы мен көрініс беруі.

Фрейд психиканың 2 схемасын ұсынды:

  • топографикалық;

  • динамикалық.

Топографиялық схемада бейсаналық – түрлі ойлар мен тілектер адам сезімдері өз кезегін күтіп тұрған дәліз түрінде бейнеленеді.

Динамикалық схемада психика 3 бөлінеді:

  1. «Ол» - адам ойлары мен тілектері сақталған бейсаналдық әлем;

  2. «Мен» - психиканың барлық бөліктерін біріктіріп тұрған адам санасы;

  3. «Жоғарғы-Мен» -тұлғаға ықпал ететін, қысым жасайтын сыртқы шынайылық: заңдар, тиымдар, мораль, мәдени дәстүр

Бейсаналықтың негізі – «Либидо» - жыныстық инстинк. Адамның психикалық әрекеті дегеніміз – оның жыныстық инстинктінің түрлену процесі.

Эрос (өмір инстинкті) – адамның жасаушылық тәртібі жатыр. сол арқылы өз қажетіліктерін өтеп, ұрпақ жалғастырады.

Танатос (өлім инстинкті) – адамды қауіпті, бөтен көрінетіннің бәрін жоюға итермелейді. Адам өмірі бұл Эрос пен Танатостың өзара тоқтаусыз әрекеті.

Экзистенциализм философиясы

Философиялық трактаттарда, әдеби шығармаларда экзистенциалистер адам өмірінің таргедиялық жақтарын көрсетуге тырысқан. Негізі мәселесі адам оның өмірі, бостандығы, жауапкершілігі.

Өкілдері: М. Хайдеггер, А. Камю, Н. Бердяев, Ж.П. Сартр, К. Ясперс, Г. Марсель, т.б.

Экзистенциализмнің пайда болуының себептері:

  • әлеуметтік-экономикалық себептер (1-ші және 2-ші дүние жүзілік соғыстар мен соғыс салдарынан туындаған әлеуметтік-экономикалық дағдарыстар);

  • рухани адамгершілік себептер (адам психикасына әсер еткен себептер);

  • идеялық себептер (Кьеркегор, Шестов, Шопенгауэр, т.б. философтардың идеялары).

Карл Ясперс (1883-1969жж.) неміс философы, психиатр, экзистенциалист.Гейдельберг университетінің психология және философия профессоры. 1948 жылы Базель университетінің профессоры. Шығармасы «Дүниетанымдар психологиясы». Оның пікірінше, адам өз «Менің» таба алмаған күйде өмір сүреді. Тек өмірінің соңында өмір мен өлімнің – шекералық жағдайында – адам өзін танып, өзімен байланыста орнатады.

Карл Ясперстің пайымдауынша, философиялық ойлау дағдарысты кезеңде адамға шындықты тануға мүмкіндік береді. Болмыстың бірінші түрі заттық болмыс немесе әлемдегі болмыс. Бұл кезеңде шекаралық жағдай физикалық, моральдық немесе интеллектуалды апат жағдайында болды. Адам өз өміріне қанағаттанбағандықтан экзистенция әлеміне енеді. Экзистенция туралы философиялық ойлану адамға білім ретінде қабылданбайды. Ясперс ойлаудың екі түрін көрсетеді: 1) философиялық; 2) ғылыми ойлау. Ясперс түсінігі бойынша, қарым-қатынас философиялық ақиқаттың өлшемі деңгейіне көтеріліп, ақылмен теңдестіріледі. Тек қарым-қатынас қана адамға шынайы мән мағына берді. Моральдық-әлеуметтік және интеллектуалды зұлымдық Ясперс ең алдымен, пікірталасқа, сұхбатқа деген қабілетсіздікті көрсетеді. Трансценденттіктің заттық көрінісін Ясперс «шифр» деп атады. Шифрлар сенімде пайда болып қабылданады. Діни сенім шфрларды рәміздерге айналдырады, ал философиялық сенім мұны жасай алмайды. Ясперс бойынша, сенім – біздегі бар білім емес, сенім – адамды алға жетелейтін сенімділік. Ясперс кеңістік пен уақытағы жалпыадамзаттық қарым-қатынастың мүмкіндігіне деген сенімі, барлық уақытағы ойшылдардың достығы ретіндегі философиялық дәстүрді сезіне білумен байланысты. Осы уақыттардың байланысты тарихтың әмбебап мағынасын айқындаған осьтік уақытпен байланысты. Ясперс осьтік уақыт ретінде б.д.б. 800-200 жж. арасындағы уақытты көрсетеді. Бұл уақыт ежелгі Грек философтары, Көне өсиет пайғамбарлары, Зороастр, Конфуций және Дао, Буддизм және Жайнизмнің негізін қалаушылар өмір сүрген уақытты қамтиды. Бұл Батыс пен Шығыс мәдениетінің ортақ бастауларын көрсетеді.

Г. Марсель (1889-1973 жж.) француз философы, драматург, католиктік экзистенциализмнің негізін салушы. Шығармалары: «Болу және ие болу». Өз философиясын христиандық сократизм деп атаған. Марсель дінді рационалды түрде негіздеу мүмкін емес деп санады. Ол болмыс мәселесін жеке адамның тіршілік тәжірибесімен байланыстырды. Ол шынайлықты болмыстың нақты әлемі және иелік етудің шынайы емес әлемі ретінде қарастырды. Марсель үшін болмыс құпия әлем. Ол адамды затқа айналдыратын техника әлемін сынға алды, орта ғасырлық дәстүрлі қатынастарды мұрат етті. Ол ілімін христиандық сократизм деп атады.

Жан-Поль Сартр (1905-1980 жж.) француз философы, жазушысы, атеистік экзистенциализмнің өкілі. Шығармалары: «Болмыс және еш нәрсе», «Экзистенциализм бұл – гуманизм» және т.б. Экзистенциалды философиясының басты сұрағы – таңдау мәселесі деп есептеді. Философиясының басты ұғымы «өзің үшін болмыс». Адамның өін толық тануы осы «өзің үшін болмыста» іске асады.

Адам өзін – басқаның оған қатынасы арқылы таниды;

Адам өмірінің маңызды шарты, желісі, белсенділігінің негізі – бостандық;

Адам өз бостандығын таңдау арқылы көрсетеді; мұндай өмірлік маңызды таңдау Сартрда экзистенциалды таңдау деп аталады.

Адамда бостандықпен қатар жауапкершілік мәселесі туындайды, «Менімен болып жатқанның бәрі - менікі». Адам жаупты болмайтын бір ғана нәрсе бар ол – оның дүниеге келуі, ал қалғанының бәріне өзі жауапты.

Сартр адам шындығының болмыстық формаларының көріністерін талдады. Сартр бойынша, болмыстың түрлері: 1) өзіңдегі болмыс; 2) өзің үшін болмыс, 3) өзге үшін болмыс. Бұл біртұтас адам өмірінің үш қыры.

Альбер Камю (1913-1960 жж.) француз философы, жазушысы, 1957 ж. Нобель сыйлығының лауреаты. Шығармалары: «Бөгде», «Сизиф туралы аңыз», «Бүлікшіл адам». Философиясының мәселесі – адам өмірінің мағынасыздығы. Адам өмірі – абсурд. Оның екі дәлелі бар:

  • өліммен жүздесу - өмірде маңызды деп көрінетіндер (мансап, байлық, байланыстар) мәнін жоғалтып, мағынасыздыққа айналады;

  • дүние мен табиғатпен астасу – адам миллиондаған жылдар өмір сүріп келе жатқан табиғат алдында шарасыз екендігін сезіну.

Камю бойынша өмір мағынасы – сыртқы дүниеде емес, адам тіршілік етуінде, бар болуында.

Мартин Хайдеггер (1889-1976 жж.) негізгі шығармасы «Болмыс және уақыт». Хайдеггер бойынша экзистенциализмнің адам өмірінің қайғылы жағдайын көрсетуден және оған рақымшылық жасаудан көрінеді.

Оның экзистенциалистің зерттеулері төмендегі мәселлерді қамтыды:

  • адам өмірінің мәнін ашу;

  • жаттану және оның сыртқа шығатын феномендерін көрсету;

  • ажал феноменін ашу;

  • үрей мәселесін ашу.

Осы мәселелердің барлығын жинап адам мәселесіне айналдырады. Хайдеггердіңойынша, адам алдындағы өмір-ештеме емес . Адам алдында тек қана ажал бар. Ештеме дегеніміз - ажал. Сондай-ақ адам тіршілігінде екі қорқыныш түрі бар. Олар:

1) күнделікті қорқыныш;

2) онтологиялық қорқыныш.

Күнделікті қорқыныштың себебі күн сайын тіршілікте кездесетін материалдық қажеттіліктерден (үй,мал-мүлік, ақша т.б.) туындайды. Ал онтологиялық қорқыныш адамның алға қойған мақсатына жете алмауынан, рухани күйзелістерден туындайды.Ол техника адам өмірінің мәнің өзгертеді деп санады. 1950 жылы Рим папасы экзистенциализмді айыптады. Жалпы алғанда, экзистенциализм индивидуализмді тәрбиелеудің философиялық негізі тұлғаның шығармашылық тыныштығы мен қоғам алдындағы жауапкершілігі мен дұрыс әрекет жасауын айқындайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]