Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
OM_OG_RK_2_raspech3.doc
Скачиваний:
36
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
279.04 Кб
Скачать

Нұсқа/ Вариант № 4

  • Блок 1. Бұл блокта 10 тест сұрағына жауап беру керек, әр дұрыс жауап 5% /В данном блоке необходимо ответить на 10 тестовых вопросов, за каждый правильный ответ 5%

1. 700 балаға арналған мектепке дейінгі балалар мекемесінің жобасы қалалық санитарлық бөлімге түсті. Қабаттық жоба бойынша келесі бөлмелер анықталды: медициналық кабинет, қабылдау, ойын – асхана, жатын – кіре беріс. Мектепке дейінгі балалар жасындағы топтық ұяшық қандай бөлмелерден тұрады?

  1. медициналық кабинет, изолятор, музыкалық зал

  2. меңгеруші кабинеті, әдіскер кабинеті

  3. қабылдау, ойын-асхана, жатын-кіре беріс, буфет

  4. әжетхана, ойнау-асхана, изолятор

  5. денешынықтыру залы, буфет, музыкалық зал

2. 5 жасар қыз баланың дене дамуы V дене даму дәрежесіне келетіндігі анықталды. V дене дамуының дәрежесіне қандай анықтама сәйкес келеді?

  1. жақсы (тұрақты), үйлесімді

  2. нашарланған, дисгармониялы

  3. нашар, дисгармониялы

  4. жалпы тежелу, дене дамуының қалуы

  5. дене дамуының озуы

3. Мектепке дейінгі мекеменің бөбек жасындағы топ балаларының күн тәртібін бағалау жоспарлануда. «Күн тәртібі» түсінігінің анықтамасы қандай?

  1. берілген тапсырма көлемі бойынша нақты іс қимыл түрлерін орындау

  2. берілген тапсырманы жедел орындау

  3. барлық іс қимыл және демалуға уақытты бөлу

  4. баланың тәуліктік күн тәртібіне денсаулық жағдайына және жынысына байланысты оптимальды көлемін бекіту

  5. баланың тәуліктік күн тәртібіне денсаулық жағдайына және жынысына байланысты

оптимальды ұзақтығын бекіту

4. Шахтаның қолайсыз факторлары жедел кәсіптік аурулардың дамуына және жұмысшылардың өміріне қауіп қатер тудырады. Шаңның бөлінуімен жүретін жұмыс орындарына қандай диагнозбен жұмысқа тұруға тыйым салынады?

  1. шеткері жүйке жүйесінің жедел және созылмалы аурулары

  2. созылмалы панкреатит

  3. жедел респираторлық аурулар

  4. қан жүйесінің и жедел және созылмалы аурулары

  5. пневмосклероз

5. Жалпы және жергілікті (локальді) діріл көздері бар еңбек жағдайларын бағалау үшін аспаптық өлшеу жүргізілді. Ағзаға дірілдің әсері қандай қасиеттерге байланысты болады?

  1. ағзалар мен тіндердің физико-механикалық құрылымы

  2. тербелетін дене салмағының тығыздығына

  3. жұмысшылардың жұмыс өтілі мен жасы

  4. өндірістегі демалу және еңбек тәртібі

  5. тәуліктік биоритм

6. Конвейер цехындағы шу және діріл деңгейін бағалау кезінде кейбір орташа геометриялық октавалық жолақтарда шудың нормадан ауытқуы анықталды. Осы анықталған дыбыс толқынының ұзындығы дегеніміз не?

  1. 1 Секундтағы толық тербеліс саны

  2. дыбыс толқынындағы екі көрші қоялану (сгущения) немесе ыдырау арасындағы қашықтық

  3. толық бір тербеліс болатын уақыт

  4. 1 с ішінде толқын процесі тарала алатын қашықтық

  5. тербелістегі дененің тепе-теңдік нүктесінен неғұрлым ауытқуы

7. 450 койка санына есептелген аудандық аурухананың жобасы гигиеналық сараптауға келіп түсті. Аурухананың жобасында барлық бөлімшелер жоспарланған. Қандай бөлімшенің қабылдау бөлімі жеке болуы тиіс?

  1. іріңді хирургия

  2. анестезиология және реанимация

  3. реанимация және қарқынды терапия

  4. балалар

  5. неврологиялық

8. Кезекші дәрігер басының, ішінің ауырғынына, көзінің алды тұмандануына шағым айта келген науқастардың көру бұзылыстарына, аккомодацияның бұзылғандығын, жұтынудың қиындауын, дауысының қарлыққандығын анықтады. Сырқат тамақтан уланудың қандай тобына жатады?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]