Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
askazan.docx
Скачиваний:
123
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
1.25 Mб
Скачать

Асқазан рагының гистологиялық құрылысы

Гистологиялық құрылысы жөнінен асқазан рагы, пайда болуына қарай былайша бөлінеді:

  1. безді ( аденокарцинома),

  2. коллоидты

  3. тәнді (солидты),

  4. жайылма клеткалы,

  5. пісіп-жетілмеген,

  6. жіктелуге келмейтін түрі болып бөлінеді

Осылардың ішінде жиі кездесетіні аденокарцинома. Оның ұлпасындағы ісік клеткаларының жіктелуі әртүрлі даму дәрежесінде болып кездеседі. Жетілген безді рак түрі экзофитті ракқа сәйкес келеді. Ісік клеткалары жіктелмей, пісіп жетілмеген, тәнді және тінді рактар эндофитті асқазан рагында кездесіп, өте қатерлі жүреді.

Бұлардың бәрі ісіктің пайда болу механизміне және сақтандыру шараларына қатысы жоқ. Ал, сақтану жолдарына және пайда болу механизміне тікелей ықпалын тигізетін әрекеттерге сәйкес асқазан рагы екі түрлі келеді:

  • интестинальды – түйінді,

  • жайылмалы рак

Енді морфологиялық құрылысы жөнінен және биохимиялық ерекшеліктеріне қарағанда интестинальды рактың мынадай өзгешеліктері бар.

Олар:

  1. көбінде атрофиялық (сему) гастриттен кейін пайда болады,

  2. тамаққа және қоршаған ортаға байланыстылығы шамалы келеді,

  3. аурушаңдық көрсеткіші тым жоғары жерлерде жиі анықталынады,

  4. еркектердің егде жасында кездесуі,

  5. асқазанның кардий және антрум бөлімдерін жарақаттайды,

  6. тұқым қуаламайды және қан топтарына (ІІ-А) қатысы жоқ.

Ісік айналасы өзгерген шырышты клеткалы қабыршықтарға өте бай келеді және бұлар ішекке ұқсамайды, ал жайылмалы ракта, асқазан шырышты қабатының эпителийі ішектікіне ұқсас болады. Оның клеткалары микроскоп көзінде - сақина тәріздес, басқалардан басым болып, біркелкі жайылып көрінеді.

Олардың ерекшеліктері:

  1. интестинальды рак сияқты жиі кездеспейді – сирек тіркеледі,

  2. ішектің шырышты қабыршығына ұқсас келеді,

  3. жайылмалы өседі, жиі жараланады,

  4. тамаққа және сырты ортаға байланыссыз жүреді,

  5. жас адамдарда жиі болады,

  6. еркектерді де, әйелдерді де бірдей зақымдайды,

  7. тұқым қуалайды,

  8. аурулардың көбісінде ІІА қан тобы байқалады.

Асқазан рагы негізінде лимфа мен қан тамыр жүйесі арқылы және тікелей жанаспалы жолмен, айналасындағы сау ұлпаларға көшеді. Сонымен бұларға қоса, ол асқазанның шырышты қабатының астымен жоғары қарай өрбиді. Міне, осындай ерекшеліктерінің арқасында, асқазан рагының эндофитті ісіктері, оның көзге көрініп тұрған түйін шекарасынан тыс, 7-8 см-ге дейін жерге таралады; ал экзофитті ісіктерде – 2-3 см-ден аспайды. Асқазан рагының кардий бөліміндегі ісік, оның ішкі қуысына және өңешке қарай таралады, ал ісіктің ұлтабарға қарай өсуі, тек асқынған ракта ғана кездеседі.

Кіші иіндегі рак кіші шарбы; тіпті, бауырдың сол жақ бөліміне, ұйқы безіне, ішкі лимфа бездеріне шейін тарауы мүмкін. Ал үлкен иін аймағындағы ісік, тоқ ішектің көлденең бөліміне, үлкен шарбы майына және асқазан-ішек байланыстарына, ұйқы безіне бөгелме ісік береді. Сирек жағдайда кардий бөлігіндегі рак, көк етті қоса зақымдайды. Осыған байланысты, зақымданған көршілес мүшелерде, соларға тән қосымша белгілер пайда болады. Дегенмен, бұл зақымданулар радикальды емге кедергі болмайды, бірақ болжамды нашарлатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]