Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
OM_OG_RK_2_raspech3.doc
Скачиваний:
36
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
279.04 Кб
Скачать

Нұсқа/ Вариант № 8

  • Блок 1. Бұл блокта 10 тест сұрағына жауап беру керек, әр дұрыс жауап 5% /В данном блоке необходимо ответить на 10 тестовых вопросов, за каждый правильный ответ 5%

1. Балалар мен жасөспірімдердің дене дамуын бағалау үшін қолданылатын регрессия шкаласын құру үшін қандай мәліметтер қажет?

  1. жасы, жынысы, басының аумағы, ұзындығы, дене салмағы

  2. жасы, жынысы, кеуде клеткасының көлемі, тұратын жері

  3. жасы, жынысы, ұлты, дене салмағы, кеуде клеткасының көлемі, тұратын аймағы

  4. кеуде клеткасының көлемі, екінші жыныстық белгілері, жылдық бойының қоспасы

  5. ұлты, жасы, жынысы, кеуде клеткасының аумағы, денсаулық тобы

2.280 балаға есептелген МДМ жобасына сараптау жүргізілді. Жер территориясы мен ішкі бөлмелерде оқшаулау принциптері сақталған. Оқшаулаудың қандай түрлері бар?

  1. топтық және жеке

  2. топтық және аудандық

  3. жастық және жеке

  4. жыныстық және топтық

  5. бөлмелік және учаскелік

3. 12 жастағы ер баланың екінші жыныстық белгісі 14 жастағы баланың екінші жыныстық белгілеріне сай екендігі анықталды. Баланың биологиялық жасы бойынша қандай қорытынды беруге болады?

  1. биологиялық жасы паспорттық жасынан оза дамыған

  2. биологиялық жасы паспорттық жасына сай

  3. биологиялық жасы бір қалыпты дамуда

  4. биологиялық паспорттық жасынан қалып қойған

  5. биологиялық жасын анықтау мүмкіндігі жоқ

4. Өндірістік ортаның ауасынан алынған сынамаға зерттеу жүргізілді. Жұмыс бөлмесі ауасындағы кремнийдің қос тотығының мөлшері 70%- тен жоғары болғанда, тозаңның ШРЕК-і нешеге тең болады

  1. 0,5 мг/куб м

  2. 1,0 Мг/куб м

  3. 2,0 мг/куб м

  4. 4,0 мг/куб м

  5. 10,0 мг/куб м

5. № 1-ші мектептің бесінші сыныбында тарих сабағының ұйымдастырылу құрылымына гигиеналық бағалау жүргізілді. Сабақ қандай бөлімдерден тұрады?

  1. экспериментальды және қорытынды бөлім

  2. кіріспе бөлімі, негізгі, қорытынды

  3. зертханалық және қорытынды

  4. дайындық және теориялық

  5. бастапқы негізгі және қосалқы бөлімдер

6. Қала орталығында 600 койкаға аурухана құрылысы жобаланған. Жобада бір ғимаратта емдеу, емдеу-диагностикалық бөлімшелер, хирургиялық және жалпы соматикалық бөлімшелері жоспарланғаны анықталды. Аурухана жобасы қандай құрылыс жүйесіне жатады?

  1. орталықтандырылмаған

  2. аралас

  3. орталықтандырылған

  4. блокты

  5. арнайыландырылған

7. Қалалық санитарлық қызметтің ЕПМ бөліміне 780 койка санына есептелген аурухана жобасы сараптамға келіп түсті. Осы жобаның жағдайлық бөлімінде қандай мәлімет болады?

  1. жоспарланған объектінің елді мекенде орналасқан басқа объектіге қатынасы

  2. территория толығымен және жобаланған объектіге қатынасы

  3. объектінің жер участогының формасы және мөлшері

  4. жобаланған объектілердің элементтерімен өзара байланысы және жоспарлануы

  5. объектінің сыртқы бейнесі (мекеменің)

8. Кезекті медициналық зерттеу кезінде жұмысшылар арасында есту шегінің көрсеткіші ауытқыған, яғни өндірісте ағзаға зиянды әсер ететін шу көзі бар екендігі анықталды. Есту шегі дегеніміз не?

  1. есту органы қабылдай алатын барлық жиіліктегі дыбыстың мини малды интенсивтілігі

  2. есту органы қабылдай алатын барлық жиіліктегі дыбыстың максималды интенсивтілігі

  3. 1000 Гц жиілігінде қабылданатын дыбыстың максималды интенсивтілігі

  4. есту органы қабылдай алатын дыбыстың минималды жиілігі

  5. есту органы қабылдай алатын жиілігі мен күші белгілі бір шамадағы үндердің (тон) мезгіл-мезгіл қайталануы

9. Кезекті санитарлық зерттеу кезінде интернет кафенің жертөледе орналасқандағы анықталды. ЖК-мен жұмыс істейтін мекемеге қойылатын санитарлық- гигиеналық талаптарға сай қандай тыйым салынады?

  1. жұмыс орындарын жоғарғы қабаттарда орналастыру

  2. жұмыс орындарын жертөлелерде орналастыру

  3. аралық бөлмелердегі жұмыс орындарын жабдықтау

  4. тұрғынжайларға жұмыс орындарын орналастыру

  5. оқу орындарының мекемелеріне ЖК-ы орналастыру

10. Соматоскопиялық зерттеу кезінде баланың табан пішінін анықтау қажет болды. Сіз қандай әдісті қолданасыз?

  1. рентгенография

  2. бласстография

  3. плантография

  4. динамометрия

  5. ультра дыбысты диагностика

  • Блок 2. Бұл блокта 1 тапсырма шешуге тиісті, әр дұрыс жауап 50% /В данном блоке необходимо решить 1 задачу, правильный ответ - 50%

Қалалық санитарлық сараптау бөлмесіне бір қабаттан тұратын жұқпалы аурулар ауруханасының жобасы келіп түсті. Бір науқасқа арналған толық бокстың ауданы 12м2. Науқаста қабылдау бөлімінің жалпы науқастарды қабылдау-қарау бөлмесінде жүргізіледі. Өздерінің бокстарына науқастар жалпы коридор арқылы бағытталады екен. Науқастар толық жазылғаннан кейін санитарлық өткізгіш арқылы шығарылады. Медициналық қызметкерлер боксқа ас блогы бөлімі арқылы біріктірілген дәлізбен кіреді. Жобаның түсініктеме жазбасында ауруханадан шығарылған іркінді сулар қалалық канализациялық тазалу құрылымдарына жіберілетіндігі анықталды. Ауаның алмасу жиілігі сағатына 1-ге тең деп берілген. Берілген таза ауа үшін бактериологиялық тазалау құрылымдары қарастырылмаған. Жарық қуаты 10Вт құратын 2 люменисцентті шамдар арқылы жүзеге асырылады.

Тапсырма: берілген жобаны гигиеналық сараптаудан өткізіп, гигиеналық қорытынды беріңіз.

Келесі сұрақтарға жауап беріңдер:

1. Палаталық секция дегеніміз не?

2. Аурухананы құрылыстау үшін жер таңдаудың гигиеналық принциптерін көрсетіңіз

Жалпы гигиена, экология курсына жауапты Калишев М.Г.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]