Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
askazan.docx
Скачиваний:
123
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
1.25 Mб
Скачать

Өңеш ұшымен ішек қабырғасы арасына салу (а), Ру бойынша көлденең эзофагоеюноанастомоз (механикалық тігіс пкс аппаратымен) ішек аралық анастомозбен.

№20- сурет. Вертикальды (тік) эзофагогастроанастомоз - өңеш ұшын асқазан қырына қолмен тігіс салу жолдары, Федоров қысқышымен өңешті анастомоз салып біткенше қысып тұру (а,г)

№21- сурет. Гастроеюнодуоденопластика жасау жолдары

Асқазан рагын емдеу жолдарының нәтижелері

Асқазанға радикальды операция І- өсу сатысында жасалынса, онда науқастың бес жылдық өмір сүру көрсеткіші 87-100% жетеді, ал ІІ- өсу сатысында – 70-80,0%, ал ІІІ –сатысында 20,0% тең болады.

Лимфа бездерінде бөгелме ісік жоқ болса, онда операциядан кейін 50-60,0% адамдар бес жыл өмір сүреді, ал бөгелме ісік болса, бұл көрсеткіш (10-20,0%) үш есе төмендейді. Жалпы эндофитті ракта және ісік мүшенің сыртына шығып кетсе, асқазанның жоғарғы бөліктерінде орналасса емдік нәтиже төмендейді. Қосарлы операциялардан кейін - 20-30,0%-дай емдік нәтижеге жетуге болады.

Асқазан рагының асқынған түрінде науқастың орташа өмір сүруі 4-5 айға жетеді. Химиотерапиялық әдістен кейін 15-40,0% ауруларда олардың өмірін, 10-12 айға созуға болады. Ал кейбір кездерде, ісікке паллиативті операция жасалып, химиотерапия қолданса, бұл мерзім 2-3 жылға жетуі мүмкін.

Асқазан рагымен ауырған адамдардың еңбекке жарамдылығы мен реабилитациясы

Еңбекке жарамдылық науқас ісігінің өсу сатысына және ем жүргізілген кездегі оның жағдайына байланысты. Радикалды операция жасалғандар 2- немесе 3- мүгедектік топқа жатады, сөйтіп олар 1-2 жылдан кейін қайтадан комиссиядан өтеді. Ал енді бөгелме ісіктер пайда болып, ісік қайта өссе (рецидив), оларға І- топтық мүгедектік беріледі.

Химиотерапия алатындар, ем кезінде ешқандай еңбекке жарамайды. Егер бөгелме ісіктер жоқ болса, ісік қайта өспесе, онда басқарушы қызметте, немесе есеп-санақ, ой жұмыстарында істей алады. Ыстық цехтарда жұмыс істеу, ауыр физикалық жұмыстарды орындау қарсы көрсеткіш болып есептеледі.

Диспансерлік бақылау. Бірінші жылдың ішінде әр үш айда бір рет, екінші жылда әр алты айда, үшінші жылдан бастап, әр жылда бір рет диспансерлік тексеру қажет (ультрадыбысқа, рентгенге түсіру).

Санаторлы - курортты емді –науқастың хал-жағдайы жақсы болып, ауру болжамы дұрыс болған жағдайларда, жергілікті жерлерде жүргізуге болады. Бірақ, барлық физиотерапиялық емдер қарсы көрсеткіш болып саналады.

Сабақ қорытындысы:

  1. Қазақстанда жиілігі бойынша жалпы және ер адамдарда асқазан рагы екінші, ал әйелдерде - төртінші орында түр.

  2. Қазақстан бойынша орташа асқазан рагының аурушаңдық көрсеткіші 18,3%ооо .

  3. Асқазан рагының ең жоғарғы аурушаңдық көрсеткіші Қазақстанның Шығыс (24,6%ооо), Орталық (21,8%ооо) және Солтүстік (16,8%ооо) өңірінде және Алматы (19,2%ооо) мен Астана (19,0%ооо) қалаларында анықталса, ең төменгі көрсеткіші Оңтүстік аймақта (14,4%ооо) тіркелген.

  4. Асқазан ісік алды ауруларына - созылмалы семіген гастрит, шырышты қабатындағы түймешік және түймешіктер, асқазан созылмалы ойық жарасы және Менетрье ауруы мен пернициозды қан аздық, оған қоса асқазан резекциясынан кейінгі созылмалы гастриттер жатады.

  5. Ісік ауруын туғызатын себептердің бірі Helicobacter Pylori, және де әр түрлі тағаммен бірге түсетін канцерогендік заттар мен нитрозаминдер,

  6. Ішкі канцерогендер - екіншілік өт қышқылы,

  7. Арақтың, ас тұзының артық мөлшерде асқазанда болуы,

  8. Жайылмалы асқазан рагында тамақтың қатысы зор, әсіресе, ондағы канцерогендік заттардың ықпалы шешуші рөл атқарады. Ұлтабардан өт қышқылының асқазанға түсуі ісіктің бұл түрінде әсері зор,

  9. Эндофитті өніп-өсетін ісіктер, экзофитті түріне қарағанда ерте, жиі және тез бөгелме ісіктер береді; ісіктің бұл түрі емдеуге қолайсыз келеді,

  10. Қауіп-қатерлі топтағы адамдарды анықтап, оларды бақылау, асқазан рагын болдырмау шараларының бірі болып саналады.

  11. Асқазан рагының белгілері өте көп және олар бұл мүшедегі бірқатар ауруларға ұқсас келеді

  12. Асқазан рагын ең тиімді анықтау жолдарына рентгенологиялық және эндоскопиялық әдістер жатады.;

  13. Эндоскопиялық тексеру кезінде тек қана көзбен көріп қана қоймай гистологиялық зерттеу үшін материал (биопсия) алуға болады.

  14. Асқазан рагының толық емделу жолы тек хирургиялық әдіс – субтотальды реакция мен гастроэктомия жатады.

  15. Химиотерапия уақытша емдік нәтиже береді,

  16. Асқазан рагымен аурған науқастың 5 жылдық өмір сүру көрсеткіші І- сатысында 87-100,0% жетсе, ІІ –сатысында 70-80,0% болып, ал ІІІ- сатысында - 20,0%-дан аспайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]