- •Философия пәнінен таратылу материалдары
- •Дүниеге көзқарастың түрлері
- •Философияның негізгі әдістері
- •Философияның негізгі сұрағы
- •Филосфияның тарихи кезеңдері
- •Түрлі философиялық мектептердің тұжырымындағы философияның негізгі сұрақтары (мәселелері)
- •Философиялық танымның түрлері және ерекшеліктері
- •Философияның қоғамдық қызметтері
- •Философия әрбір адамға не ұсына алады? (философияны оқудың практикалық мәні)
- •Тақырып 2. Көне Үнді және Қытай фиолософиясы көне үнді философиясының дамуының кезеңдері
- •Үнді философиясының қалыптасуы мен дамуына негіз болған көне үнді діни және діни-философиялық әдебиеттері
- •Көне үнді философиялық мектептері
- •Көне үнді философиясының маңызды ұғымдары
- •Көне қытайда философияның қалыптасуы мен дамуына ықпал еткен діни, діни-философиялық, тарихи әдебиеттер
- •Көне қытай философиялық негізігі мектептері және қарастырған мәселелері
- •Көне қытай философиясының маңызды ұғымдары
- •Қытай философиясының мектептері және филсофиялық тұжырымдары
- •Тақырып 3. Антика философиясы
- •Антикалық философияның мектептері (көне грек және көне рим)
- •Антикалық философияның классиктері
- •Аристотель бойынша ғылымдар классификациясы
- •Тақырып 4 Орта ғасырлар философиясы орта ғасырлардағы батыс философиясының дамуының бағыттары (іі-хіү ғғ.)
- •Орта ғасырлық батыс философиясының қалыптасуының алғышарттары
- •Орта ғасырлық батыс философиясының негізгі позициялары
- •Аврелий августин және фома аквинский ілімдері
- •Орта ғасырлардығы шығыс философиясы
- •Шығыс перипатетизмі
- •Тақырып 5. Қайта өрлеу дәуірінің философиясы қайта өрлеу дәуірінің философиясы (XIV-XVI ғ.Ғ.). Қайта өрлеу дәуірінің философиясының даму кезеңдері
- •Қайта өрлеу дәуірінің философиясының ерекшеліктері
- •Қайта өрлеу дәуірінің әлеуметтік-саяси философиясы
- •Тақырып 6. Жаңа заман және ағартушылық философиясы
- •Жаңа Заман философиясының дамуының негізгі бағыттары (xүіі-хүіiIғғ)
- •Жаңа заман эмпиризмі
- •Жаңа заман рационализмі
- •Ағартушылық философиясы
- •Хүііі ғ. Француз ағартушылығы
- •Тақырып 7. Неміс классикалық философиясы (хүiіі-хіХғғ.)
- •Марксизм ілімі
- •Тақарап 8. Орыс философиясы
- •Тақарап 9. Қазақ философиясы
- •Қазақ философиясының дамуының кезеңдері
- •Орта ғасырлық қазақ философиясы
- •Қазақ ағартшылық философиясы
- •Хх ғ. Басындағы ағартушы-демократиялық философия
- •Тақырып 10. Хіх-хх ғғ. Батыс философиясы хх ғасыр Батыс философиясы
- •Позитивизм философиясы
- •Психоанализ философиясы
- •Экзистенциализм философиясы
- •Постмодернизм философиясы
- •Тақарып 11. Онтология: негізігі түсініктері мен қағидалары. Даму теориясының мәселеері
- •Субстанция туралы философиялық тұжырымдар
- •Христиандық догматтық теология бойынша болмыстың онтологиялық құрылымы
- •Г.Гегель бойынша бойынша болмыстың онтологиялық құрылымы
- •Әлем орталығы туралы тұжырымдар
- •Философиядағы материя ұғымы
- •Материяның құрылымдық деңгейлері
- •Материяның формалары
- •Кеңістік-уақыт туралы негізгі концепциялар
- •Материя қозғалысы және оның түрлері
- •Ғарыштағы материя ұйымдастырылуының деңгейлері
- •? Диалектика
- •Сананның пайда болуы туралы философиялық концепциялар
- •Тақырып 12. Гносеология: мәселелер шеңбері Гносеологияның негізгі мәселелері мен сұрақтары
- •Дүниені танып білу мүмкіндігі мәселесінің шешімдері
- •Жартылай агностисизм
- •Агностисизм гносеологиялық концепциялар
- •Сезімдік танымның формалары
- •Рационалды танымның формалары
- •Ақиқаттың түрлері
- •Ғылыми танымның өзіндік ерекшелігі
- •Тақырып 13. Философиялық антропология негіздері және аксиология Философиялық антропологияның мәселелері және сұрақтары
- •Адам мәні туралы тұжырымдар
- •Адам мәнін айқындаудағы негізіг ыңғайлар
- •Платон бойынша адамның антропологиялық құрылымы
- •Аристотель бойынша адамның антропологиялық құрылымы
- •Ортодоксальды христиан философиясы бойынша адамның антропологиялық құрылымы
- •Антропогенездің негізгі концепциялары
- •Йога және психоанализ философиясы бойынша адамның психикалық әлемінің құрылымы
- •Адам санасының қалыптасуы мен дамуына әсер ететін факторлар
- •Адам өмірінің мәні мәселесіне байланысты философиялық тұжырымдар
- •Антропологиялық биоэтиканың қазіргі заманғы мәселелері
- •Аксеология
- •Адамның қоғамдық өмірдегі негізгі реттеушілері
- •Адамзат құндылықтарының түрлері мен иерархиясы.
- •Құндылық мәселесі туралы философиялық тұжырымдар
- •Тақырып 14. Қоғам және мәдениет философиялық талдаудың негізі ретінде
- •Қоғамның негізгі сипаттары
- •Қоғам өмірінің салалары
- •Тарихи материализм (Марксизм) концепциясына сәйкес қоғам құрылымы
- •Тарихи материализм (Марксизм) концепциясына сәйкес әлеуметтік-экономикалық формация
- •Қоғам дамуының түрлері
- •Қоғам дамуы туралы теориялар
- •Қоғамдағы билік түрлері
- •Мемлекет түрлері
- •Құқықтық мемлекетегі биліктің тармақтары
- •Азаматтық қоғам
- •Мәдениет философиясы
- •Мәдениет туралы философиялық тұжырымдар
- •Мәдениеттің қоғамдық қызметтері
- •Мәдениеттің формалары мен түрлері
- •Өркениет ұғымы
- •Өркениет ұғымының мәні (ойшылдар мен зерттеушілер бойынша)
- •Хх-ххі ғғ.Мәдениет пен өркениеттің даму тенденциялары
- •Тақырып 15. Қазірігі заманғы жаһандық мәселелер қазірігі заманғы мәдениет пен философиядағы контртенденциялар
- •Қазірігі заманғы өркениет дамуының ішкі және сыртық факторлары
- •Ххі ғасыр басындағы ғаламдық мәселелер
- •Ғаламдық мәселелерді шешудің ұсынылатын жолдары
- •Ғаламдық мәселелердің жалпы себептері
- •Ғаламдық мәселелерді шешу жолындағы қажетті әлеуметтік-мәдени шарттар
- •Болашақты зерттеу
- •Болашақты зерттеудің әдістері
- •Кейбір мүмкін болатын өркениет дамуының моделдері
Орта ғасырлық қазақ философиясы
Орта ғасырдағы қазақ философиясының өкілдері: әл-Фараби, Қорқыт, Жүсіп Баласағұн, Мұхамед Қашғари, Махмұд Хайдар Дулати, Қожа Ахмет Йасауи, Ахмет Иүгінеки | ||
Ойшыл |
Шығармалары |
Философиялық тұжырымдары |
Жүсіп Баласағұн (шамамен 1020 ж. дүниеге келген) |
«Құтты білік» |
Білімді адамдар өмір сүретін, мінсіз қоғам нормалары жайлы, әлеуметтік мәртебесі әрқилы қоғам мүшелерінің мінез-құлық ережесі, сондай-ақ басқарушы және бағынушылар арасындағы ара қатынас қағидаларын талдайды. Бақытты, рахатты, салауатты өмір сүруі үшін және қоғамдық мораль негізі үшін әдептік ұстанымдарды белгілейді. Дүниетанымдық және құндылықтық бағдары моральға негізделген. Мораль – бұл адамгершілік, тәлім-тәрбиелік, өнеге-үлгілік ұстаным. Мораль адамның өмірлік ұстанымы мен бітім-болмысын, яғни, адамның сыртқы кескін-келбетін және ішкі мәдениетін, рухани жан дүниесін білдіретін ұғым болып табылады. Сол сияқты, адамның отбасындағы және қоғамдық өмірдегі қарым-қатынасын айқындайтын ұғым. Ойшыл қоғамдық қатынастардағы түрлі адамгершілік, білімділік, парасаттылық, батылдық, әділеттілік құндылықтарын қарастырды. «Құтты біліктің» төрт кейіпкері әдеп пен мораль нормаларын сақтай отырып сұхбатасады. Күнтуды – әмірші, Айтолды – уәзір, Өгдүлміш – уәзірдің баласы, Оғдүрміш – уәзірдің ағасы, бұл төрт кейіпкер Әділетті, Бақытты, Ақыл мен Қанағатты бейнелейді. Шығарма кейіпкерлерінің қарым-қатынасы мен дүниетанымдық ұстанымы өзара ой бөлісіп, сұхбаттасуы арқылы шығарма авторы философиялық және құндылықтық мәселелерді көтереді. «Құтты білік» шығармасында биліктің тек адамгершілік және имандылықпен санасқанда ғана абыройлы болатынын дәлелдеген және соған апаратын жол көрсетілген. Адам болмысының мәні және адамның әдебін ашатын ұғым ретінде ар-ұят алынады. Адамның адамгершілігін, оның тұлғасын ардақтайтын және көкке көтеретін – ар мен ұят. Парасатты, әдепті адамдарға тән жоғарғы қасиеттер – әділеттілік, сабырлылық, мейірімділік және турашылдық. Ойшыл адам бойындағы этикалық құндылықтардың тереңдігінің сыры халықтың құндылықтық ұстанымдарын қадір тұтуынан, ата-бабаның рухани дәстүрін құрметтеп, өмірлік мұрат ретінде қабыл алуынан адамның тектілігі қалыптасатындығын айтады. Қоғамдағы адамдардың теңдігі айқын, алайда, адамдардың алған тәрбиесі мен әдебі әрқилы. Білім мен ғылымның мәніне зор көңіл аударылады. Білік – түпсіз, шетсіз-шексіз бір теңіз, Қанша сімір сарқылмайды, білсеңіз! Біліммен ер басын алып жүреді, Ал, білімсіз басын оққа тігеді. Білім алып, биіктей бер адам бол, Ел ішінде мал атанған надан мол. (Баласағұн Ж. Құтты білік / Аударған А. Егеубаев. – Астана, 2003.115-116 б.). «Құтты білікте» білім өмір мәні және қоғамың мәдени, рухани деңгейінің өлшемі ретінде көрсетіледі. Білім мен парасат адам мен қоғам өмірінде кездесетін зұлымдықтардың алын алу үшін қажет. Білім адамның өз болмысын танып білуге, иманын жетілдіруге, өмірдегі өз орнын табуға және қайырымды болуға жол ашатын жарқын жол. |
Махмұт Қашқари (ХІ ғ.) |
«Диуани лұғат ат-түрк» |
Адами құндылықтар қоғам мен адам арақатындағы және тәлім-тәрбиеге қатысты айқындалады. «Диуани лұғат ат-түрк» еңбегі ежелгі түркі халқының ұлттық сана-сезімімен қатар, олардың дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын, өмірлік құндылықтарын, ділдік ерекшеліктерін көрсетеді. Этикалық ізденістеріне мораль қағидалары мейірімділік, әділеттілік, бейбітшілік, достық, жомарттық, сабырлылық, шүкірлік, тақуалық және т.б. Ел басшысы болсаң егер, жағымды істі кәсіп ет, Бек қасында адамдарға жақсылықты тасып өт (Махмұт Қашқари Диуани лұғат ат-түрк // Қазақ халқының философиялық мұрасы. Орта ғасырдағы түркі ойшылдары: 20 томдық. – Астана: Аударма, 2005. – 5-т. - 164 б). Қайырымдылық пен жақсылық ұғымдары басшы мен қарапайым адамның өмірлік ұстанымы ретінде суреттеледі. Ықылас бұл адам жүрегі мен имани ұстанымынан туындайтын іс әрекет. Ел билеушісі халықты әділдікпен басқарып, олардың құқықтарын қорғауы керек. Жақсылық жасау бұл адами міндеті. Түркі тілдес тайпалардың әдебі мен салт-дәстүріне қатысты мақал-мәтелдерде адамның жеке басына қатысты міндеттері, жанұядағы міндеттері, қоғамдағы міндеттері, адам бойындағы жақсы және жаман мінез-құлықтар пайымдалған. |
Ахмет Иүгінекидің (ХІІ ғ. аяғы мен ХІІІ ғ. басы) |
«Ақиқат сыйы» |
Адам болмысының құндылықтық астарлары ашылып, адамның рухани даму мәселесі көтеріледі. «Ақиқат сыйында» адамның бұл өміріндегі мақсаты мен міндеттері ислами тұрғыдан шешіледі. Адамның екі дүниедегі бақытты өмірі Жаратушыға күмәнсіз сеніп, ғибадат ету және ел жұртына қайырымды болу. Алла өзін білімменен құт етеді. Қайырсыз надандықты жұт етеді. Білімді үйренбеген талай қауым, Құдайды қолдан жасап, пұт етеді Аллаһ білім, парасат жолымен өзін танушыларға жол ашады. Ойшылдың ұстанымы исламның мәдениеті мен құндылығын адам баласы толыққанды түсініп, оны дүниетаным ретінде қабылдап, өмірлік ұстанымына айналуына ықпал ету болып табылады. Ақымақтың тілі – бастың дұшпаны, Қан төгіліп талай бастың ұшқаны. Көп сөйлеген өкінеді түбінде – Безей бермей ақылға сап ұста оны Адам баласының тіліне ие болу керек екендігін баса айта отырып, адамның тілін бақпай, орынсыз, жүйесіз сөйлей беруі ұнамсыз қасиет екендігін болжайды. Тілді тәрбиелеу адамның кісілік тұлғасын биікке көтеріп, өз ортасында оның сыйлы ететіндігін белгілі. Адамдар арасындағы достық сезім мен бауырластықты бұзатын адамдар арасында дұшпандық пен секемшілдікті тудыратын бұл ғайбат. Ғайбат бұл тілге ие болмай, орынсыз биәдеп сөздерді сөйлеу. Тәкаппар, тонын киме – «біл!» - демегім, Халықты кеуде керіп тілдемегін. Нышаны момындықтың кішіпейіл, Бол дағы кішіпейіл, дым демегін Кішіпейілділікті, шыншылдық пен әдептілікті асқақтата отырып, кішілік пен қарапайымдылықтың адам болмысының рухани мәнін ашатын қасиет ретінде ашады. Ал тәкаппарлық өзін ұлықтау, өзін мақтау, ал адамдарды менсінбеушіліктен туындайды. Ойшылдың ұстанымы адамның жан дүниесін байыту мен гуманистік келбетін жан-жақты жасау болып табылады. |
Қожа Ахмет Йасауи |
«Диуани хикметі» («Даналық кітабы») |
Имандылық пен тақуалықтың, еркіндік пен ізгіліктің, даналық пен діндарлықтың үлгісін ұсынған. Сопылық философиясының түркілік бұтағының негізін қалаушы ретінде ислам ілімі мен құндылықтарын, ислам ахлағы мен даналығын үлгі өнеге, өсиет ретінде насихаттаған. Сопылық ұстанымы мен тақуалық жолы дәріптеледі. Адам баласын ислами тұрғыдан кемелденуге, иманын жетілдіруге, парасат пайымын тереңдетуге шақырған сопылық ұстанымдары болып табылады. Ғашық болсаң ғашық жолына қыл қадам, Дүниені талақ қылғыл мысал Адхам, Ақылға ерсең дүние үшін жемеген қам, Қиямет күні жазаларын берер, достар. Сыр шарабын ішкен ғашық өзін білмес, Бұл дүниенің ләззатын көзіне ілмес, Жүз мың рет кеңес айтса ақыл алмас, Гүл гүл жайнап өзін білмей жүрер, достар Жаратушыға деген махаббат адам бойындағы адамгершілік адалдық, мейірімділік, қарапайымдылық, кішіпейілділік, әділдік, діндарлық, сабырлылық, жомарттық сынды ізгі қасиеттер арқылы өз мазмұнын байытып, құндылық ретінде ұлықталады. Адамның өзін-өзі танып және жетілдіру арқылы ақиқатты іздеу жолын және өткінші дүние қызығын тәрк етіп, тақуалық пен кемелділікті ұстануға шақырады. 149 хикмет жыры бар. Сопылық ілімінің басты ұстанымдары: шариғат, тариқат, мағрифат және ақиқат сынды мақам жолдрдан тұрады, кемел адамды қалыптастыруға бағыталады. Йасауи «Кім өзін білсе, Хақиқатты танығаны» - деп, нәпсіні тізгіндеуге шақырады. |
Сүлеймен Бақырғани ХІІ ғасырда |
«Хакім ата» |
Адамның шынайы мұсылмандыққа жету үшін ихсанды, тақуалықты ұстану қажеттігін айта отырып, білімдарлық пен даналыққа жету жолдарын айқындайды. Түркі ұлыстарының діліне ортақ құндылықтарды насихаттауында жатыр. |
Мұхаммед Хайдар Дулати (1499-1551 жж.) |
«Тарих-и Рашиди», «Жаһаннаме» |
Ислам діні мен ілімі, мәдениеті терең білімдар болған. Орта Азия халықтары мен қазақ халқының тарихы, мәдениеті туралы деректер жинақтаған. Қазақ хандығының құрылуы туралы деректер оның еңбектерінде көрініс тапқан. Тарих философиясы мен тарихи жадқа қатысты тың мәліметтер кездеседі. Ол өз дәуіріндегі түрлі дін бұзар адасушы топтардың іліміне дінтанулық талдаулар жүргізген. Кашмирде билік еткен кезінде, бұл аймақтың мәдениеті өркендеп, ғылымның дамуына зор үлес қосты. |