Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
OM_OG_RK_2_raspech3.doc
Скачиваний:
34
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
279.04 Кб
Скачать

Нұсқа/ Вариант № 1

1. 11 жастағы ер баланың, ұлты орыс, дене дамуын бағалау кезінде келесі көрсеткіштер анықталды: дене салмағы бойынша «+II» дене даму дәрежесі, кеуде клеткасының аумағы бойынша «IІ+» дене даму дәрежесі. Баланың қортынды дене даму дәрежесі қандай?

  1. +III

  2. +II-

  3. -IІ-

  4. +II+

  5. -ІІ+

2. Бастауыш мектепте оқу жылының бірінші тоқсанына сабақ кестесі құрастырылды. Кестеде қосарландырылған сабақтар 5 рет кездеседі, динамикалық компоненттері бар сабақтар бірінші сабаққа қойылған. Құрастырылған сабақ кестесіне қандай баға бересіз?

  1. сабақ кестесі ұтымды ұйымдастырылған, оқу жүктемесі нормаға сай

  2. оқу жүктемесі нормаға сай, себебі бастауыш сынып оқушыларына қосарландырылған сабақтар жүргізуге болады

  3. оқу жүктемесі нормаға сай, себебі бастауыш сынып оқушыларына динамикалық компоненттері бар сабақтар жүргізуге болады

  4. сабақ кестесі ұтымды ұйымдастырылмаған, оқу жүктемесі нормаға сай емес

  5. оқу жүктемесі нормаға сай, себебі бастауыш сынып оқушыларына динамикалық компоненттері бар сабақтар тек қана бірінші сабақтарға жүргізілуі тиіс

3. Ескертпелі санитарлық бөлімге 720 балаға арналған мектептің жобасы сараптамаға келіп түсті. Қабаттық жоба бойынша бөлмелердің орналасуы гигиеналық талаптарға сай емес екендігі анықталды. Ауыр құрал-жабдықтармен жабдықталған шеберхана мектептің нешінші қабатында орналастырылуы қажет?

  1. 1Ші қабатта

  2. 2ші қабатта

  3. барлық қабатта

  4. 3ші қабатта

  5. жоғарғы қабатта

4. Көмір өндіретін шахтаны санитарлық тексеру кезінде ауада көмір шаңының мөлшерден артық болуы және де желдету жүйесінің жұмысының бұзылғаны анықталды.Осы өндірістік мекемедегі жұмысшыларда қандай пневмокониоздардың түрі дамуы мүмкін ?

  1. астбестоз

  2. талькоз

  3. сидероз

  4. антракоз

  5. бериллиоз

5. Қалыптау цехында үй салу комбинатының дірілүстелінің пультінде жалпы діріл деңгейінің жоғары екендігі анықталған. Жоспарлы медициналық тексеріс кезінде жұмысшыларда нейротамыр жұмысының ақаулары байқалды. Берілген өндіріс орындарында қандай кәсіптік аурулар дамуы мүмкін?

  1. созылмалы бронхит

  2. шу ауруы

  3. пневмоканиоз

  4. діріл ауруы

  5. кәсіптік кереңдік

6. 1200 койка санына есептелген облыстық орталықтандырылған аурухананың жобасы гигиеналық сараптауға келіп түсті. Терапиялық және хирургиялық саладағы бөлімшелердің бір палаталық секциясының сыйымдылығы қандай?

  1. 15 койкадан артық емес

  2. 20 койкадан артық емес

  3. 30 койкадан артық емес

  4. 40 койкадан артық емес

  5. 60 Койкадан артық емес

7. Көпсалалы аурухананың 120 койкалы хирургия бөлімшесі бас ғимараттың жоғары қабатында орналасқан. Ауруханаішілік инфекцияның алдын алу бойынша қандай санитарлық-эпидемиологиялық шара жүргізу қажет?

  1. желдету жүйесінің жұмысын ұтымды ұйымдастыру

  2. санитарлық-ағарту жұмыстарын

  3. қабаттар бойынша ұтымды орналастыру

  4. ламинарлық қондырғыларды ұйымдастыру

  5. қызметкерлер мен науқастар ағымын оңтайландыру

8. 7 жылдық жұмыс өтілі бар дәріхана ораушысы 2 жылдық өтілі бар жұмысшыға қарағанда екі есе жылдам және өнімді еңбек атқарады. Бұл динамикалық стереотиптің қалыптасуымен байланысты. Шартты рефлекстік байланыстардың пайда болуының бірінші фазасы немен сипатталады?

  1. бас ми қыртысының жауапты бөлімдеріне қозудың таралуымен

  2. бас ми қыртысының нақты осы жұмысқа жауапты болмайтын әр түрлі бөлімдерінің қозуымен

  3. шартты рефлекторлық байланыстардың пайда болуы және бекуімен

  4. бас ми қыртысында қозу және тежелу процестер қатынасының теңдеп бөлінуімен

  5. афференттіден эфференттіге дейінгі синтез процестерінің бірігуімен

9. Медициналық тексеріс кезінде компьютерлік орталықтың жұмысшылары жиі бастарының ауруына, іңірлік көруінің нашарлауына шағым айтты. ЖК жұмыс істеу кезінде еңбек жағдайын жақсарту үшін қандай ұсыныс бересіз?

  1. оператор мен ЖК арасында қорғасыннан жасалған қорғаныш экрандарын орналастыру

  2. ЖК-ң сәулелену интенсивтілігін төмендету

  3. ЖК үзіліссіз жұмыс істеу уақытын шектеу

  4. ЖК берілетін ток көзінің қуатын азайту

  5. ЖК мен опертор арасында ауа ағынын ұйымдастыру

10. Тамақтан улануды тергеу кезінде бактериологиялық зерттеуге күдікті тағам қалдықтары, науқастың нәжісі жіберілді. Барлық сынамаларда (ЭПКП) E. сoli ішек таяқшасы анықталды. Қандай алиментералық ауру орын алып отыр?

  1. стафилококкты токсикоз.

  2. тағамдық токсикоинфекция.

  3. ішек инфекциясы.

  4. микотоксикоз.

  5. ботулизм.

  • Блок 2. Бұл блокта 1 тапсырма шешуге тиісті, әр дұрыс жауап – 50% /

  • В данном блоке необходимо решить 1 задачу, правильный ответ - 50%

3 мектептің 7-інші сынып оқушыларының арасында кезекті медициналық профилактикалық зерттеу өткізілді. 12 жастағы Ш. атты қыз баланың антропометриялық көрсеткіштері: бойының ұзындығы 164 см, дене салмағы – 35 кг, кеуде клеткасының аумағы– 57 см, тұрақты тістерінің саны -17, екінші жыныстық белгілерінің даму дәрежесі Ах0, Р0, Ма0. Субъективті шағымдары төмендегідей: аз ғана жүктеме түскеннің өзінде тез шаршайды, басы жиі ауырады. Соңғы бір жылдың ішінде бес рет ауырған (2 рет жедел респираторлық инфекциямен, баспа, жел шешегі және тамақтан ұшыну).

Тапсырма: баланың дене дамуын кешенді бағалаңыз және денсаулық тобын анықтаңыз.

Келесі сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Балалар мен жасөспірімдердің дене дамуын зерделеу әдістеріне сипаттама беріңіз?

2. Денсаулық топтарын көрсетіңіз және анықтама беріңіз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]